Үшінші тəсіл. Орыс мақал-мəтелдерінің көбінің
қазақ тіліндегі баламасын табуға болады. Яғни тіршілік
дүние, болмыс, табиғат жайындағы ортақ түсінікке орай
жəне күнделікті тұрмыстық, əдет-ғұрып, салт-сананың
ұқсастығына сай бірінен-бірін ажыратып алғысыз егіздің
сыңарындай мақал-мəтелдерді қай халықтан да көптеп
кездестіруге болатыны айқын. Осындай балама мақалдар
бар болса, түпнұсқаны аударып жатудың қажеті жоқ. Бұл
тəсілге салынатын мақал-мəтелдердің мағынасы мен
құрылысында «мен мұндалап» тұрған ұлттық ерекшелік
болмауға тиіс.
Бүкіл халықтық, яғни азаматтық ұғымды сыйымды,
барлық елге ортақ мақал-мəтелдерде ғана осындай
сəйкестіктер бар. Үшінші тəсілдің тағы бір ұтымды
жағы сол, мұңда түпнұсқаның фразеологиялық
ажары сақталады. Ал аударылуға душар болған фра-
зеологизмнің қайсыбірінде, қанша дегенмен осы
жағынан ақаулар байқалып қалатыны сөзсіз. Яғни
көптеген мақал-мəтелдерді дəл аударғанда ауызекі
сөйлеу тіліне тəн тірілігінен жəне афористік бояуынан,
астарлы мағынасынан айырылып қалатынын байқап
жүрміз. Тағы да қайталап айтамыз эквивалент болып
келген мақал-мəтелдерде осы көрсетілген қасиеттің бəрі
дерлік жеткізіледі.
Жалпы көрші туыс халықтардың тəжірибесінде де бұл
ең сенімді тəсіл ретінде бой көрсетеді. Бұл сəйкестіктің
119
мынадай екі түрі байқалады. Бірі: достың достығы
басыңа іс түскенде танылар – друзъя познаются в беде;
не ексең – соны орарсың – что посеешь, то и пожнешь;
жаман əдет жұққыш келеді – дурной пример заразителен;
суға кеткен тал қармайды – утопающий хватается за
соломинку; асыққан қалар ұятқа – поспешишь людей
насмешишъ т.б. мысалдарға қарасаңыз, бұл мақалдар
мағынасы жағынан да, түрі жағынан да біріне-бірі
сайма-сай келіп тұр. Ал мына мысалдардан жартылай
сəйкестерді байқаймыз: қызым, саған айтам, келінім
сен тыңда – кошку бъют, невестке наветки дают;
жапалақты таспен ұрсаң да, тасты жапалақпен ұрсаң
да жапалақ өледі – куда ни кинъ – все клин т.б. Бұларда
мақалдардың мағынасы дəл сақталады.
Бұл сөз болып отырған үш тəсілдің үшеуінің де ұлттық
өзгешелігі айқын көрініп тұрған мақал-мəтелдерге
қатысы жоқ. Осы үш тəсілге жатпайтын фразеологизмдер
бөлек қарауды тілейді. Олар белгілі бір ұлттың тек өзіне
ғана тəн ерекшеліктері бар, басқа тілге аударғанда бар
қасиетін жоғалтуға бейім мақал-мəтелдер. Ең қиын əрі
күрделі мəселелердің бірі осы. Мұндай мақал-мəтелдерді
аудару қажет пе, жоқ қажет емес пе дегенге кімнің қалай
қарайтыны жоғарыда біраз талданды. Ұлттық өзгешелік
дегеніңіздің өзі де бірыңғай бола бермейді. Оның əрқилы
түрі бар. Бұлардың қатарына халықаралық, мифтік діни
мағынада қалыптасқан фразеологизмдерді жатқызуға
болады.
Біз мұндай мақал-мəтелдерді аудару қажет деп
есептейміз. Бұл ойымызды біз төмендегідей жəйттермен
дəлелдеуге тырысамыз. Біріншіден, аударма мəселесімен
көптен айналысып, талай теориялық еңбек беріп
келе жатқан айтулы ғалымдардың нақты тəжірибеден
шығарған тұжырымдарына сүйенуге болады. Мəселен,
Чуковский ұлттық ерекшелігі айқын көрініп тұрған
фразеологизмдерді қалайда аудару қажет деп есептейді.
Себебі оқырманға керегі сол өзгешелік, соның табиғаты,
болмысы, онсыз түпнұсқаның негізгі қасиетінен
құралақан қалдырамыз дейді. Əбден қосылуға
болады. Ұлттық өзгешелікті берген талай мысал бар.
Біздің зерттеп отырған саламызда да, бұлардың əр
қилы жолдары кездесетінін көрсетуге тырысамыз.
Көркем шығармаларда қолданылған фразеологиялық
единицалардың бəрі бірдей біз көрсеткен тəсілмен
бұлжымай аударылған деп айтудан аулақпыз. Аударыл-
ған шығармалардан жиналған мысалдарды осы тəсіл-
дерге салып көрейік. Əрине, кезінде аудармашылардың
ешқайсысы да дəл осы тəсілдер бойынша аударайын
деп отырмағаны белгілі. Олар ең алдымен қал-қада-
рынша оқырманға түсінікті болу жағын көздеген. Бұл
бірінші шарт. Ал түсінікті ету үшін тілді білген жөн,
білген емес-ау оның барлық элементтерін жұтып жібе-
ріп түпнұсқа аясында қалағанынша шарықтай алуы
қажет.
121
Достарыңызбен бөлісу: |