Перифраздары



Pdf көрінісі
бет6/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
жібін аттамау (арамдық жасамау), мұртын балта 
шаппау (мығым, дəулетті), үріп ауызға салғандай (əдемі, 
сүйкімді), жүрек жұтқан (ештемеден қорықпау), ит 
өлген жерде (алыста) т. б.
Орыс тілінде: собаку съел, битъ баклуши, выносить 
сор из избы, пуганая ворона, держать камень за пазухой, 
сматыватъ удочки т. б.
Ұйғыр тілінде чишкэ тэгмэк (тіске тию), чойлида 
турмайдиған (ожауда тұрмайтын) т. б.


44
1966 жылы шыққан І.Кеңесбаев пен Т.Жанұзақовтың 
«Тіл білімі терминдерінің орысша-қазақша сөздігі» 
кітабында фразеологияның бұл терминдерінің бəріне 
қысқаша анықтама берілген. Мəселен, фразеологиялық 
түйдектерді 
(тұтастықтарды) 
былай 
түсіндірген: 
«Түйдекті тіркес ішіндегі сөздердің бір-бірімен 
лексикалық, грамматикалық берік байланыста болып, 
бөлініп-жарылмайтын фразалық мағынаның ол сөздердің 
лексикалық мағыналарымен ешбір жуыспайтын томаға 
тұйық тіркестер, мысалы; аузы-мұрны қисаймай 
(ұялмай), аузын буған өгіздей (момын, жуас) т. б.
2) Фразеологиялық тізбектердің В.В. Виноградов 
негізгі төрт қасиетін көрсеткен. Фразеологиялық тізбек 
болу үшін бұл белгілердің бəрі түгел болуының қажеті 
жоқ. Осының бірі де жеткілікті. Енді сол белгілерді 
жеке-жеке қарайық.
а) Біртұтас фразалық тіркестің бейнелі, ауыспалы 
мағынада болуы шарт. Бұл мағына бірден ұғынылмай, 
кей жағдайда ғана сезілуі тиіс; ə) экспрессивтік тығыздық 
(насыщенность); б) фразалық тізбектің лексикалық 
элементтерінің ешқайсысын басқа бір синоним сөздер-
мен ауыстыруға болмайды; в) егер ауыстырар болсақ, 
онда фразалық тізбекті түгелімен ауыстыру мүмкін 
екендігі. Бірақ айтылған белгілердің бəрі де ешбір дау 
туғыза алмайтын ақиқат емес. Сондықтан мұның өзінде 
де біраз солқылдақтық бар (В.Н. Телия).
Жоғарыда көрсетілген тіл білімі терминдерінің 
сөздігінде фразеологиялық тізбектердің «Тұтас тізбек 
(бірліктер) күйінде бүтін бір мағынаны білдіретін, 
бірлік жігі ажырамайтын, компоненттері басқа сөзбен 
алмаспай тұратын тұрақты сөз тіркестерінің бір түрі» 
деген. Мысал ретінде, қой аузынан шөп алмас; тайға 
таңба басқандай; түйе үстінен сирақ үйтіп, жерден 
жеті қоян тапқандай т. б. тіркестерді берген.


45
В.В. Виноградов бұл топқа: держатъ каменъ за 
пазухой, выноситъ сор из избы, язык(ом) чесатъ, 
вывести, на чистую воду т. б. тіркестерді жатқызады. 
К.Ахановта тізбектер қатарында (ол көбінесе бірліктер 
деп алған. – Ө. А.) мынадай мысалдар жүр: ауырдың 
үсті, жеңілдің астымен; көзді ашып-жұмғанша; ауыз 
жаласқан; аузына құм құйылу; аузынан түскендей; 
тайға таңба басқандай; соқырға таяқ ұстатқандай; 
екі езуі екі құлағына жету; қысқа жібі күрмеуге келмеу; 
жаны мұрнының ұшында; жанын қоярға жер таппау; 
ер-тоқымын бауырына алу; тамырына балта шабу т. б.
Сөйтіп фразеологиялық тізбектердің негізгі қасиет-
тері оның ең алдымен, бірден аңғарыла қоймайтын 
астарлы мағыналылығында болса, екіншіден, мұндай 
тіркестер өте əсерлі əрі мəнерлі болады; үшіншіден, 
бұлардың 
компоненттерінің 
ешқайсының 
орнын 
ауыстырып, не орнына басқа бір сөз қоюға келмейді; 
төртіншіден, фразеологиялық тізбекті мəндес бір сөзбен 
немесе синонимдес тіркеспен алмастыруға болады.
3) Фразеологиялық тіркестер фразеологиялық еди-
ницалардың ең молырағы. В.В. Виноградов мұны 
тізбек пен тұтастыққа қарама-қарсы қойып қарайды. 
Бұл тіркестер семантикалық жағынан жіктеуге келеді. 
Мұндағы тіркескен сөздердің мағыналық салмағы 
бірдей. Фразеологиялық тіркестердің құрамындағы 
сөздер өзінің негізгі лексикалық мағынасында тұрады. 
Жалпы мағына осы сыңарлар мағынасымен тікелей 
байланысты. Мысалы: сүттен ақ, судан таза; қуанышқа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет