Перифраздары



Pdf көрінісі
бет71/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   80
газета, журнал, база, гимнастика, спорт, делегат, 
декрет, дедукция, индукция, гимн, генетика, грамота, 
талант, герб, сеанс, вальс, ведомостъ, бланк, большевик, 
бригада, бухгалтер, базис, баланс, банк, смена, талон, 
аттестация, операция, индекс, устав, программа, 
партия, курс, тактика, стратегия, семинар, норма, 
инспекция, социализм, совет, стаж, товар, абонемент, 
диссертация, автореферат, диплом, документ, адрес, 


336
пакет, субъект, акцент, плакат, диктант, диктор, 
диктатура, диск, диспансер, зал, корпус, оппонент, 
директива, диагноз т.т. толып жатқан сөздермен 
қазақ тілі толыға түсті. Өзіндік мағынасымен сөздік 
құрамынан өз орнын тапқан, сөйтіп тіліміздің колданыс 
өрісін кеңейткен осы іспетті сөздерді қалайда аударудың 
жолын қарастырып, қисынсыз баламалап əлектеніп 
жүрген ағайын да бар.
Бұл жақсы ниет, алайда ол үшін тілдегі сөзжасам 
мен ауыс-түйіс принциптерін жете игермей тұрып 
шалағайлық жасауға болмайды. Тіліміздің халықаралық 
сипатын, əлемдік ауқымын кеңейтіп отырған мұндай 
сөздерді қазақ тілінің аударуға шамасы келмесе, оның 
несі бай тіл деп кемсітіп, келеке етудің қаншалықты 
орны бар? Жобасы келсін, келмесін мұндай əлемге ортақ 
сөздердің бəрін қалайда қазақшалау ағымы жетегіне 
ергендер бұрын да болған (20–30-жылдарда). Содан 
бергі тəжірибенің жемісті нəтижесін білдіретін мұндай 
сөздерден үркудің қажеті жоқ.
Əлемдік қарым-қатынас əжетін өтеп отырған неміс, 
француз, орыс тілдерінің қалыптасу тарихына үңіліп 
байқалықшы, олардың қазіргі деңгейге көтерілуінде 
өзге тілден сөз ала білу принципінің де үлкен орын 
алатынын көреміз. Яғни ол тілдер де кірме сөздерді – 
дамудың бір көзі деп танып, қабылдады. Рас, кезінде 
сөздің берер негізгі мағынасын тереңдеп ашпай, атүсті 
асығыс қабылданған сөздердің жөні басқа. Ондайлардың 
біразы қайта қаралып, дəл баламасы боларлық сөздердің 
қолданысқа енгізілгені мəлім. Мұндай орынды 
түзетулерге ешкімнің таласы жоқ. Дегенмен осының 
өзінен-ақ аударманың тіл байытудағы рөлін анық 
аңғаруға болады. Яғни тіл байытудың бір көзі – аударма 
екені анық. Аударманы жəне аударма тілін құбылмалы 


337
құбылыс, өзгермелі өмірмен байланыстыра баяндау 
үшін, алдымен біз жұрттың бəріне бірдей түсінікті 
болып есептелінетін осы «аударма» деген ұғымның өзі 
жайында пікір өрбітіп алуымыз керек сияқты. Ол нені 
қамтиды, нендей ұғымды білдіреді. Сонымен бірге 
аударманың қандай ғылым тармағына жататыны, оның 
түрлері, амалдары, принциптері т.т. мəселелеріне назар 
аударуға тура келеді. Əрине бұл санамалап отырған 
мəселелердің əрқайсысын өз алдына бөлек саралай 
əңгімелеуге татиды. Солай ету де керек. Алайда біз бұл 
жолғы міндетіміздің шекарасын шектеңкіреп алмасақ, 
ұшы-қиырына көз жетпейтін мəселеге еніп кетуіміз 
ғажап емес. Сондықтан бұлар туралы жол-жөнекей 
азын-аулақ мағлұмат бере кетуді жөн көрдік. 
Жалпы аударма өзінің мағыналық ауқымы жағынан 
мейлінше кең. Бір тілден екінші тілге аударылмайтын 
нəрсе жоқ: көркем шығарма, публицистика, өлең, 
ғылымның сан саласынан ғылыми-көпшілікке арналған 
кітаптар, 
ісқағаздары, 
дипломатиялық 
құжаттар, 
мемлекет қайраткерлерінің сөйлеген сөздері мен 
мақалалары, газет материалдары, шешендік сөздер, тіл 
білмейтін жандардың өзара əңгіме-сұхбаты т.б. толып 
жатқан дүниелер аударылып жатады. Аударманың 
қоғамдық мəнін, өмірлік қажеттілігін соншама терең 
білдік дегенмен, адам əрекетінің ерекше бір түрі ретінде 
мұның əлгіндей айрықша белгілерін əңгімелей отырып, 
терминологиялық дəйектілік тұрғысынан нақтылай, 
дəлелдей түсетін тұстары бар деп білеміз. Бұл, 
біріншіден, психологиялық акт есебіндегі процесс жəне 
бір тілде жасалған шығарманың екінші бір тілде көрініс 
беруі, қайта жасалуы; екіншіден, осы процестің сол 
екінші тілде берілген жаңа түрі, нəтижесі. Əңгіме болып 


338
отырған бұл процестер бір-біріне тікелей байланысты, 
бірінен екіншісіне ұласып жататын құбылыс.
Əйтсе де, бұл шаруаның қай түрі болсын, кім аударсын 
барлық түріне қойылар мынадай ортақ екі шарт бар 
тəрізді.
Түпнұсқа тілін білмейтін оқырманға қолындағы 
шығарманы барынша жақындата жеткізу, жете 
таныстыру – аударманың бірінші кезектегі міндеті. Ал 
аудару дегеніңіз, бір тілдің тілдік құралдары арқылы 
жасалған дүниені екінші тіл амалдары арқылы барынша 
дəл жəне толық жеткізу деген сөз. Яғни, ешқандай өзіндік 
түсіңдірме, қосымша-қоспасыз, қысқарту-толықтырусыз 
түпнұсқа мазмұнын дəл де дұрыс беру.
Егер жалпы аударма тарихына көз жіберсек, сонау көне 
дəуірлерге сапар шегуге тура келеді. Əрбір халықтың 
рухани өмір жолында, мəдени болмысыңда аударманың 
алатын орны айрықша. Осыдан жүз жылдан аса уақыт 
бұрын басталған қазақ аударма ісінің жандануының 
өзі кезең-кезеңмен əйгіленеді, 20–30-шы жылдардағы 
аударма ісін алғашқы кезең деп танысақ, оның барынша 
қаулап, қарыштап дамуы Ұлы Отан соғысынан бергі 
жердегі кезең болып саналады.
Аударма бір тілден екінші тілге, туыс емес тілдерден, 
туыс тілдерден, жүйесі бөлек тілдерден жасала береді. 
Екіншіден, əдеби тілдерден диалектілерге не тиісінше 
диалектілерден əдеби тілдерге аударылуы мүмкін, тіпті 
прозаның поэзияға, поэзияның прозаға айналу фактісі 
де бар. Үшіншіден, сонау көне замандарда жасалған 
дүниені осы заман тіліне көшіруге болады.
Мəселенің бұл жағына келгенде, аударма өнерінің 
тарихын тереңнен тартуға болатын тəрізді. Мысалы, 
«Мың бір түн», «Камила мен Димна» оқиғаларын, шығыс 
халықтарының көбіне ортақ аңыздар мен ертегілерді 


339
дастан етіп жырлау дəстүрі бізде ежелден-ақ орын 
алған. Мұндай үлгілерді аударманың бір көрінісі деп 
қарауға болса, аударма тарихы ғасырларға ұласатыны 
рас. Алайда мұны тереңдеп зерттемей жатып, тиянақты 
бір пікірге келе қою қиын. Өкінішке қарай, бұл мəселе 
күні бүгінге дейін өзінің зерттеушісін таппай келеді. 
Арнайы білімі бар мамандардың жетіспеушілігінен ұлт 
мəдениетіне қосар үлесі мол маңызды саланы мандыта 
алмай отырмыз.
Аударманың қандай түрі болсын тіл атқарар міндет 
сол қалпы – «адамдар арасындағы аса маңызды қатынас 
құралындық қызмет» (Ленин) Горькийше айтар болсақ, 
«əдебиетгің бірінші элементі – тілсіз» ешқандай аударма 
болмақ емес. 
Аударма ісінде түпнұсқаға тəн ой мен түрдің бірлігін, 
яғни мазмұн мен сапаны білдіру үшін қамтылған тілдік 
ресурстарды екінші тілге барынша толық, дəл жеткізу 
міндеті тұрады. Осыдан келіп, аударманың, аударылып 
отырған тіл нормасын сақтау қажеттігі тағы шығады. 
Аударманың түсініктілігі, оның оқырман ойынан шығуы 
деген шарттардың бірсыпырасы осы тектес. 
Жалпы аударма процесі, тəжірибелі мамандар 
мен аудармашы зерттеушілердің айтуына қарағанда, 
шынында да, екі бөліктен тұратын тəрізді. Яғни 
аудару үшін аудармашы əуелі түпнұсқамен түбегейлі 
танысып, аударуға келеді деген негізгі əрі маңызды 
тілдік элементтерін ойша іріктеп, қиындық туғызар 
тұстарын белгілеп, түстеп, түсініп алуға тиіс, екіншіден, 
аудару үшін аударма тілінің əлгіндей тілдік-стильдік 
ерекшеліктерін əйгілеп тұрған қатпарларына сəйкес 
келер сөздерді, сөз тіркестерін жəне грамматикалық 
амалдарды аударылар тілден іздестіріп табуы шарт. 


340
Көркем əдебиеттің өзі сияқты, көркем аударманың 
да сапасы оның тіліне байланысты айқындалып 
отырады. Ендеше аударманы тексергенде, ең алдымен, 
екі тіл сəйкестігіне, олардың стильдік құралдарының 
қалай берілуі жайына басымырақ назар аударылатыны 
сондықтан. Мұның мəнісі мынада: түпнұсқа мазмұны 
тілден тыс өмір сүре алмайды, мазмұнының сапасы, 
мағыналық, стильдік, шеберлік салмағы тек тілдік 
құралдар арқылы іске асырылады. Яғни мазмұн тілмен 
біртұтас өмір кешеді. Бұдан, екінші жағынан, ой мен 
тіл бірлігі жайын қозғайтын философиялық проблема 
туындайды. Ол өзінше бір бөлек əңгіме тақырыбы.
Сөйтіп, аударманы зерттеуші адам автордың өзіндік 
стилін, əр алуан шеберлік белгілерін қозғамай тұра 
алмайды. Ал мұның бəрі негізінде аударманың тілін 
зерттеу арқылы іске асатын жайт. Қайсыбір пікір 
бойынша, екі тілді жетік білген жəне тілге деген түйсігі 
бөлек жандардың кез келгенінің қолынан аудару келе 
береді делінеді. Ал шындығында, мұның өзі қажетті 
шарттардың бірі болғанымен, аударма процесі үшін 
жеткілікті бола бермейді. Аударманың барлық түріне 
бірдей сəйкес келе беретін əмбебап ережені, қапысыз 
қағиданы ешкім де ұсына алмайды. Аудару ісінің 
барысында аудармашы жоғарыда сөз болған негізгі 
принциптерді ұстана отырып, өзінің білік-біліміне, 
шығарманың өн бойындағы əр алуан ерекшеліктеріне 
жəне творчестволық талғам-танымына сəйкес жаңаша 
жол тауып, өзгеше шешім қабылдап, бұл жерде өзіндік 
үлесін қосып жатады. Мұның бəрі тағы да тіл қолданыс 
табиғатынан, сөз жарату шеберлігінен танылады.
Тілдердің бəрінің бірдей сөздік қоры мен сөздік 
құрамы, оның сөзжасам тəсілдері т.т. толып жатқан 
мүмкіңдіктері бір-біріне сəйкес келе бермейтіні заңды. 


341
Аудармашылардың қиналатын жері де осы тұстан 
туындап жатады. Өйткені тілдердің құрылымдық, 
стильдік, грамматикалық жүйелері, лексикалык байлығы 
əр алуан тарихи негізде туып, жасалып қалыптасқан. 
Міне, осындай əрқилылық аударма ісіне əсер етпей 
тұрмайды. Алайда бұдан қайсыбір тілдерді аударуға 
болатын, ал екінші біреулерін аударуға болмайтын тіл 
деп саралауға болмайды. Негізінде өз ұлтына қалтқысыз 
қызмет етіп отырған тілдердің қай-қайсысында да аудар-
ма ісі жаңдана алады. Ендеше тілдер табиғатындағы 
əлгіндей өзгешеліктерден шошынудың жөні жоқ. Қайта 
ондай ерекшеліктердің əсерімен өз тіліңнің жаңа бір 
мүмкіндігі іске қосылып, жаңаша қыры ашылып жата-
ды. Тілдердің бір-біріне игі əсері, өзара ықпалы дегенде 
оның осындай прогрестік мəнін ерекше ескеріп отырған 
лазым.
Белгілі бір сөздердің мағыналық салмағын, реңкін 
беру мəселесіне келгенде, оның контекстегі күйін еш 
уақытта естен шығармау керек. Неге десеңіз, сөз мəні 
контексте ашылады, контексте құбылады. Ол тіпті 
кейде автор алғырлығының нəтижесінде, өзінің əуелгі 
лексикалық мағынасынан алшақтаңқырап, жаңаша 
мəнде жұмсалуы мүмкін. Контексте құбыла түскен 
мұндай сөздердің дəл осы сəттегі мағыналық қызмет 
астарын аңдамай, қайсыбір аудармашылардың əлгі сөздің 
əуелгі мағынасын іздеп, соған иек артып жататыны бар.
Осыдан байқалатынындай, екі тіл сөздерінің бəрінің 
бірдей мағынасы бір-біріне толық сəйкес келе бермеуі 
ықтимал. Яғни ана тілде де, мына тілде де бір ғана 
мағынамен шектелген сөздер сəйкестігі – арнаулы лек-
сика болып саналатын терминдер басында ғана болады 
деген сөз, бұл. Сондай-ақ, күн, ай, жыл атаулары, 
туыстықты білдіретін сөздер, хайуанаттар мен жіктеу 


342
есімдіктерін білдіретін сөздер ғана əлгіндей жалқы 
мағыналы болып келеді.
Ал басқа лексикалық қабаттардың мағыналық 
өрісі, қолданыс қуаты, түрленгіштік қабілеті шексіз. 
Тек олардың контексте жүктелер қызметіне орай 
əрқайсысының өз қауызын ашып, жарып сұрыптай, 
саралай білу қажет.
Жоғарыда ескерткеніміздей, сөз мағынасы түпнұсқада 
да, аудармаларда да контекске тəуелді. Бір сөз мағынасы 
аудармада бірнеше сөзбен немесе бірнеше сөздің 
мағынасы бір сөзбен берілетінін аударма тəжірибесінен 
байқап жүрміз. Кейде тіпті жеке сөз аудармада сөз 
тіркесіне айналып, ал сөз тіркестердің қайсыбірі жеке 
сөзбен беріліп жатады. Сондай-ақ сөз бен сөз тіркесінің 
өзара байланысынан тұратын сөйлем аударманың негізгі 
мағыналық бөлшектерінің бірі. Сөз бен сөз тіркесінің 
мағынасы, ең алдымен осы сөйлемдерде ашылады. Содан 
абзацқа ұласады. Сөйлем мағынасы да өз алдына бөлек 
дербес күйде өмір сүре алмайды. Өйткені ол да алды-
артындағы сөйлемдер, абзацтар мазмұнына тəуелді. 
Қысқасы, сөзден сөйлемге, сөйлемнен абзацқа, абзацтан 
шығарманың тұтас бір бөлік, бөлімдеріне ұласып
тізбектеліп жатқан осындай заңды жалғастықтарды 
өзара байланыста қарап аудару қажет.
Жылдар бойы аудару тəжірибесі арқылы жинақталған 
жəне осы саладағы ғылыми топшылаулар мен 
ізденістер негізінде біршама айқындалған принциптер 
мен қағидалар туралы, сондай-ақ солардың негізінде 
аудармашыларға қойылар талап қандай болмақ дегенді 
жалпы түрде еске салып өткеніміз мақұл. Мұны біз 
көркем текстің құрылымына байланысты сөз етпекпіз. 
Кейінгі кезде жасалып жатқан сансыз көп аудармалардың 


343
бəрінде бірдей осы принциптер сақтала бермейтіні 
байқалады. Сондықтан бұл мəселеге мəн беру керек-ақ.
Жалпы аударма зерттеушілері, теоретиктері көркем 
текст құрылымына мəн беріп келеді. Əйтсе де бұл 
істе бірізділік үнемі байқалмайды, тек жол-жөнекей 
мəн беріліп жатады. Мұның үстіне тіл туралы, ғылым 
мен əдебиет туралы, ғылымның дамуына байланысты 
көркем текст құрылымы туралы түсініктің өзі де үнемі 
құбылып, өзгеріп отырды.
Көркем аударманы кездейсоқ жасалған шектеулі 
бір дүние деп қарамай, оның өзіне тəн ерекшелігі мен 
заңдылығы бар тұтас бір жүйе деп қараған жөн. Көркем 
текстің барлық қасиетін түгел көрсету мүмкіндігі сөз 
болғандықтан, біз бұл жолы оның көркем шығармаға 
тəн ең басты екі жағын (қасиетін) ғана əңгіме етеміз. 
Бұл, əсіресе көркем аударма мəселесін қарастырғаңда 
пайдасы тиер ең негізгі белгілер деп ойлаймыз. 
Ол қарастырылатын белгілі тізбекте əлденеше 
мағыналық реңк болатыны, яғни оның бір не бірнеше 
мағыналы болатынын айтып отырмыз. Бұл мағыналар 
өзінің мазмұны, түрі жағынан əр алуан. Мысалы, «Столда 
бірнеше кітап жатты» деген сөйлемді алайық. Осындағы 
грамматикалық мағыналарға зер салыңыз. Əңгіме 
«кітап» туралы. Мұнда əуелі заттың көптік мағына жəне 
бүкіл сөйлем болмысына тəн синтаксистік мағына бар. 
Бар мағына «кітап» сөзіне байланысты туындап отыр.
Сөйлемнің хабарлы мəні, яғни қарабайырлық сипаты 
жəне оның не салалас, не сабақтас сөйлем құрамында 
емес, өз алдына тұрғаны т.т. бəрі грамматикалық 
мағынаға тəн белгілер. Міне, осыған үстемеленіп сөздің 
лексикалық мағынасы жасалады. Егер сөз не бейнелі, 
не метафоралы болып келсе, онда бұдан лексикалық 
мағынаның бірсыпыра жүйесін табамыз.


344
Сөйтіп тіл дегеніңіздің табиғаты бір сызықтың 
бойына жинақталған қатып калған нəрсе емес. Сөйлеуде 
əлденеше мағыналық сипат тізбектеліп жатады. Яғни біз 
бұл жерде грамматикалық, лексикалық, синтаксистік, 
стилистикалық мағыналар тізбегін айтып отырмыз. 
Сөйлеудің, сөздің тілдік мағынасын айқындайтын осы-
лар. Ал көркем тексте сөздің лексикалық мағынасы 
күрделене бастайды. Өйткені оның мұнда көптеген 
қосымша, қосалқы мағыналарының қызметі үстемеле-
неді. Ол басқа сөздермен жанаса, тіркесе байланысу 
арқылы жаңа мағына пайда болады. Міне, сөздің осы-
лайша аршылған жаңа мағыналары шығарманың 
стильдік сипатын қалыптастыруда мүмкіндік жасайды.
Прозада сөйлем мен сөйлем ғана емес, абзац пен 
абзац, тарау мен тараулар арасында мұндай байланыс 
болмаса, тұтас туынды шықпайды. Мұның бəрі шығар-
маның композициялық мəнін де айқындайды.
Көркем шығарманың жазылу барысында сол шығар-
мадағы бейнелер мен оқиға, құбылыстарды жасауға 
пайдаланылған көптеген сөздер мен сөз тіркестері оқиға 
өрбіген сайын өзінің мағыналық өрісін нақтылай, аша 
түседі.
Аудармашы шығарманың осындай құрылымдық бел-
гілері мен əлгіндей өзара байланыс сырын, мағыналық 
қатпарын беруге тырысу керек. Бұның өзі стильдік 
ерекшелікті құрайтын белгілер. Соны жеткізу қажет. 
Стильдік дəлдік, қайталаулар мен түрлі тілдік құралдарды 
түгел беру шарт. 
Тілдер грамматикалық құрылымы, лексикалық қоры, 
фразеологиялық байлығы, эмоционалды, экспрессивті 
мүмкіндігі, əлеуметтік жəне стильдік қабаттары, тарихи-
əдеби дəстүр-дағдысы, сондай-ақ кітаби жəне тұрмыстық 
сөз құрамы жағынан үнемі бір-біріне сəйкес, тепе-тең 


345
болып келе бермейді. Міне, осындай сəйкессіздіктер 
аударма процесінде əжептеуір қол байлайды. 
Жалпы аударма ғылымының қайсыбір өкілдері осы 
тұрғыдан аударманы екі топқа бөліп қарайтыны бар: 
1) түпнұсқаны филологиялық дəлдікпен, əрбір фраза-
сына дейін жеткізетін аударма; 2) адекватты аударма. 
Бұл бойынша түпнұсқаны толық жеткізерліктей 
ана тілдің бар мүмкіндігін сарқа пайдалану, сөйтіп 
түпнұсқадағыдай əсер ететін туынды беру мақсат. 
Жəне мұңдай аудармалардан өз кезеңінің рухы біздің 
заманымыздың адамдары түсінігі тұрғысынан түсінілуі 
де тиіс. 
Тіл де бір қарағанда адамның өзі іспеттес. Олар жай 
көзге байқала қоймайтын өзіндік заңдылықтар арқылы 
дамып жатады. Бұлардың осындай өзіңдік болмысын 
кезінде Ломоносов пен Гумбольд та байқаған. Тілді 
бұлар əлеуметтік айшық, бедерлері толып жатқан 
қылық-мінезі, қарқын-карымы бар адами құбылыс деп 
табады. Тіпті адам мен стильді теңестіріп, салыстыра 
қарайтындар да кездеседі. Олай болса, тілді стиль 
ретінде қарастырудың əбден жөні келеді. Бұл жерде 
əңгіме жанды сөздерден тыс грамматикалық белгілер 
немесе лексикалық құрам туралы болып отырған 
жоқ, экспрессия мен импрессия жөнінде, осы тілдің 
лексика-грамматикалық құралдарымен эмоционалды-
эстетикалық əсер жасау жайында болып отыр.
Əрбір тілдің стильдік экспрессиясы əртүрлі. Міне, 
осы əртүрлі болып келетін стильдік ерекшеліктерді 
көбіне-көп ескермей жатамыз. Аударма процесінде мұны 
қатаң қадағалау қажет. Аудармашы өзі аударып отырған 
шығармасының, жазушының стилін біліп қоюы аз, ол 
түпнұсқа тілінің жалпыхалықтық тіліне тəн стильдік 
ерекшеліктерді игеруге тиіс. Ал мұндай мақсатты 
біздің қазақ аудармашыларынан алдына қойғандар 


346
мүлде аз. Аудармай тұрып аударатын дүниесін өмірге 
алып келген нендей тарихи, əлеуметтік қажеттілік 
жəне ол елдің жалпы сан қасиетін танытатын айырым-
белгілерін, тілдік табиғи құндылықтарын зерттеп 
білу жағынан олқы соғып жататын тұстарымыз бар. 
Орыс тілі – қосымша, жалғауларының əртүрлілігі жəне 
молдығы жағынан ең алдыңғы орындардың бірін алады. 
Тіл экспрессияландырып тұратын грамматикалық құ-
ралдарға мейлінше бай. Орыс тілінің осы эмоционалды-
экспрессивті байлығы аудару ісіне едəуір қиындықтар 
əкеледі. Əсіресе, реалистік көркем проза кейіпкерлерінің 
өзара əңгімесі, диалогы соншама солғын, қансыз, сөлсіз, 
солбыраңқы немесе тіпті шектен тыс əсіреленіп, жалған 
шығып жатады. Мұны біз Толстойдың аудармаларын 
зерттеген Ə. Сатыбалдиевтің, Гоголь аудармаларын 
зерттеген С. Талжановтың еңбектерінен жəне Горький 
шығармаларының аудармаларын қарастырған өз тəжіри-
бемізден байқадық. Сонда қайсыбір аудармаларда 
Толстой, Гоголь, Горький кейіпкерлері өздерінің жаңа 
Отанында өзгеше оғаш көрініп, тиянақты орын таппай 
жатады. Мұның бəрі əлгіндей стильдік ерекшеліктердің 
ескерілмеуінен. Аудармада тілдік нұқсан мен стильдік 
өрескелдіктердің орын алып жататыны – орыс тілінің 
бай функционалдық стилін, əр алуан əлеуметтік қатпар-
қыртыстарды білмеуден немесе орыстандырып аламын 
ба деген қауіптен ғана емес, стильдік, экспрессиялық 
құралдарға сəйкес құрал таба білмеуде. Өз елінде 
классиктер қатарында саналатын жазушының аударма 
елінде қатардағылардың біріне айналып шыға келетіні 
осыдан. Мысалы, ұлы Абайдың немесе Ғ. Мүсірепов-
тің т.т. орыс оқырмандарына ортақолды каламгер қата-
рында жеткізілуінің себебі де қазақ əдебиетінің өзіне 
тəн əлгіндей экспрессивті-эмоционалдық мүмкіндігін 


347
айқын танытатын грамматикалық құралдарды терең 
зерттеп біліп, творчестволық ізденбеуден. Немесе 
қазақ тіліне Толстойды, Гогольді, Достоевскийді, 
Салтыков-Щедринді, Пушкинді, Некрасовты, Чеховты, 
Островскийді т.б. асқан сөз зергерлерін өзді-өзіне ғана 
тəн қасиет-қадірімен түгел жеткіздік деп айта аламыз 
ба? Жоқ, айта алмаймыз. Оларды қаншама талантты 
тəржімашы, тамаша жазушыларымыз аударғанмен, 
халқымыздың рухани қазынасына айнала аларлықтай, 
үлкен бір кезеңдік құбылыс деп танырлықтай дүниені 
əзір жасай алғанымыз жоқ. Өйткені ғылым мен 
творчествоны қанаттастыра қатар өрбітіп, ізденетін 
аудармашы аз. Кəнігіліктен гөрі, кəсіпқұмарлық басым 
түсіп жатады.
Орыстың сөйлеу тілінде адам пайымына, парасатына 
қатты əсер ететін экспрессия мейлінше мол. Мұны орыс 
жазушылары шығармаларынан да байқауға болады. 
Осыған лайықты эквивалентті аударма тілінен де 
іздеу қажет. Қуану, ренжу, қамығу, қайғыру, шаттану, 
шалықтау, мақтау, мадақтау, кемсіту, келеке ету, мұңаю, 
мүлəйімсу, қулану, қуару, күлу, күңірену, алдау, арбау, 
айналу, аймалау, қарғау, қалжыңдау, қағыту, ұрсу, 
ұру, жылау, жырлау, жалбарыну, жарамсақтану т.б. 
толып жатқан шегі, шеті жоқ халық тілінің адамның 
психологиялық 
көңіл-күйін 
білдірер 
стильдік, 
экспрессиялық мүмкіндіктерін жете меңгермей тұрып, 
түпнұсқаға лайықты балама табу оңайға соқпайды. 
Тілдегі осындай эмоционалдық экспрессивті белгіні 
жасайтын грамматикалық құралдарды тілшілер көптен 
салыстыра зерттеп келеді. Ал аудармашылар жағы бұған 
əзір көңіл аудармауда.
Ағылшындар мен скандинавтықгар ұрыс-керіс 
сөздеріне шорқақ. Бұл жағынан итальяндықгар мен 


348
орыстар көсіліңкірейді. Біздің қазақ та шабыттанып алса, 
біраз жерге барады. Мəселен, орыстарда «дурак» деген 
бір ғана сөзді, қалайша түрлендіріп қолдануға болатынын 
қараңыз. Мамандар «Вы (ты) дура (дурак)» дегенге қоса, 
мұның «Дура ты такая!», «Эх, дура ты, дура», «Дуреха 
ты, право, дуреха», «И дурища же ты!» «Балда ты, бал-
да» т.б. тəрізді түрлерін көрсетеді. Осының əрқайсысы-
ның стильдік-эмоционалды астары əр алуан. Біздің қазақ 
тілі қанша бай дегенмен, осындағы стильдік-экспрессив-
тік айшықтарды беруге келгенде аудармашылар балама 
таппай қиналып жатады. Кедергілердің бірі осы деп 
отырғанымыз сондықтан. Бір ғана «ақымақ» деген сөзді 
орысша осыншама түрлендіріп беруге болады екен. 
Аудармашыға осыншама мол мүмкіндікті түпнұсқаға 
дөп келетіндей етіп, бірін ғана таңдап алу оңайға 
түспейді. Соңдықтан кейде амалсыз плеоназмдерге 
(басы артық сөздерге) баруға тура келеді. Оқырманға 
керегі тек жекелеген тіл ньюанстары емес, көркем 
шығарманың тұтастығы екенін түсінеміз. Сөйтсе де сол 
тұтастықтың көркемдік мазмұнын қамтамасыз ететін
осындай тілдік элементтер екенін ұмытпаған жөн.
Орыс тілінде ой мен сөзді үстемелеп күшейте 
түсетін жəне сөйленіс арасындағы үзілісті жалғастырып 
тұратын «Он-то знает», «Да уж, не говорите!», «знаете», 
«понимаете», «так сказать» дегендер жалпы жол-жөнекей 
қыстырмаланған, əдеби тілге жатпайтын, керексіз басы 
артық сөздер болып есептелінеді. Əйтсе де бұлар кейіп-
кер бейнесін жасауда табиғилықты танытатын қажетті 
бөліктер. Мұндайлар көркем шығармада қаптап қатар 
түзейді. Жазушының шығарманың стильдік ерекшелігін 
білдіруде бұлардың да мəні айрықша. Өйткені бұлар 
қарапайым халық тілінен жалғасқан табиғи қазына. 


349
Аудармашы жазушының жанашыры болғандықтан, ең 
алдымен орыс тілінің осындай фактілерін жіті қадағалап 
ескеріп отыруға тиіс. Мұндайлардың ана тілде баламасы 
жоқ деп аттап өтуге болмайды. Ондай фактілер болған. 
Күні бүгінге дейін кездесіп те қалады. Бұған қиянат 
жасағаның түпнұсқаға, авторға, оқырманға жəне өзіңе-
өзің қиянат жасағаның.
Аударма ғылымының теориялық мəселелерімен 
шұғылданған зерттеуші, енді ең алдымен мұны лин-
гвистикалық тұрғыда (əрине, ғылымның өзге: əдебиет, 
тарих, психология т.т. салаларымен байланыстыра 
отырып) қарастырып, аударма тəжірибесінде жинақ-
талған деректерді саралап, талдайды, түсіндіреді, 
түйіндеп қорытынды жасайды. Осының бəрі аударма 
практикасы үшін ғылыми негіз болуы мүмкін. Шешуші 
рөл атқаратын қашанда контекст. Əрбір жеке жағдайды 
творчестволық санамен саралай білу кажет. Əсіресе, 
көркем аудармада теориялық ізденіс пен практикалық 
істің аражігін айырып тану өте керек-ақ.
Ал қазақ аударма ғылымы мен практикасы ғылыми 
тұрғыда түгел жинақталып, түбегейлі сараланып 
бітті ме деген сауалға оң жауап бере қою қиын. Бірен-
саран əрекеттер болғанмен, осынау көл-көсір дүниенің 
ауқымын анықтап, онда бой көрсеткен тамаша 
тəжірибелер мен ұтымды да ұрымтал əдіс-тəсілдердің 
ғылыми бағасы əлі күнге берілмей отыр.
Мұның негізгі себебі неде? Бар мəселе маман 
жетіспеушілігіне барып тіреледі. Əлеуметтік өміріміздің 
салтанат құруына мейлінше мол үлес қосып келе 
жатқан бұл игілікті іспен жоспарлы түрде айналысатын 
маман кадрлар ешқашанда арнайы дайындалған емес. 
Аудармамен айналысатындардың да көбі өз бетінше 
іздене жүріп тəжірибе жинақтаған энтузиастар. Оның 


ғылыми 
проблемасымен 
айналысатындардың 
да 
көпшілігі осы проблеманы өмірлік қалауы етіп, өзінше 
əрекеттеніп жүрген бірен-саран əуесқойлар. Мұндай 
маңызды мəселені жалпыхалықтық деңгейге көтеріп, 
мемлекеттік тұрғыда шешпесе болмайды. Міне, 
сондықтан жуырда үкіметіміздің қамқорлығының 
арқасында 
аударма 
процесіне 
иелік 
жасайтын 
аудармашылар орталығының ашылуы көңіл қуантады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет