Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы



бет71/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   81
Байланысты:
Педагогика тарихы л.с

Елена Паркхерст (1887-1973)
Американ педагогы Елена Паркхерст өзінің барлық ғұмырын тәрбие бостандығы идеясына арнады.Оның есімі мектепте оқытудың Дальтон-жоспары әдісін ұйымдастыру мен тығыз байланысты.
Е.Паркхерст 1887 жылы АҚШ-тың Висконсин штатындағы Дьюранд қалашығында дүниеге келген.1904 жылы орта мектепті аяқтағаннан кейін өзініңі қызмет жолын ауыл мектебінде мұғалімдіктен бастады.Содан кейін мемлекеттік Висконс мұғалімдер колледжіне түсіп,1907 жылы дипломдық жұмысын атақты Колумбия университетінде қорғап нәтижесінде ол бакалавр дәрежесі атағына ие болды.Е.Паркхерст өзінің білімін Еуроапның Мюнхен және Рим университеттерінде жалғастырды.Римде ол Мария Монтессоримен кездеседі,бұл кездесі оның өміріне жаңа бетбұрыстар әкелді.
Одан соң Е.Паркхерст 1911-1915 жылдар аралығында педагогикалық колледжде алдымен Такомаеда соданс соң өзінің туған жері Дьюранд қаласында сабақ береді.
Осы кезде ол мектептегі оқу жұмысының лабараториялық жоспарын жасады,оны тек 8 жылдан кейін ғана Дальтон мектептерінің бірінде қолдануға мүмкіндік туындады.
Е.Паркхерст М.Монтессоримен тығыз қарым-қатынас жасады,іс жүзінде,1917-1918 жылдар аралығында М.Монтессоридің Нью-Йорктағы оқытушылар даярлайтын колледжін басқара отырып оның АҚШ-тағы ресми өкілі болды.
1918 ж. Массачусетс штатындағы кішкентай қалашық Далтонның бір метептерінде алғаш рет лабараториялық жоспар қолданылды тжәне сол уақыттан бастап «Дальтон жоспар» деген атаққа ие болды.Дальтон жоспары Е. Паркхерстің өзі басқарған Нью-Йорктегі жеке меншік мектепте 1920 жылдан бастап тиімді жүргізілді және 1942 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін осы мектептің директоры болып қызмет атқарды. «Дальтон-жоспарының» негізінде оқушылар білім беру бағдарламасын тез әрі жақсы игеру үшін олардың осы пәнге деген қызығушылығының болуы және оны өз қозғалыс дәрежесінде қабылдауды қажет деген тұжырым жасалды.Мектеп оқушылары сыныптарға месе, «лабораториялық бригадаларға» бөлінді,олардың әрқайсысы белгілі бір уақыт аралығында берілген оқу материалдарын үйренуге мектеп басшылығымен әр ай сайын келісім шартқа отырды,соңынан берілген уақыттың мерзімі аяқталу кезеңінде бригада орындалған жұмыстары туралы есеп берді.Бір келісім шарт аяқталғаннан кейін бригада құрамы қайта жинақталуы мүмкін.Мектеп оқушылары сыныптарға месе олар өз бетімен немесе бригада болып өздерінің жұмыфстарын орындау үшін алдымен лаборатория жүйесіне жинайтын соңында есеп берді.
Жүйенің қиындығына қарамастан орындалған жұмыстарды есепке алу барысында оқытудың тиімділігі артқанымен тәрбиелік маңызын оқу тапсырмаларын орындауы мен мәселені қоюға байланысты бағалау қиын.1922 жылы Е.Паркхерст «Дальтон-жоспары» тақырыбында осы жоспар бойынша оқыту еңбегңн жариялайды,оның бұл жұмысы оны және оның жүйесін әлемге танытты.Кітап көптеген тілдерде аударылып бірнеше рет қайтадан басып шығарылды.Нәтижесінде 1928 жылы Голландияда Дальтон-жоспары бойынша лағшқы еуропалық мектеп ашылды,оның артынша осындай мектептер Еуропаның барлық елдерінде де ашыла бастады.Қазіргі уақытта әлемде Дальтон-жоспары бойынша жұмыс істейтін 1000-ға жуық мектептер баар.
1942 жылы Е.Паркхерст мектеп директоры қызметін тастап Йельск университетінде магистрлік диссертациясын қорғады және өмірінің соңына дейін тәрбиенің бостандыңғы туралы идеяның кең таралуы,балаға және оның көзқарасына құрметпен қарау ,балалық шақта өзін-өзі бағалауды мойындау мәселесімен айналысты.Ол телеарна мен радиода атақты педагогикалық бағдарламалар мен көрсетілімдерді жүргізді және әр түрлі конференциялар мен съездерде баяндамалар жасады.
Е.Паркхерст 1973 жылы Кеңестік кезеңде жарық көрген «Дальтон – жоспары» бойынша оқыту мен тәрбиелеу тақырыбындағы орта мектептер жүйесінде кеңінен қолданылған еңбегін ұсынып отырмыз.Орыс тіліне аударлыған да осы еңбек қана болатын.
Дальтон Жоспары бойынша оқыту мен тәрбиелеу
Жоспардың ұстанымдық негіздемесі
Егер жаңа менктеп типтері жеке тәжірибені басшылыққа алса ескі мектептер мәдениетті ( «дайын тәжірибе» ) жүзеге асырудың құралы болып табылады.
Дальтондық Лабораториялық Жоспар осы екі ағымды қосатын ескі және жаңа мектептің міндетін шешуге көмектесетін жол болып табылады.
Мәдени жетістіктермен танысу мектептер мойындауға тиіс өмірдің өзінің маңызды элементі болып табылатын тәжірибенің бір түрі.Мұның барлығы әрбір тұлғаның даму еркіндігі негізгі ерекшелік болып табылатын қоғам ретінлде қызмет ететін мектеп болғанда ғана мүмкін болмақ.Еркіндіктің үлгі тұтар түрі ол жүгенсіздік немесе тәртіпсіздік емес.
Еркіндіктің идеалды формасы ол бұл баланы өз еркімен жіберу немесе тәртіпсчіздік емес. «Ойына не келсе соны жасайтын бала»,ол жәй нәрсе емес.Кеірісінше ол өқоғамдықөмір сүруге өте қабілетсіз болып теріс әрееттердің құлы болып қатігездлікке өзімшілдікке тез беріледі.
Балаға жауапкершілікті үйлесімді даму мен өз күш қуатын қолдануға жағдай жасау керек, өйткені ол өзі сияқтылармен бірге өмірсүруге саналы аяқ басуы тиіс.Дальтондық Лабораториялық Жоспар балаға мораль.ақыл-ой еркіндігін береді,ол өз кезегінде баланың өмір сүруінде маңызды рөл атқарады және бұл оның тән саулығын жақсартады.Сондықтан да еркіндік Дальтондық Лабороториялық Жоспардың негізі болып табылады.Балаға қандай да бір пәнді үздіксіз толық меңгертумен айналысу үшін,толық еркіндік қажет және ол соған қызығушылық танытса жұмыс үдерісі барысында ол барлық қиындықтарды жеңе алатын,қиындыққтарға төзе алатын болады.
Жаңа жоспар бойынша балаға нұсқау беріп,қоңырау соғу жоқ,яғни оған өзін қызықтырып отырған нәрсені тастап,басқа пәнді немесе келесі мұғалімді таңда деген нұсқау жоқ.Бұл баланың күш қуатын құр бос жұмсалуынан сақтайды.Күнделікті пәндердің шартты ауысуы көп уақыт пен күш жоғалтады,сондықтан тиімді емес.Қазіргі кезде балғабілімді өз қозғалысына қарай меңгеру мүмкіндігі берілмеген,ол ешнәрсені ешқашан жеткілікті түрде игермеген.Яғни еркіндік-баланың өзіндік қозғалысы.Басқа біреудің қозғалысын қайталау,ол үшін құлдықпен тең.
Дальтондық лабороториялық жоспардың негізін қалаған екінші қағида,кооперация немесе мен өзім атағандай топ өміріндегі қарым-қатынас.Доктор Джон Дьюидің «Демократия және тәрбие» атты кітабынан үзінді алсақ,бұл сөздің мағынасын керемет түсіндіріп берген. «Демократиялық тәрбиенің міндеті-дейді ол,бұл тек еқана жеке адамды өзөміріне қатысушы зиялы топтардың емес,сонысмен қатар әр түрлі қоғамдық топтардың арасында тұрақты өзара қарым-қатынасына ықпал еті болып табылады».
Ескі педагогикалық жүйе бойынша оқушы өз уақытының басым бөлігін өз тобында өткізбейді,өзінің құрдастарымен тек бір ғана менктеп бағдарламасы деп аталатын ақыл-ой жолында түйісуге міндетті болады.
Мұың салдарынан балақоғамға қарсы болуға бейімделіп,бұл қасиет мектепті аяқтағанана кейін де оған сіңісті болып кетеді.Мұндай оқушы өз сыныбының «зиялы қатысушысы»болуы да мүмкін.Бірақ демокраиялық тәрбие басқа да көп нәрселерді қажет етеді.Нағыз әлеуметтік өмір-бұл адамдардың өзара қарым-қатынасы емес,ол-кооперация және өзара қарым-қатынас жасау.мектеп қоғамдықөмірдің нәтижесі-әлеуметтік тәжірибесі-егер оның барлық бөліктері немесе топтары жекелеген адамдармен бірге тұтас халықтарды да мектептен тыс жерде байланыстыратын жақын қарым-қатынаста,өзара тәуелділікте болса ғңана жүзеге асыра алады.
Двльтондық Лаборториялық Жоспар,оқушының қоғамдық топтың бір мүшесі ретінде еріксіз іс-әрекеттер жасауына жағдай туғызады.Ол осы қоғамдық топқа қабылданады немесе іс-әрекеттің қоғамдық болу,болмауына байланысты одан алсататылады.Бұлзаң мектепте жэәне үлкендер ортасында да осылайша жүзеге асырылады.Заңның қолданыста болуы үшін сырттан жүктелмеуі,яғни смырттан нұсқау берілмеуітиіс,ол қоғамдық бірлестіктер өмір сүріп отырған қоғамның өзінде туындаған жазылмаған кодекс.
Қоғамдағы өмірдің құнылығы,әрбір жеке адамның осы қоғамның мүшесі ретінде,барлық нәрсеге жауапты әріптес екендігін түсінуінде.
Бұл мектеп өмірінің маңызды мәселесі.мектеп өмірі,оқушыны да,мұғалімді де сырт қалдырмайтындай ұйымдастырылуға және әркім өзінің үлесін қосып,барлық іс-шараға белсенділік танытуы тиіс.кейбір мұғалімдер оқушының жеке іс-әрекетіне шекетеу қойып,қаталдық көрсетіп беделге ие болуға тырысапды.Дальтондық Лабораториялық Жоспар бойынша жасанды беделге ие болуға жол берілмейді.
Оқушылардың көзқарасы бойынша ереже мен нұсқауларға бағынған балада әлеуметтік өзіндік сана дами алдмайды,бұл әлеуметтік тәжірибе үлкен өмірге даярлық.Білімді меңгеру бойынша ескі мектептер әлеуметтік тәрбие аумағында маңызды рол атқарады.Бала ешқашан өзі түсінбешген нәрсені өз еркімен жасауға тырыспайды.Баланың таңдаған ойыны мен әрееті,оның жоғары ләззат алатын жеке мүмкіндіктерінің бағасы.Балаға таңдау құқының берілуі,оның жауапкершілігін арттырыпоның ақыл-ойы микроскоп ретінде жұмыс жасайды,ол мәселені аяғына дейін жеткізу үшін жан-жақты зерттеп,таразылайды.Осындай еркін жағдайдың өзінде мектептегі сабақ барымсында баланың ақыл-ойы дәл осылай жұмыс жасайжы.
Дальтондық Лабороториялық Жоспар мақсатталаған идеалды көздей отырып,балалардың алдына соған жете алатын нақты міндеттер қояды.Ары қарай бала өзінің әрекеттері әдістеріарқылы мәселені шешудің жолын қарастырады.Жұмыстың нәтижесіне жэауапкершілік баланың интеллектуалдық әлеуеттік күшін дамытып қана қоймай,сонымен қатар оның мінез құлқын,ойлау қабілетін де дамытады.Бірақ бұл тәрбиелік үдерісті орындау үшін,баланың өзін өзі тәрбиелей алатыдай қойылған міндеттер мен толықтай танысуына мүмкіндік берілуі тиіс.Жарыста қайда бару керектігін кім білсе сол жеңіп шығады.Сондықтан да оқу жылының басында оқушылар 12 айлық жұмыстың көлемі және мазмұны мен таныстырылуы қажет.Ол оның оқуы барасында жасалған жоспарын талдай алуына көмек ебереді.Сонда ғана көз жұмып алғап жылжымай ол өзінің қандай жолдды таңдау кректігін ай сайын апта сайын не істейтінін және барлық жұмысты қалай атқаратыын білетін болады.
Бала өзінің жасайтын жұмысының мақсаты және қолданатын құралдыһарын білмей жатып оны орындауға қалайша қызығушылық танытпақ?Педагог қалайша баланың психологиясын зерттемей нәтиже күтеді?Оқытушы мен оқушы үшін де жұмысты толық қамту маңызды.Тәрбиелеу мен оқыту шындығына келгенде ұжымдық іс.Мұғалімнің және оқушының жетсітігі немесе керісінше нәтижеге қол жеткізе алмауы өзара тікелей байланысты.
Балалар дәл ересектер сияқты (егер біз осыған сенер болсақ) қойылған мақсатқа жетудің жолын іздейді.Қалай ойлайсыздар,егер балаға дальтондық жоспардағыдай кез келген жұмысқа жауапкершілік жүктегенде ол не істейді?Әрине жұмысты орындаудың ең жақсы әдісін табуға тырысады.
Ол жоспарды таңдап соған сай әрекет етеді.Егер оның сызбасы мақсатқа сай болмаса басқасын жүзеге асыруға тырысады.Келе-келе ол дәл осындай жұмыспен айнвалысып жүрген достарымен кеңесудің тиімділігін түсінеді.Бірігіп мәселдені талдау,өзінің ойын,әрекет ету жоспарын түсінуге көмектеседі.Аяқталған жұмыс-жетсітіктің дәлелі.Оған баланың не ойлағаны сезінгені және жұмыс барысындағы күйзелістері жатады.Бұл шынайы тәжірибе.Сонымен қатар бұл жеке даму мен ұжымдық қарым қатынас үдерісіндегі мәдениетті игеру болып табылады.Осылайша мектеп өмірге аайналады.
Дальтондық Лабораториялық Жоспар баланың өз уақытын қажетіне қарай жұмсауды,бөлуді үйретеді.
«Тәрбиенің сыры-дейді Эмерсон,-оқушыларға деген құрмет».Оның не істеу және нені білу керектігін сіздер таңдауға тиіс емесссіздер.Ол таңдалынып анықталып қойған,оның сырының кілтін бала өзі сақтайды.Сіздің қысымыңыз үнемі нұсқау беруіңіз,жөнсіз араласуыңыз оны жолдан тайдыруы мүмкін.Шыдамдылық көрсетіп табиғаттың жаңа жасамапаздығын күтіңіз.Табиғат ұқсастықты жақсы көреді,бірақ қайталауды емес.Баланы құрметтеңіздер!Өзіңіздің үлкендігіңізбен басымшылдық көрсетпеңіз.Бірақ оның жалғыздығына жол бермеңіз.
Қысқасын айтқанда Дальтондық Лабораториялық Жоспарыдың міндеті-синтез.Ол мектептің тұтсатық тұрғыда қоғамдық бірлік ретінде қызмет етуінің қол жетімді жеңіл амалдарын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет