Перифраздары



Pdf көрінісі
бет7/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   80
бөлену; шаттыққа бөлену; құрдай жорғалау; бас 
қатыру; жаны ашу; бетке айту; көзге айту; абыройы 
айрандай төгілді; ит тұмсығы өтпейтін тоғай; ашуы 
жауған қардай, шөккен нардай; кеудесін көтеру, т. б.
Келтірілген мысалдардағы сыңарлардың көбінің 
мағыналары – тек осы өзі қатысқан тіркес аясында ғана 


46
жұмсалады да, басқа тіркестерде дəл сондай мағына бере 
алмайды. Яғни қай тілде болсын кейбір сөздер белгілі бір 
сөздермен ғана тіркесетін тар өрісті болады. «Мұндай 
шектелу, – дейді акад. В.В. Виноградов, – белгілі бір 
тілге тəн сөз мағыналарының байланысу заңдылықтары 
арқылы болады».
Енді осы классификацияға қазақ ғалымдары қалай 
қарайды екен жəне жалпы фразеологиялық тіркестер 
жайындағы пайымдауларын талдап көрелік.
1962 жылы шыққан, І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаевтың 
«Қазіргі қазақ тілі» деп аталатын кітабында осындай 
тарау бар. Мұнда автор тіркес атаулының бəрін фразалық 
тіркес деп алады да, алдымен оны идиомдар жəне 
басқа фразалық топтар деп екіге бөледі. Идиомдарды 
ерекше категория ретінде өз алдына бөлек қарайды да, 
тіліміздегі басқа тұрақты сөз тіркестерінің бəрін (мақал, 
мəтел, қанатты сөз т.б.) фразаның қатарында əңгімелейді. 
Идиома мен фразаның негізгі айырмашылықтарын 
былай түсіндіреді: «идиом тобындағы сөздер өзінің 
жеке тұрғандағы негізгі мағынасынан айырылып қалады 
да, өзара жымдасып, бір ғана негізгі лексикалық ұғым 
береді. Басқаша айтқанда, идиом ішіндегі компоненттер 
өзінің лексикалық формасы мен мағынасын жоғалтады 
да, грамматикалық формасын сақтайды; бұлар 
(компоненттер) – негізгі бір кесек күрделі лексикалық 
единицаның грамматикалық элементтері (мүшелері) 
болып есептеледі» [38]. Идиоманың негізгі белгілері: 
біріншіден, «тұтас бір ұғым жеке сөздерінің ұғымынан 
алшақ кетеді де, жеке сөздер (компоненттер) өзінің 
дербес ұғымынан не жартылай, не мүлдем айырылып 
қалады», екіншіден, «бұл тізбектердің көпшілігі екінші 
тілге сөзбе-сөз аударуға келмейді» (205..). Ал фраза 
«жеке элементтердің негізгі мағынасынан барып 
жасалған тізбек» (207-б.).


47
Идиом мен фразаның ортақ қасиеттері де бар – ол 
тиянақтылық. Сөйтіп, біз идиом мен фразаның айырмасы 
олардың құрамындағы сөздердің жеке күйіндегі 
(о бастағы) мағынасынан айырылу, айырылмауына бай-
ланысты ажыратылатынын байқап отырмыз. Авторлар 
мақал-мəтелдердің де негізгі қасиеттерін ашып, 
идиомдармен салыстыра зерттейді. Олардың ортақ 
белгілерінің бастысы орнықтылық, яғни бұл тіркестерді 
құрауға қатысып тұрған сөздердің арасына сөз қосып 
немесе олардың орнына басқа бір сөзді пайдалануға 
болмайтындығы деп көрсетілген. Бұлардың бəрін 
топтап келіп жасалған мына бір тұжырымға назар 
салыңыз:
«Мақал, фраза, идиомдарды басқа жүйеге (тілге) 
аударарда бұлардағы өзара негізгі айырмашылықтардың 
бірі айқын көзге түседі – идиом сөздердің дені сөзбе-сөз 
(мақал, фразадағы сөздердей) аударуға келмейді. Бұл – 
жоғарыда біз атап кеткен лексикалық өзгешеліктен туған 
қасиет» (206-б.).
Жалпы авторлар идиома мен фразаны егжей-тегжейлі 
талдағанмен, мақал-мəтелді тұрақты сөз тіркесінің қай 
түріне жатқызуға болатынын ашып айтпайды.
Идиомдардың тағы бір ерекше белгілерінің бірі – 
олардың көнелігі. Сөздер тізбегі идиом болу үшін көп 
замандар керек. Оның құрамындағы сөздер мүлде 
дерексізденіп, өзінің негізгі лексикалық мағынасынан 
алшақтауы осындай ой туғызады. Мақалдарды 
қолданғанда, оны өзгертпей сол қалпында алып, 
басқа сөздермен араға де («деп», «деген», «дегендей») 
етістігін дəнекер етеміз. Ал идиомдарды морфологиялық 
өзгерістерге салуға болады да, олардың синтаксистік 
тиянақтылығын ешбір өзгерте алмайсыз. Морфология-
лық əрі синтаксистік беріктігі бірдей идиомдар да бар


48
бірақ олар көп емес. Идиомдар түгесінді бір ғана ойды 
білдіруіне орай, олар көбінесе бір сөздің орнына жүреді.
Идиом, фразалардың тағы бір ерекшелігі – біразының 
дыбыс үйлесімі. Бұл тізбектерде біркелкі не дауысты, 
не дауыссыз дыбыспен (аллитерация) келетін немесе не 
біркелкі жуан, не жіңішке сөздерден келетін идиомдар бар.
Идиом, фразалардың лексикалық мағыналарын бөлек 
əңгімелеу қажет.
1964 жылы шыққан «Қазақ тілі» практикалық кур-
сында (авторлары: Н.Оралбаева, Г.Мадина, А.Əбілқаев, 
жалпы редакциясын басқарған проф. М.Балақаев) 
«Лексика» тарауының бір бөлімі «Тұрақты сөз тіркестері» 
деп аталған. Мұнда авторлар тұрақты сөз тіркестерін 
идиома, фраза, мақал-мəтелдер деп жеке-жеке бөліп 
талдайды. Қысқа болса да əрқайсысына анықтама 
беріп, нақты тұжырым айтуға тырысқан. Əрқайсысына 
берілген анықтамаларға жеке-жеке қарап шығайық.
а) Идиома деп іштей бөліп-жаруға келмейтін 
жəне оның тұтас мағынасы құрамындағы сөздердің 
əрқайсысының лексикалық мағынасына байланысты 
тумаған сөздер тобын тұрақты тіркес дейміз. Мысалы: 
бүйректен сирақ шығару (орынсыз, жөнсіз іс), мұртын 
балта кеспейді (ешбір кемшілік, мұқтаж көрмеу), аузына 
құм құйылды (жеңілу, үндемей қалу), жер-жебіріне 
жету (ұрсу, соғу). Бұдан əрі бірнеше жаттығулар 
берілген.
ə) Тұрақты тіркестердің енді бір түрін фраза деп 
атайды да, оған да нақты анықтама бермегенмен, 
мұның өзіндік айырмасын түсіндіреді. Авторлардың 
түсініктемесін берейік: «Тұрақты тіркестің бір түрі – 
фраза. Ол да идиома сияқты түйдекті тіркес қалпында 
айтылады. Алайда мұның идиомадан айырмашылығы 
құрамындағы сөздердің бəрі, не біреуі өзінің бастапқы 
лексикалық мағынасынан айырылып қалмайды». Мысал 
ретінде тайға таңба басқандай; тепсе, темір үзеді; 


49
еңбегі жанды; су жұқпайтын жорға; сегіз қырлы, бір 
сырлы; бұраң бел, алма мойын; асқар тау дегендерді 
келтіреді.
Шынында, бұл келтірілген мысалдар құрамындағы 
сөздер өзінің негізгі лексикалық мағынасынан онша 
алшақтамайды. Ал бұраң бел, алма мойын, асқар тау 
дегенде тіркестің екінші сыңарлары өздерінің негізгі 
мағыналарын бүтіндей сақтап тұр. Ендеше идиомалар 
сияқты, фразалық тіркестер де сөзімізді өткір, көрікті, 
образды ету үшін жұмсалады деген тұжырымды əбден 
қолдаймыз. б) «Мақал-мəтелдер халықтың ғасырлар 
бойғы іс-тəжірибесінен, өмір тануынан қорытылып, 
ереже түрінде тұжырымдалған аталық сөзі, ой түйіні». 
Біз авторлар анықтамасын бұлжытпай беріп отырмыз. 
Олар мақал-мəтелдің идиома, фразаларға ұқсас жағы 
мен өзгешелігін ажыратқан. Ұқсас жағы – мұның 
бəрінде «сыртқы құрылымы, сөздердің орын тəртібі 
тұрақты»болуында да, айырмасы, біріншіден, «мақал-
мəтелдің құрамындағы сөздер өздерінің лексикалық 
мағынасын толық сақтап, сөйлем мүшесіне талдауға 
келеді»; екіншіден, «егер идиома мен фраза сөйлем 
ішінде басқа сөздермен байланысу үшін тұлғалық 
өзгеріске ұшыраса, мақал-мəтелдер ешбір өзгеріске 
түспей, басқа сөзбен не сөйлеммен де етістігі арқылы 
байланысады». Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет