Перифраздары



Pdf көрінісі
бет57/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80
ҚОРЫТЫНДЫ
1. М. Горький шығармалары қазақ тіліне 20-жыл-
дардың алғашқы жартысынан аударыла бастайды. 
Содан бергі аудармаларды сүзіп қарағанда, қазақ 
аударма өнерінің қалыптасу сыпатын танытатын əртүрлі 
ізденістерді, əртүрлі тəсілдерді байқадық. М.Горький 
творчествосын қазақша аударуға қатысқан аударма 
өнерінің қайраткерлерін танимыз. Олардың ішінде 
І.Жансүгіров, Ғ.Мүсірепов т.б. сынды айтулы сөз 
шеберлерін, М.Қаратаев, С.Талжанов, Ы.Дүйсенбаев 
т.б. сынды ғұламаларды, Қ.Сағындықов, К.Шəріпов, 
Ж.Алтайбаев т.б. сияқты практик-журналистерді
Ə.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, Қ.Шаңғытбаев, С.Бақбергенов, 
А.Байтанаев т.б. жазушыларды, М.Дəулетбаев, Н.Құл-
жанова, Р.Уəлиахметов, Ж.Қасыбаев, И.Бегалиев, 
Ф.Дінисламов, Ғ. Османов, т.б. сияқты аудармашыларды 
да көреміз. М. Горькийді аударуға қатысқан адамдардың 
жалпы саны қырыққа таяу. Бұлардың қай-қайсысының 
да қазақ əдебиеті мен тілінің алтын қорын байытуда, 
əсіресе аударма өнерінің ғылымдық негізде зерттеліп, 
өзіндік қағида-ережелер түзуде тигізген пайдасы аса 
зор. Тіпті, атақты жазушыларымыздың қайсыбірі 
жазушылық өнерге М.Горький творчествосын ана 
тілімізге аудару арқылы машықтанған. Мəселен, 
Ғ.Мүсіреповтің жазушылық аренаға шығуының сыры 
бізге осыны аңғартады.
2. Аударма – қиын өнер. М. Горькийдің аудармала-
рынан аударудың əрқилы принциптері бой көрсетеді. 
Аударма өнерінің тарихында ертеден келе жатқан тəсіл – 
еркін аударма мен сөзбе-сөз аударманың да іздері бар... 
Бұл тəсілдің əрқайсысының өзіне ғана тəн жемісі мен 
олқылықтары бар. Сонымен бірге аударма теориясының 
бүгінгі талабына сай жасалған туындылар да жоқ емес.


255
Бұл аудармалардан біз Горькийше, Горький кейіп-
керлерінше сөйлеудің алуан түрлі сипатын байқаймыз. 
Азды-көпті кемшілігін ескермей есепке алғанда, 
М. Горький стилін, жазу мəнерін қазақ тіліне тəуір 
жеткізген аудармашылар деп Ғ.Мүсіреповті, С.Талжа-
новты, М. Қаратаевты, Қ. Бекхожинді, Қ. Сағындықовты, 
Қ. Шаңғытбаевты, Ж. Алтайбаевты, Ə. Нұрпейісовты, 
Ф. Дінисламовты т.б. көптеген қалам иелерін атап ай-
туға болады.
М. Горький шығармаларының қазақ тіліне аударылу 
жайы бір қарағанда жаман жүргізілмеген сияқты. Ал 
сол аудармалардың сапасын салмақтайтын сын-зерттеу 
жұмыстарына келсек, бұл жөніндегі деректердің мүлде 
мардымсыз екенін мойындаудан басқа амал жоқ. Осы 
олқылықтың орнын толтыруға біздің жұмысымыздың 
сəл де болса септігі бола ма деп отырмыз.
3. Ал мəселенің екінші жағы – түпнұсқа тілі мен 
аударма тілінің жай-жапсары қазақ аударма ғылымында 
түбегейлі тексерілді деп айту ертерек. Мұны М. Горький 
шығармаларының аудармаларына байланысты тіпті 
айқын көреміз. Ендеше аудармада ең алдымен тілдік 
элементтерді салыстырмай толыққанды творчестволық 
дүниенің құнын айыру қиын.
Осыған орай жалпы аударма теориясындағы мынадай 
үш түрлі бағытты байқауға болар еді. Біз мұны шартты 
түрде көрсетіп отырмыз. Біріншіден, аударманы 
əдебиеттану ғылымының зерттейтін объектісі ретінде 
қарастыру (Кашкин, Брагинский, Росельс, Талжанов, 
т.б.); екіншіден, тіл білімінің объектісі ретінде қарас-
тыру (Федоров, Бархударов т.т.); үшіншіден, жалпы фи-
лологияның объектісі ретінде қарастыру (Гачечиладзе, 
Эткинд, Сатыбалдиев, т. т.).
4. Қазақ аударма ғылымында аражігі айқынырақ 
көрініп тұрған мұндай көзқарастарды ашып айтуға 


256
қиын. Тек мынаны ғана ескертеміз. Бізде аударманы 
күні бүгінге дейін көбіне жазушы, əдебиетші ғұламалар 
зерттеп келгендіктен, бұл жөніндегі көзқарастар əде-
биет тану ғылымының ыңғайына қарай бейімделе 
беретіні байқалады. Бұл саладан аударманың біраз мəсе-
лесі шешілді дегенмен де, оның ғылыми проблемалары 
енді-енді жан-жақты зерттеу объектісіне айналып келеді. 
Ғылыми проблемалар дегенде, біз бұл жерде əдеби-
лингвистикалық тұрғыдан тексерілуге тиісті мəселе-
лерді мегзеп отырамыз.
Қазақ аударма ғылымының барысын қадағала-
ғанымызда оны бірыңғай лингвистикалық тұрғыдан 
зерттеген еңбектер жоқ екен. Көркем аударманы (басқа 
түрі емес) тексергенде, не бірегей лингвистикалық 
зерттеумен кетуге, не бірыңғай əдебиет тану ғылымының 
тəсілдеріне салуға болмайтыны анық. Мұны əдеби 
лингвистикалық проблема есебінде қарастырған жөн. 
Міне, сондықтан да біз монографиялық зерттеуіміздің 
барысы көрсеткендей, соңғы комплексті зерттеу əдісін 
жақтайтын ғұламалардың пікірін аударма ғылымының 
бүгінгі талап-тілегіне сай туған дұрыс бағыт деп 
қараймыз.
5. Көркем аудармада фразеология мəселесі өте қиын 
да күрделі мəселенің бірінен саналады. Бұл проблеманы 
дұрыс шешудің бір жолы фразеологизмдердің табиғатын 
терең түсінуде жатыр. Оның түрлерін, соған орай көркем 
туындыда атқаратын қызметін жете ұғып алмай тұрып, 
екінші тілге аудару жөнінде сөз болуы мүмкін емес. Қазақ 
тілінде болсын, орыс тілінде болсын фразеологизмдердің 
зерттелу жайы бізді қанағаттандырады. Сол зерт-
теулердің нəтижесінде аудармашыларға, аударманы 
қарастырушыларға аса қажет мəселелердің беті ашыл-
ған. Көркем шығарманың өн бойында əрқилы қызметте 
жұмсалатын фразеологизмдерді дұрыс аудару үшін, 
аудармашының стильдік өңі айқын, мұндай тілдік 


257
категорияларды жете зерттеген еңбектердің болғаны 
абзал.
Қазақ тілі мамандары фразеологизмдерді аударудың 
жай-жапсарына бірсыпыра уақыттардан бері-ақ көңіл 
бөліп келеді. Біз бұл істе сонау 30-жылдардың бастапқы 
кезеңінде айтылған проф. Қ. Жұбанов пікірлерінің 
айрықша ғылыми мəні бар деп білеміз. Мəселен, 
марксизм классиктері аудармасының тілі жайындағы 
С. Аманжоловтың зерттеулеріне жасаған редактордың 
ескертпелерінде ол фразеологизмдерді аударудағы кейбір 
олқылықтарды былайша атап көрсетеді. «Образные 
выражения незнакомые читателям перевода, можно и 
должно заменить соответствующими образными же 
выражениями, выработанными на казахской почве. 
Мы считаем совершенно непростительным для 
Самойловича А.М. такие переводы на русский язык как 
«заставить жаворонка нести яйца на овце» или как «ясно 
как то, что на жеребенка положили тавро». Дело в том, 
что тут мы имеем дело с идиоматической фразеологией 
с так называемыми «крылатыми словами», значения 
которых непередаваемы переводом отдельных слов, из 
которых они состоят. Следовало бы объяснить значение 
фразеологии в целом».
Ең алдымен фразеологизмдерді екі топқа бөліп 
қарап, олардың аудармасын соған орай тексеру қажет. 
Біріншіден, мағынасы жағынан жеке сөздер мен сөз 
тіркесіне бара-бар фразеологизмдер. Бұларға жататындар
идиомдар. Екіншіден, синтаксистік құрамы біртұтас, 
тиянақты аяқталған ойды білдіретін фразеологизмдер. 
Яғни мақалдар мен мəтелдер жəне басқа түрлері. Бұлай 
бөліп қарауда мəн бар. Зерттеу нəтижесі байқатқандай, 
фразеологизмдердің бұл екі түрінің аударылғыштық 
сипаты осылай бөлек қарауды талап етеді.
Сайып келгенде, біз идиомдар жөнінде күні бүгінге 
дейін жалғасып жатқан пікірлерден сəл басқаша 
қорытындыға келдік. Идиомдарды аударуға болады жəне 


258
аудару қажет деп санаймыз. Əрбір жазушының, əрбір 
шығармасындағы идиомдардың қолданылу өрісінің өзі 
аударудың тəсілін көрсетеді. Мұны калька жолымен, 
эквивалент-балама арқылы беру қажет.
6. Ал мақал-мəтелдердің жайы басқашарақ. Бұлар-
ды аударуда тəжірибеде сыналған үш түрлі жолы 
барын байқаймыз, М. Горький шығармаларының аудар-
маларынан да біз осы үш түрлі жолдың əрқилы көрінісін 
анықтадық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет