Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы



бет72/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   81
Карл Роджерс (1902-1987)
Гуманистік педагогика мен психологияның негізін қалаушы.
Ол 1902 жылы 8-қаңтарда дүниеге келген.Оның отбасында алты бала болады.Карл-төртінші бала.Ол ұялшақ және жасқаншақ бала болып өсті.Оның сүйікті ісі-оқу еді.Роджерс ауыл шаруашылығын меңгеру мақсатында колледжде оқыды,екі жылдан кейін діни оқуға бет бұрды.Ол христиан дінін қабылдады.Кейіннен теологиялық семинарияда білімін жалғастырды.
Батсытағы сапарынан кейін ол психологияға қызыға бастады.Роджерс сырттай психология курстарын Винсконсинск университетінде оқыды.Кейін Колумбиялық университетке қарасты педагогикалық колледжде білімін шыңдай түсті.Тұлға деген құрылымда ол мен үшін орныққан қоршаған ортамен қарым-қатынас ең тиімді деген-ді.
1945жылы Чикагоның университетінде өзінің жеке кеңес беру орталығын ашады.
Оның ең танмалы кітабы- «Тұлғаның қалыптасуы» ( «Становление личности»).
1969 жылдан бастап адам тұлғасын зерттеу орталығында қызмет атқарды.
К.Роджерс 16 кітап,200-дей мақала жазған,оның жұмыстары 60 шет тілдеріне аударылған.
Мұғалім болсам,өзіме қандай сұрақтар қояр едім
Маған гуманистік психология саласы атынан әдетте «дарынды», «икемді» балаларға берілетін білімінің сапасы жайлы баяндама оқуға ұсыныс жпасады.
Алайда менің ойымша бүгінгі тайтар ойым барлық балаларға қатысты болмақ.Мен әр баланың бойында әлі ашылмаған шығармашылық мүмкіншіліктердің бар екендігіне сенімдімін.Шындығында осында отырғандар жолы болғыш ұстаздар,себебі олардың шәкіртерінің бойындағы оқуға деген ынталары өзге балалардан да жоғары.
Мен көтеріп отырған мәселе жайлы маңызды тұыжырым айтатындардыңқатарына жатпаймын.ешқашан мектеп мұғалімі болып көрмегенмін,бірақ аз уақыт университетте студенттермен жұмыс жасағанмын.
Соған қарамастан егер мен дарынды ең қарапайым балалардң мұғалімі болсам өз-өзіме қандай сұрақтар қоятынымды ұсынып отырмын.
Бірінші сұрақ: «Бағдарламадан тыс» өз бетімсен оқитын бала қандай бала?Бұл менің балаларға бармас бұрын өзіме қоятын алғашқы сұрағым.Осы кезде балалық шағымның елесі көзімнің алдында зымырап өткендей болады.Егер маған мектепте оқу мүмкіндігін тағы бір рет берсе мен оқуға шығармашылық жағынан қарар едім.Күндердің күнінде мен он үш жасымда түнгі көбелек жайлы кітапқа кезіктім.Сол сәтте жасыл қанатты қызыл түспен жүргізілгендей бір ғажап түнгі көбелекке назарымды аудардым.Мен әлі күнге дейін сол бала кездегі алған әсерден болар,оны сол күйінде елестетемін,сөз жетпес ғажап түнгі көбелекке назарымды аудардым.Мен әлі күнге дейін сол бала кездегі алған әсерден болар оны сол күйінде елесетемін,сөз жетпес ғажап лаванда гүлінің түсіндей ерекше жолақтарымен жасыл алтындай жарқырайды.Таң қалдым.Бір қорапшаны таптымда осы көбелекеке үй жасай бастадым.Түнгі көбелектер отьасы кішкене жұмыртқаларды басып шығарды,ал мен кішкене құрттарды тамақтандыра бастадым.уақыт өте оларға күтім жасауды да үйрендім,түнгі көбелектердің бүкіл үрім-бұтақтарын өсірдімү.Ғажап нәрсені үйрендім.Көз алдымда олардың тырнақтай өлшемдегі қанаттары-5-7 дюймға дейін жетті.Бұл өте тамаша ғажап еді.Ешкімнің мәжбүрлеуінсіз өзімнің қалауыммен жасалған ауыр жұмыс еді.Күнде мен өімнің жәндіктерімен әр түрлі ағаш сорттарының жапырақтарын теріп ұзақ қыс бойы жібек құрттарды да бақтым.
Ең бастысы:мен мұғалімдерге ешқашан өзімнің әуестігім жайлы тіс жармадым.Жиналған білім мен тәжірибе мен алуға тиісті білім емес еді.Білім деп мектеп қабырғасындағы білімді айтуға болады.Мені қызықтырған бұл іс мұғалімдерге қызық емесболатын.Бұл сала бойынша мен көп сұрақтарға жауаптарды білдім,бірақ мен оларды емес олар маған білім беруі тиіс еді.мектепте маған бірнеше мұғалім ұнайтын бірақ мені қызықтыратын әлем теке маған тән болғандықтан мұғалім мен менің арамызда ол жайлы әңгіме болған емес.
Ол бала нашар оқи ма жоқ озат оқушы ма өз бетімен оқу ол дара:қыздар мен ұл балаларда бірдей болмайды.Мен сол баланың жанарымен өзі қызықтап жүрген әлемге қарауға ұмтылар едім.Менің қолымнан келетін күштің кішкене үлесі рретінде мектепті әр бала өз әлемінің білімін енгізе алатын татулыққа толы шаңыраққа айналдырар едім
Екінші сұрақ.Мен оқушыларымнан шынайы келбетім мен болмысымды жасырмай олапрдың алдында көп нәрсені білмейтін қателіктер жасайтын,әрдайым ізденіс үстінде жүретін адам ретінде көріне алар ма едім?Тәуекелге бел буып мұндай әрекетке барар ма едімол әрекет маған не берер еді?
Иә,осындай әрекетке қатер бар.Түсінікті болу үшін мысалдар келтірейін.Бір фильмге мұғалім,нашақор бала,тәртіп сақшысы түсті.Түсірілім шынайы өмірден алынып.психотерапевтік топта болған жағдайдан алынды.Жұмыс аяқталғаннан кейін осы топтың бір мүшесі фильмдегі қатынастьардың сондай тартымдылығы мен әр кейіпкер өмірінің шынайылығы жағымды әсер бергендігінен өз лебізін білдірді: «Мен мұғалім,тәртіп сақшысы,нашақордың өз арманы,үміт мақсаттары мен өздерінің әлемдері бар екенін білмеппін!»-деп өз сөзін аяқтайды.
Біз бір мединицалық мекемеде ізгілендіруден өндірістік қарым-қатынасқа байланысты зерттеу жұмыстарын жүргіздік.Мұнда да сондай қорытынды өз жалғасын тапты.Осыдан біздің басшыларымыздың:факультет деканының,факультет кеңесі мүшелерінің біз сияқты адамдар екенін түсіндік .Ол кезде бұл оқиға бізді таң қалдырды.Кейіннен зерттеу жұмыстары колледждерде өз жалғасын тапты.
Үшінші сұрақ.Менің оқушыларым неге қызығады?Менің ойымша оқушы неге қызығатынын білу қиын емес.Бұл сұраққа жауапты тікелей оладың өздерінен сұрап ең жанама түрде өзгелерден білуге болады.Бірақ ең тиімді жолы қарым-қатынас барысында оқушылармен шынайылық пен сенімділік үйлесімділікте болу,сонда олар қызығушылықтары жөнінде өздері-ақ сыр бөліседі.Мектепте жазған шығармамның тұсына мұғалім «Неге,Карл?» деген сұрақ жазып,мені әңгімеге тартқысы келген.Осы мысал арқылы мұғалімдердің оқушыларға көп сұрақ қоюының себебін білуге болады.Шәкірті мұны қалай қабылдайды?
Төртінші сұрақ.Баланың оқуға деген құштарлығын қалай қолдап,сақтап қалуға болады?
Мектептегі берілетін білімнің сапасына байланысты көп балаларда білімге деген құштарлықтары жоғалады.Бұл мектептің тигізетін кері әсері.
Калифорниялық университеттің ректоры бір күні талапкерлерді қабылдау кезінде олардың бойында тек білімге деген құштарлығын байқап оқуға алар едім деген ойын білдіреді.
Бес жастағы бала шетелге барып,ортаға бейімделіп,қарым-қатынас барысында тілді игеріп, өзін еркін сезінеді.Шәкірттердің өзі оқытылған пәнге қызығушылық танытты.Осындай студкенттер жұмыстарының жоғарғы сапада орындалу сияқты құбылыстар бұрын-соңды болмаған.Үздік жұмыстардың легі:баяндамалар,хаттамалар,зерттеу жұмыстары мен жбаларға толы болды.Осындай білімге деген құлшыныс басқа топтарға да әсерін тигізді.бұған студенттердің берген пәнге деген мадақ сөздері мен бағалары дәлел.Бірақ пәндер оқытылып біткеннен кейінгі түлектердің пікірлері қуантарлық жайт. «Оқу барысында мен көп нәрсені меңгере алмадым.Ол менің қателігім»,-деп өкінгендерде бар.
Бесінші сұрақ.Оқушыларды қажетті,қызықты,барлық талғамдарға сай келетін деректермен қалай қамтамасыз етуге болады?
Бұл миұғалімні сабаққа дайындалу кезінде уақытының 90пайызын құрайтын өзекті мәселе.Меніңше балаларды оқытту маңызды емес,бала өз еркімен білімге ұмтылып,сол алғанын көңілге тоқып,содан ләззат алуы тиіс.
Менің балам дәрігер.Неге? Балам жоғарғы сынып оқушысы болған кезде мектептен оларға бір мамандықта таңдап,оны таңдап қана қоймай,екі иапта сонда тәжірибе өтіп машықтануға бұйрыө келді.
Балам бір дәрігердіңт көңілін аулап дәрігер күнде жасөспірімді палаталарға операциялық бөлімдерге бірге алып барып жүрді.Дейв қысқа уақытта осы тәжірибелік күндерге сонша қызығып өзінің өмір бойғы мамандығы етіп таңдады.Оған бір адам көмектесті,мен де сол адамның орнында болғым келеді.
Алтыншы сұрақ.Менің оқушыларымның шығармашылық идеяларының тууына батылдығым мен шыдамдылығым жете ме? Ызамды түсіретін шектен тыс шығатын іс-әрекеттерге шығармашылық адамдардың бойындағы түрлілікке шыдамдылығым мен адамгершілігім жете ме?Шығармашылық адамына кеңістік пен еркіндік бере аламынба?
Менің ойымша,мұғалімдерге арналған әдістемелік оқу құралдарында»Балалар бойындағы кішкентай шығармашылық ойларды арттыруға қамқорлық жасау» атты тарау болу керек.Шығармашылық ойлар жаңа туылған нәресте сияқты :олар нәзік,қорғауды қажет етеді,әрбір жаңа идея нақтыланған идеялардың алды.Балалар жаңа идеяларға толы.
Жетінші сұрақ.Мен өз оқушыларыма тек танымдық тұрғыдан ғана емес,сезімдік,экспрессивті-эмоционалды өсуге жағдай жасай аламын ба?
Көп жағдай да мектеп балаларға тек білім берумен шұғылданғандықтан баланы тек интеллектуалды жағынан ғана өсіреді.Осындай ерекшеліктерді яғни адамның көңіл-күйін тіпті адам жасаған компьютерллер де сезбейді.
Мен білім алуға көмектесу мақсатында және осы балалар үшін бар жауапкершіліті алар алдында мынандай сұрақтарды өзіме қояр едім.
1.Оқып,әрдайым өсетін оқушының жан дүниесін түсіне аларма едім?Мен ол әлемге баға бермей-ақ тұлға ретінде эмоционалды түрде жауап қайтарар ма едім?
2.Мен оқушылармен тұлға ретінде ашық,эмоционалды,шынайы қарым-қатынас құра алар ма едім?
3.Сыныптағылардың әр қайсысының қызығушылықтарын байқап,сол жолға түсуіне көмектесе алар ма едім?
4.Өз-өздеріне,қоршаған ортаға,адамға тән ең бағалы қаситтерді сақтауға жәрдемдесе аламын ба?
5.Мен білімнің негізі болып табылатын кітаптарға нұсқаулық беретін,қызығушылықтыжоағалтпауға көмектесетін расында да шығармашылық тұлғамын ба?
6.Оқушылардың орындалмаған идеялары мен шығармашылық ойларын қабылдап,қолдай аламын ба?,шығармашылық иесіне тән мазасыз балаларды қабылдай аламын ба?
7.Мен сезімдерінен идеялар туындайтын ал идеяларынан сезім туындайтын балаға көмекетсе аламын ба?
Бұл сұрақтар бойынша адам өзін-өзі тану арқылы басчқаларды да тани алады.Осы сұрақтарға жауап таба алсам,өзімді шығармашыл тұлға,мұғалім ретінде қабылдаймын.Соынмен қатар балаларға білім беріп,оқыту барысында бар жауапкершілікті мойныма ала аламын.
Эрик Берн
(1910-1970)
Шын есімі Леонард бернстайн.Монреальда дәрігер отбасында дүниеге келген.1935 жылы Макгилл университетіне қарасты Мединицалық мектепте медицина ғылымдарының докторы атағын алады.АҚШ-тағы интернатураны тәмамдағаннан кейін ол Нью-Джерсидегі Инлвудауруханасында жұмыс істейді.
1941 жылдан бастап Нью-Йорктыңпсихоаналитикалық институтында оқиды.1943-1946 жылдары ол әскери психиатор болып істейді.
Оның әйгілі еңбектерінің бірі «Психотерапиядағы трансакциялық талдау».теорияның негізі:кез келген адам әр минут сайын ойын жағдайында тұрады дейді.
Тәжірибелік қызметте мұғалімдер үшін қарым-қатынаста трансакті талдау теориясы қажет болуы мүмкін.Берн өз ойларын «Адамдар айнайтын ойындар» кітабында жүйелеген.
Адамдар ойнайтын ойындар.
Ойын ойнайтынтадамдар
Құрылымды талдау
Ыңғайлы болу үшін біз енді белгілі нақты адамдарды ата-ана,үлкендер және балалар деп атаймыз.Көңіл күйге байланысты дәл сол сөздер бастапқы әріптер мен жазылады: Ата-ана(А),үлкендер(Ү),бала (Б).Біз қолданып отырған ұғымдардың кейбір ерекшеліктерін атап өтейік.
1.Біз «бала сияқты» деген сөзді қолданбаймыз себебі оның жағымсыз мәні бар.
Баланы суреттеу барысында «балалардың» сөзін қолданамыз.Ол рбъективті естіледі және де биологиялық тұрғыда қолданылуы мүмкін.Сәби-бұл ең қымбатты тұлға,отбасына тек бақыт,шығармашылық және тартымдылық сыйлайды.
Сәби мазасыз және науқас болса оның арты жақсылыққа алып келмейді.Сол үшін дереу алдын алу шаралары қолданылуы тиіс.
2.Жоғарыда айтылған нәрселердің барлығы «кемеліне келген» не «жетілмеген» деген түсінікке ортақ дүниелер.Біз «жетілмеген» деген ұғымды қолданамыз.Кейбір адамдардың бойында «сәби» яғни балалық басым болады,бірақ сол адам бойында сол ересектің өзі де бар,оны тауып іске қосу қажет.Ал «кемелденген,жасы келген»адамға үнемі Үлкендер бақылау жасайды,бірақ олардың да бойында Сәбилік басымдылық танытса,онда жақсы нәтиже шықпайды.
3.Ата-аналар екі түрлі-тура және жанама тәсілмен әсер ете алады:Мен деген қалыптың белсенді болуы не Ата-ананың әсері ретінде көрініс табуы.Алғашқы жағдайда ол не анасының ,не әкесінің көрсеткен қылығына ұқсауы мүмкін( «Мен сияқты бол»).ал егер «жанама әсерге келетін болсақ,одан күткендей әсер болады (Мен сияқты болма;мен айтқанды орында»).Алғашқы жағдайда бала ата-анасына еліктейді,ал екінші жағдайда олардың талаптарын орындайды.
4.Бала өзін-өзі екі түрлі жағдайда көрсетуі мүмкін:үйренген Сәби немесе қалыпты Сәби ретінде.Үйренген бала ата-анасының әсерінен барлық іс-әрекеттерді өзгертеді.Ол өзін ата-аналары қай қалыпта көргісі келеді,сол қалыпта жүреді.Мысалы,баланың өз бетінше жұқмыс жасауы,оның жасына сай емес.
Бала-бұл ішкі түйсіктің шығармашылықтың,ішкі себептерден пайдаа болған ерік пен қуаныштың қайнар көзі.
Адам қоршаған ортамен жақсы қарым-қатынасқа түсу мақсатында қабылданған ақпаратты талдайды.Ата-ана негізгі екі қызметті жүзеге асырады,біріншісі адамбаласының өмір сүруін сақтау.Өтпелікезеңдегі балаларды тәрбиелеу кезінде жастай жетім қалған ата-ана толыққанды отбасында өскен ата-анаға қарағанда қиыншылықты көп көрген.Бұл ересектерді ешқандай пайдасы жоқ шешімді қолданудан алшақтатады,өмірлік маңызды шешімдерді ата-ананың мойнына артады.
Тұлғаның үш аспектісі де адамның қалыптасып,өмір сүруіне қажет.Күнделікті тұрмыста ата-ана да,ересек те,бала да-бірдей құрметке ие жандар.
Сценарийлік аппарат
Адам тағдыры кемелденген шақтағы жоспарлардан емес,бала кездегі шешімдерден құралады.Адамдар не ойлап не айтсада олардың өмірбаяндары мен еңбек кітапшаларында жазылған оқиғаларға қарама-қарсы жаққа еліктіреді.Ақшаға құмар адамдар керісіншке оларды жоғалтаса кейбіреулер байи түседі.Ал махаббаттары таба алмай жүргендер,өз жэақындарының бойында тек жек көру сезімін оятады.
Ата-аналар өз балаларының бақыттары үшін барлығын істегені туралы айтады,есесіне нашақор қылмыскерлердітәрбиелеп шығарады.Бұндай қарама-қайшылықтар адам баласының тіршілігі пайда болғаннан бері өмір сүріп келеді.
Балалар аңыздар мен ертегілерді жақсы көреді.Сондықтан да олар өз өмірлерінің тек өздері ұнататын ертегілерді оқиғалар желісіне ұқсағанын қалайды.
Психотерапевтер әдетте жағымсыз сценарийлер туралы көп біледі,бәлкім жағымды сценарийлер драмалық болғандықтан не халыққа кең тарап кеткендіктен бе екен.Мысалы З.Фрейд оның зерттеу жұмыстарында жеңіске жеткендердің қатарвнда Моискей Леонардо және оның өзі бар.Жеңіипаздардың жеңіске қалай жеткендері қызықтырмайды,ал жеңілгендер өздеріне «Неге?», «Бір нәрсені өзгертуге болады ма?»деген сұрақтар мазалайды.Сценарийлік аппарат мынадай элементтерден тұрады.
1. Ызаға булыққан ата-ананың бірі балаға «Жоғал!»немесе «Көзіңді құрт!» -деп айқайлайды.Сол сияқты «Сен әкең сияқты алқаш боласың» -деп бүкіл өміріне таңба басқандай болады.Бұл команда сахналы нәтиже немесе қарғыс деп аталады.
2. Балаға жағымсыз бұйрықтар береді: «Артымнан қал» , «Мені мазалама!», «Сыңсыма!».Бұл «тоқтаулар» немесе сценарийлік бұйрық,мұны қатал Ата-ана немесе оның есі ауысқан баласы береді.
3. Әдетте ата-ана бала әрекетін қолдайды,нәтижесінде: «Алып қой!» дегенге дейін жетеді.Бұл сценарийлік арандату немесе түрткі деп аталады.Бұл ызалы баланың немесе әзәзіл ата-ананың әрееті.
4. Бір нәрсені күтіп отырғандағы бос уақыттағы не істеу керектігіне нұсқау беріледі.Мұнда «жұмысты жақсы істе» дегенді, «Апта бойы намысқа тырысыып жұмыс істе,сенбі күні жақсылып іш» дегенге айналдырады. «Әр тиыныңды ү»емде" деген ақыл, «Сосын барлығын ішімдікке жұмсау үшін әр тиыныңды үнемдеге»айналады.Бұл- «тәрбиелеуі» Ата-ананаың сценаийге қарсы ұраны.
5. Сценарийді жүзеге асыру үшін ата-аналар шынайы өмірдің шындықтары мен таныстырады:ішімдіктерді қалай аралсатыру,бухгалтерлік жұмыстарды қалай жүргізу керек және алдаудың айлалары.Бұл ересектердің нұсқауы бойынша қалыптасатын үлгі
6. Ал балалар өз тапынан ата-аналары қалыптастырған сахналы аппаратқа қарама-қайшы алға ұмтылысты сезінеді.Мсыалы, «Есікті қақ!» («Жоғал!»дегенге қарсы), «Қолыңды бір сілте!» , («Намысқа тырысып жұмыс ісьте»дегенге қарсы), «Барлық ақшаңды ішімдікке бірден жұмса», («Ақшаңды үнемде»дегенге қарсы) «Барлығын керісінше істе», бұл сценарийлік импульс немесе әзәзіл.
7. Қарғысты қайрату. «Қырық жастан кейін де барлығына үлгересің».Бұл сиқырлы сөздер сценарийге қарама-қарсы немесе іштей еркіндік беру.

Ойындар
«Бәрі дұрыс» болып тұрған сәбикезінде бала шынайы да турашыл.Бірақ кейін оның көзі ашылып ,ол «бәрі дұрыс» болуы өзінің іс-әрекеті мен анасына деген қарым-қатынасына байланыстыекенін аңғарады.Ол дастархан үстінде өзін-өзі ұстауды үйренгенде анасы үшін жағдайының «бәрі дұрыс».ал есессіне ол анасының анасының жағдайының «бәрі дұрыс» екендігіне күмән келтіреді.Осылай күрделі тәжірибе қалыптасады да болашаұ ойындарға іргетас қатар қаланады.Әрине бала да бұл тәжірибені қолданады,әсіресе оны су мен сабынға үйретіу барасында бұл кезде басым күш баланың қолында,ал ас үйде бала аш кезінде ол анасына тәуелді анасы баласының таза болуын қалайды.Осы кезеңде анасының бала тәрбиелеуі кезінде өзінің айла-амалдары болады,сол сияқты баланың да айлакерлік қабілетіартта қалмайды.


Жылдар өтеді бала мектепке барады.Бұл уақытта оның қоржынында бірнеше оңтайлы тәсілдері болады,дөрекі және аяусыз тәсілдері де бар шығар тіпті ол ойынмен ғана өмір сүретін шығар.Оның бәрі ата-ананың айласы мен қатігездігініңқаншалықты деңгейде екендігіне байланысты.ата-ана қаншалықты айлакер болса олардың балалары да айлакер болады,ал неғұрлым ата-ана қатыгез және дөрекі болса соғұрлым балада тек қана осылай қатігездікпен өмір сүре аламын деп есептейтін болады.Практикалық тәжірибе көрсеткендей баланы бұзудың бір түрі-оны қоқақтық пен қызуқандылыққа мәжбүрлейді,бірақ бұл оның өз еркіне бөгет болады.
Мектепте бала үйде үйренген оындарын өзге балалар мен мұғалімдерге қолдануға мүмкндік алады.Ойын барысында өзгелерден бір нәрсе үйренсе,кей нәрселерден бас тарта алады.Мектепте соынмен қатар ол өзі көп нәрселерге көз жеткізеді және сол бағытта орнығады.Мектеп мұғалімі оның өз бағтын қуаттауы мүмкін,керісінше көктен жерге,жардан құзға құлатуы мүмкін.Оқушының өзін бағалауы төмен болса мұғалім соны нақтылап бағалауын төменн түсіруі де мүмкін (әдетте олар соны ғана күтіп тұрады) ,не оның өзіне деген көзқарасы мен бағалауын жоғарылатуда әблен мүмкін.Егер бала қоршаған ортаны жақсы жағынан түсінсе онда мұғалім оны қолдайды ал егер керісінше оқушы дүниеде бәр жаман деген ойды ұстанса ол өз айтқанында тұрып мұғалімге бөгет жасауы мүмкінү
Өмір әр түрлі келеңсіз жағдайларға толы кейде оған педагог та,бала да төтеп бере алмайды.Мысалы,мұғалім «Аргентина» атты ойынды бастайды.
«аргентинада ең қызық не?» - деп ол сұрақ қояды.Сонда біреу:
«Пампастар» - «Жоо-қ»- «Патагония», -деп тағы да біреуі жауап қайтарады.
«Жоо-қ»- «»Аконгагуа» - «Жоо-қ».Енді барлығы өздеріне ғана қызықты география пәніндегі атауларды атағаннан ештеңе шықпайтынын түсінеді.Олар мұғалімнің не ойлап тұрғанын табу керек.Амал жоқ,сынып жеңіледіү
«Гаучо!»-деп жеңімпаздықпен жариялайды мұғалім.Сөйтіп бір мезетте барлығының өздерін надан адамдар ретінде сезінуіне мәжбүрлейді.Нағыз педагогтың өзі де үйінде еркіндік бермейтін өз ойы жоқ баладан жоғарғы бағалауала алмайды.Бала үндемей тұрғанда мұғалім оны жауап беруге мәжбүрлейді міне осы әрекетпен ол оның түйсігіне ойлауына зақым тигізедіжәне мұғалімнің ата-аналардан еш айырмашылығы жоқ екенін көрсетеді.Бірақ педагог балаға қандай көмек жасай алады?
Алайда әр орныққан орынға тән ойынның түрлері керек.Мұғаліммен бірге ойнай отырып бала оның неге жауап қайтарғанын бақылап жоқ нәрсеге машықтанадыү
Мысалға «тәкаппарлық орныққан орнында(+ -)-ойыны «Маған қиянат жасашы», «пайдасыз»орныққан орынында (- -)- «Сен бұған әлі өкінесің» деген ойынды ойнайды.Бала мұғалім ұнатқан ойыннан бас тартып осы ойынға мүлде ұқсамайтын өзгесін таңдауы мүмкін.сыныптастарының арасында бұл ойындарды қолданатын да шығар.
Соңғы орныққан орында («Сен бұған әлі өкінесің»)оқушының өзін-өзі бақылапқалыпта ұстай алмауы кездеседі.Егер мұғалім ұстамдылық пен төзімділік танытса онда ол баланы жағдайым дұрыс деген кішкене сәби кезеңдегі әлемге қайта енгізуі мүмкін.
Өтпелі кезең-бұл әдеттегі үйдегі ойындардың қайсысы қалады,ал қайсысы ұмытылып қалатын дәрежеге жететінін анықтайтын кезең.
Психотерапевтер үшін науқастың балалық шағы туралы келесі сұрақтар қызықтырады: «Сіздің мектепте мұғалімдермен қарым-қатынасыңызқандай болды?» немесе «Мектеп қабырғасында сіздің басқа баллармен қарым-қатынасыңыз қалай болды?»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет