Перифраздары



Pdf көрінісі
бет70/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   80
«Қасқырдан қорыққан тоғай араламас» деген сияқты 
жұмыс істелді. Мұнда форма мен мазмұн сақталады.
2) «Передача русских пословиц и поговорок с 
известным видоизменением отдельных составных частей 
словестной формулы подлинника». Бұл əдіс те біріншіге 
өте ұқсас. Мұнда қазақ мақалдарына ұқсамайтын жаңа 
мақал-мəтел жасалады, бірақ сипаты, айтылуы, əуені 
жақын. Мысалы: «Взялся за гуж – не говари, что не 
дюж». – «Ауыр жүкке жегілме, жегілсең – егілме».
3) «использование 
в 
переводе 
равнозначных 
казахских пословиц и поговорок». Сөзбе-сөз аудару 
мүмкін болмаған жағдайда қажет. Бірақ қазақ мақалы 
ұлттық ерекшелігі байқалатын тек өзіне тəн қазақы 
мақал болмауы тиіс. Онда түпнұсқа дұрыс берілмейді.
Міне, біз танысқан азды-көбі материалдардың 
айтатын пікірі дəл осылай.


334
ТІЛ ЖƏНЕ АУДАРМА
Қазақ аударма өнерінің тарихына көз жіберсек, 
жалпы өнер мен мəдениеттің басқа салалары сияқты
оның да еліміздің тағдырындағы бұралаң жолдарды 
таңбалап отырғанын байқаймыз. Халқымыздың басынан 
өткен əр алуан кезеңдер, қоғамдағы əрқилы əрекеттер 
сыры бізге нені аңғартады? Елді жаппай сауаттандыру 
мақсатын көздеген мəдени революция, колхоздастыру
коллективтендіру, алғашқы бесжылдықтар, индустрия-
ландыру, Ұлы Отан соғысы, тиімділік пен сапа заманы, 
1985 жылғы апрельден басталған мүлде жаңа кезең – 
қайта құру дəуірі, міне, осының бəрі қоғам тарихындағы 
сан түрлі даму кезеңдерін əйгілейтін ірі-ірі құбылыстар. 
Бұл кезеңдердің мəдени өмірімізде ізі қалып отырғаны 
сөзсіз. Шын өмірде кезегімен келіп, алмасып, ауысып 
жататын мұндай құбылыстар аударма ісіне де əсерін 
тигізбей қойған жоқ. Қарап отырсақ, сол өзгеріс-
өрістердің болуына алдымен қолқабыс тигізетін аударма 
екен, сөйтіп əрбір кезеңнің талап-талғамына орай 
аударылатын дүниелер іріктеліп, аударудың тəсілдері 
қалыптасып отырған. Мəселен, сонау сауат ашу 
дəуірінде аударылған шығармалар мен 60-жылдардан 
бергі жерде аударылған дүниелердің тақырыптарының 
аумағын мүлде салыстыруға келмейді. Ал олардың 
аудару тəсілдеріндегі айырмашылық жер мен көктей. 
Мəселен, 1920–30-жылдарда сауатын енді-енді ашып, 
көзі қарақтана бастаған қазақ оқырманына көбіне-көп 
тез түсінілетін, тілі жеңіл ұсақ жанр үлгілері ұсынылып 
келген. Оқырманға оңай ұқтыруды көздеген түсініктеме 
аударманың белең алуы кезеңіне лайықты мақсаттың 
табиғатынан туындап жатты.


335
Осы тұрғыдан келгенде, тереңдете зерттейтін 
үлкен бір ғылыми проблема шығады. Яғни аударманы 
кезеңдеп зерттеу проблемасы. Басқаша айтқанда, əрбір 
кезеңде бой көрсеткен аудармалардың түрі мен сапасы, 
аудармашылар қолданған тəсілдер мен жаңалықтарды 
т.т. саралап талдап, зерттеп берген əлі ешкім жоқ. 
Еркін аударма, сөзбе-сөз аударма, дəлме-дəл аударма, 
адекват аударма, баламалы аударма дегендер сол əрбір 
кезеңнің нəтижесі. Айта берсек, аударманың терминдік 
ұғымдарының өзін қарастырып, реттеп алатын да кез 
болды. Неге десеңіз, бірен-саран жазылған зерттеулердің 
өзіңде термин қолданыста бір жүйелілік байқала 
бермейді. Мұндай нəрсе аударма ғылымының өзі əлі 
қалыптасу дəуірінде екенін мегзейді. Енде ше бұл да – өз 
алдына қарастыруды қалайтын сала.
Аударманы рухани баюдың, тіл мен əдебиетті, 
мəдениетті байытудың бір жолы деп қараған жөн. Қазіргі 
қазақ тіліңде ойлау жүйесінің өзінде соның сөз материалы 
арқылы іске асырылатын құрылымдық сипатыңда, стилі 
мен мақамында орыс тілінің ықпалын байқамау мүмкін 
емес. Əсіресе, қазақтың тіл қорына үңілсеңіз, игі əсердің 
жемісті үлгілерін молынан кездестіресіз. Осыдан көркем 
аударманың ұлттық əдебиет пен ұлт тілінің байи түсуіне 
мол септік жасайтынын байқау қиын емес.
Советтік дəуірімізде актив, автор, анкета, аптека, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет