Құлақтыға сөз айтсаң,
Құлағының астында.
Құлақсызға сөз айтсаң,
Құла қырдың астында.
Бұл қазақ фольклорынан алынған мысал. Мұнда
ұйқас немесе ішкі ұйқас жоқ деп кім айта алады. Шалыс
ұйқас дегеніңіз осы емес пе?
Басқа тілдердегі мақал-мəтелдердің көпшілігінен
ассонанс пен аллитерация тəсілін қолдану арқылы беруге
болатынын дəлелдеген автор мысалдарының сəттілері
де көп. Осы тəсілмен аудару процесінің талдамасы
талай аударушыға талшық боларлық, ой саларлық
нəрселер. Мəселен, Мұзафар Əлімбаев «у хорошей
головы – сто рук» деген малаял мақалын ассонанс
тəртібімен үйлестіріп, «ақылды бастың алпыс қолы бар»
деп береді. Бұл жерде түпнұсқаға «адалсынған» кейбір
аудармашысымақтар «жүз» бен «жақсыны» іздеп əуре
болар еді. Мəселе қолдың санында емес, соның мəнінде
екеніне мəн бермес еді. «Умелому – везде место» деген
əзірбайжан мақалының кейбір сөздерін алмастырған.
Өйткені зерттеушінің дəлелдеуінше, «везде место»
дегенді қазақшалау үшін шынында да «қай жерде де
101
орын көп» деп шұбатып алар едік. Сондықтан бұл
жерде де ассонанс көмекке келген. «Өнерлінің – өрісі
кең» деп біршама дұрыс шешім тапқан. Ал біздіңше,
ақыры бұлай алған соң «өнерліге өріс көп» десе тіпті
дұрыс деп есептесек, онда «императордың» – «хан»
болып қазақшалануын құптай алмаймыз. Біріншіден,
«хан қателессе – халықтың соры» дейтін қазақтың
өз мақалы бар. Сондықтан мұны аударма деп берудің
реті жоқ. Екіншіден, император мен хан сөзінің
мағыналық шеңбері тең емес. Бұл екі сөздің екеуінде
екі халықтың тарихи шындығына байланысты сіңген
айырым мағыналары кімге болса да айқын көрінеді.
Оны елемеу, оны ескермеу – аудармашының біліміне
дақ түсіретін қылық . Əңгімеге арқау боп отырған
мақал белгілі бір тарихи оқиғаға негізделген көркем
шығармада қолданылған болса, онда мұны аудару күр-
делі проблемалардың бірі ретінде көлденең тартылар
еді. Ендеше М.Əлімбаевтың аудармашы ғалымдарды
толғандыратын күрделі мəселелерді талдауға келгенде,
жалтара жол тауып, жанамалап кететінін байқаймыз. Осы
тəрізді «Ұшқары əзіл ұрыншақ» дегенді біз автордың өзі
айтқандай «зергердің қашауы мен қырнауынан» өткен
мақал деп тани алмаймыз. Қайта мұны өзімізде бұрыннан
бар – «Əзіл түбі – зіл» деген баламамен берсе қайтер еді.
«Көңіл соқыр болса, көзге не амал» дегенді автор «нет
ума – не помогут и глаза» деген мақалдың баламасы
ретінде берген. Мұны аударғанда да ол дұрыс бағытты
байқайды да, барар жерін бағдарлай алмай қалған. Егер
«көкірегің көр болса, құр көзіңнен пайда жоқ» десе де,
біршамаға келер ме еді деп ойлаймыз.
Біздің топшылауымызша, автор келтірген мына
бір қағиданың қажеті жоқ еді. Сөзбе-сөз келтірейік:
«Аударылатын шығарманың рухына жақындай түсуі
102
үшін, түпнұсқадан алыстай түсу керек» дейтін қағиданың
дұрыстығына мақал-мəтелдерді аударғанда да көзіміз
жетті». Оның бұлай дейтін себебі – «өзге тіл тұтқынын-
да» қалмай, «туған тіл теңізі айдынында еркін жүзу».
Ал сол туған тіл теңізін шарлататын не жəне не үшін
шарлайсыз? Өзге тіл құдіретін білдірерлік элементтерді
өз тіліңнен табу үшін шарлайсыз. Сонда негізгі мақсат
тұтқында болу емес, бұлай тілді безеудің қисыны жоқ,
мақалдың мəнін-мағынасын, ондағы сиқырлы бейнелеу
тəсілдерін ана тіліне барынша дəл, барынша адал
жеткізу мақсат. Мұнда кісі аттары кездесетін мақал-
мəтелдерді аудару мəселесі де сөз болады. Автор кісі
аттарын түпнұсқадағы күйінше алмай қазақыландырып,
яғни ана тілде бар есімдермен ауыстырып алған жөн
деп кесіп айтқан. Əркім өз пікірін өрбітуге хақы бар.
Бірақ зерттеуші болған соң өзге пікірлердің де төркінін
баққан жөн. Кісі аттарын аудару-аудармау жөнінде
С.Талжанов, Ə.Сатыбалдиев сияқты ғалымдардың
дəйекті пікірлері бар. Олар кісі аттарын өзгертпеу керек
дегенді айтады. Аударма тарихы беттерін ақтарыңқырап
қарасақ, бір кездерде ондай есімдердің неше түрлі
Аллаберді, Қарынбай, Қайырғали боп берілгенін білеміз.
Собакеевичтердің – Итбаевтар болып, Ноздревтар-
дың – Тұмсықовтар боп берілгенін қазір күле қарап
оқимыз. Бұлар əрбір кезеңнің өз белгілері. Енді оған
қайта оралу аударма мəдениетін кері кетіру боп саналмақ.
Платон мен Лұқпан хакімді қалайша айыра алмаймыз.
Сол Платонды бұрынғыша Аплатон дейтін болсақ, ұшы-
қиырына жетпейтін былыққа еніп кетер едік.
Əйтсе де, бұл жерде де сол есімдердің табиғатын
ажырату қажет. Яғни туыс тілдер мен туыс емес тілдер
кісі аттарының аударылғыштығы екі түрлі. Туыс емес
тілдердегі кісі аттарын аударуға болмайды, оларды
103
сол күйінде алу қажет. Əйтпесе ұлттық ерекшелік
дегеніміздің ең басты белгілерін жойып аламыз. Ал
тұрмысы, тірлігі бір, тілі туыс түркі сияқты халықтардың
туындыларын бірінен-біріне аударғанда кейбір фоне-
тикалық өзгешеліктерді ескермеуге де болатын тəрізді.
Біз кісі аттарына байланысты айтып отырмыз. Оның
себебі көптеген кісі аттары белгілі бір мағынаға ие. Əр
тілдегі ондай кісі аттары сол тілдің фонетикалық тонын
киеді. Сол есімдерді сол күйінде алатын болсақ, еріксіз
езу тартқызатын күйге ұшыраймыз. Оқушы бəріне
түсініп отырса да, тілі тұтқырланып, шығарманың
оқылуы қиындамақ. Сондықтан ондай есімдердің
əлгіндей дыбыстық жабдықталуын аударылатын тілдің
табиғатына сай берген абзал ма дейміз. Мысалы,
қырғыздарда Құлкиши деген есім бар. Мұндай есімдерді
сол күйінде алсақ түпнұсқаға да, аудармаға да нұқсан
келтірер едік. Түпнұсқаға дейтін себебіміз қазақ
оқырманы Құлкишині өмірі бұлай оқымайды. Ол Құлкісі
деп оқиды. Сондықтан мұндай мағыналық өңі екі тілге де
бірдей кісі аттарын аударылатын тілдің заңдылықтарына
орай берген жөн сияқты.
Зерттеушінің тағы бір көңіл қойған мəселесі – аударма
кезінде сөз үнемдеудің түрлері. Қай тілден қандай
тілге аударсаңыз да сөйлемнің көлемі кейде ұлғайып,
кейде тарылып отыратынын байқаймыз. Тілдердің
өзіндік заңдылықтарына тереңірек бойлай білмеген
кейбіреулер, əлгіндей құбылысқа қарап, тілдерді бай
не кедей деп бөлуге тырысады. Мəселенің байыбына
бармай беделді байлам жасау зерттеушілік қасиет
емес. Белгілі бір ұғымды берудегі тілдік құралдың я
көп, я аздығына қарап əрбір тілдің, ең алдымен өзіне
ғана тəн өзгешеліктерін, заңдылықтарын танимыз. Сол
тілдегі сөздердің өзара байланысу, тіркесу қабілетін
104
барлаймыз. Осыларды түбегейлі танып, білгеннен кейін
ғана аудармаға баға беруге тырысамыз. Жоғарыдағы
тасулық пен тарылу төңірегінде неше түрлі талас
пікірлер болған, болып келеді жəне əлі бола бермек
деп ойлаймыз. Өйткені тілдің табиғаты өте қызық
құбылмалы, дамымалы болып келеді. Аударма процесі
тұсындағы тілдің сан түрлі сарапқа салынуы, сан
алуан құбылысқа түсуі зерттеушілерді қилы-қилы ойға
жетектемек. Аудармадағы əлгіндей құбылыс М. Əлімбаев
жолдасты да біраз ойларға жетектеген. Ол алдымен,
«Бір тілден екінші тілге аударылғанда шығарма көлемі
өсіп кететіні заңдылық деушілер де табылады» деп
алады да, сол пікірге мүлде қарама-қарсы дау айтады.
Түпнұсқаны қайта «шөп-шалам бостекі сөзден арылту»
қажет дейді. Біз бұл пікірдің екеуін де ғылыми дəлелді
пікір дей алмаймыз. Біріншіден, аударылған шығарма
көлемінің өсіп кетуін заңдылыққа айналдыру мүлде
қате. Шығарманың мазмұны мен табиғатына орай оның
көлемі қилы-қилы болуы мүмкін. Сол мазмұнды берер
тіл құралдарының əртүрлі қызметі де мұндай үзілді-
кесілді байлам жасауды қаламайды. Бұл пікір Мұзафар
Əлімбаевтың ашып отырған жаңалығы емес. Егер Батыс
Европа əдебиетінің тарихына үңілсек, бір кездерде
өзге халық туындысын аударылатын тілде сөйлейтін
елдің талап-талғамына бейімдеп, өңдеп аудару етек
алған кезі де болған. Шекспир кейіпкерлері французға
айналып жататын. Мынау пікір соның бір көрінісі.
Екіншіден, М. Əлімбаевтың түпнұсқаны өңдемек болуы
көптен қалыптасып келе жатқан аударма теориясының
қағидаларына қайшы.
Аудармашының міндеті түпнұсқаны өңдеу емес,
ондағы бар нəрсені мейлі қандай кемшілігі, тіл мүкісі
болса, тіпті соларды да түгел жеткізуге тырысу емес пе.
Осы күнгі адекватты аударма деп жүргеніміздің бізге
105
қояр талабы осы. Бұл жерде аударма шығармашылық
өнер болғандықтан, əлгіндей қысымға көнбейді
деушілер де табылар. Əрине шығармашылық өнер екені
даусыз. Осыған қарап аудармашының түпнұсқадан тыс
кетіп, өзінше көсілуіне болады деу қате. Аудармашының
шығармашылық еркіндігі түпнұсқаның аясында ғана
болмақ. Оның еш нəрсені қосып, еш нəрсені алып
тастауға хақысы жоқ. Түпнұсқада неше қилы тіл
тебіреністерімен баяндалған мазмұнды, аударылған
тілдің бай құралдарымен оқырманға шебер жеткізу
тұсында ғана аудармашы шығармашылық өнерін
сарқа пайдалануы тиіс. Аударманың қиындығының өзі
осынысында. Яғни өз жанынан еш нəрсе қоспай, еш
нəрсе қысқартпай, бар нəрсені бабымен беру оңай іс
емес. Қазіргі кезде аудармашы ұстанатын темірқазық
осы. Ал енді түпнұсқадағы кейбір сөйлемдердің сөз
тіркестерінің жəне жекелеген сөздердің атқарып тұрған
қызметіне орай, екінші тілде бірде артып, бірде кеміп
кететіні рас. Бұған қарап жоғарыдағыдай екі түрлі
теріс пікірді мақұлдайтын болсақ, аударма ғылымында
арылмайтын былыққа батамыз да кетеміз.
Бұл əңгіме болып отырған кейбір мəселелер біздің
көзқарасымызға оғаштау көрінгенмен, қалың оқырман
үшін кітаптың бағасы айрықша. Мақалада қозғалған
даулы нəрселер əсте еңбектің құнын түсіру мақсатында
емес, ғылыми пікірталас ретінде ғана ұсынылып отыр.
Ендеше автордың мақал-мəтел аудармасын зерттеу
арқылы қазақ филология ғылымына сүбелі үлес
қосқанын ашып айтқан жөн.
Фразеологизмдердің аудармасын арнайы зерттеген
еңбектер өзге тілдерге қарағанда, орыс тілінде аздап
болса да барырақ [57]. Диссертациялық еңбектер де,
жеке монографиялық еңбектер де [58] бар. Бірақ бұлар
106
тек фразеологизмдердің аудармасын ғана тексеріп қой-
майды. Белгілі бір тілдің фразеологиялық байлығын
жинақтап, олардың классификациясы, табиғаты, жұм-
салу қызметі жайында ғылыми дəйектемелер жасалады.
Бұлардың ішінен баса назар аударуды тілейтін пікірлердің
бірі Москва ғалымы доцент А. Я. Рожанский пікірі.
А.Я. Рожанский 1948 жылы «Иностранные языки в
школе» журналының 3-санында жарияланған «Идиомдар
жəне олардың аудармасы» деген мақаласында көптеген
ғалымдардың тұжырымдарына мүлде қарсы пікір айт-
қан. Жəне оның пікірлері бос даурықпа сөз емес, ғылыми
деректерге негізделген салмақты пайымдаулар. Ол не
дейді? Ең алдымен Рожанский идиомдардың аудармасы
жайында топшылау жасаған өзіне дейінгі ғалымдардың
пікірлерін ғылыми тұрғыдан алып қарастырады да,
дəлелдерінің негізсіз екенін көрсетеді. Ол қандай
пікірлер еді? Идиомдарды бір тілден екінші тілге аудару
мүмкін емес, өйткені олардың құрамындағы сөздер
өзінің бастапқы мағынасынан айырылып, дерексізденіп
кеткен дейтін пікір. Мұндай пікір күні бүгін де кейбір
оқымыстылардың ғылыми тезистеріне тірек болып
келеді. Автор осы тəрізді пікірлердің түп төркіні шет
тілі мұғалімдерінен тарағанын біледі. Рожанский
идиомдарды аударуға əбден болатынын, олардың ішкі
сыртқы табиғатын, яғни семантикалық құрылысын,
экспрессивті ажарын айқындау арқылы дəлелдеген.
Зерттеуші орыс тіліне идиомдарды аударудың нақты
жолдарын ұсынады. Бірінші жолы – эквивалентті
аударма. Екінші жолы – сөзбе-сөз (калька) аудару тəсілі.
Үшіншсі идиомдардың мағыналық мəнін ғана беру
жолы.
Аударма ғылымы теоретиктерінің бірі А.В. Федоров
өзінің «Основы общей теории перевода» деген
107
кітабында бүкіл аударма проблемасының бар мəселесін
лингвистикалық тұрғыдан талдаумен қатар, оның
жалпы лексикологиялық мəселелеріне де біраз
тоқтайды: Бұл тараудың «Фразеологиялық құбылыс»
(«Фразеологические явления») деген бөлімінде идиом-
дарды, метафоралық тұрақты тіркестерді аударудың
жолы қарастырылады. Автордың пайымдауларына
қарағанда, идиоманы аудару керек, бірақ оның жолы
көп емес. Жəне қай тілде болмасын идиомдар да көп
емес. Олай болса бұларды аударғанда мағынасын
сақтау қажет дейді. Идиомдардың негізгі қасиетінің
бірі
ретінде
айтылатын
«аударылмайтындықты»
(«непереводимость») негізгі нысанадан тайдыратын
пиғыл деп жоққа шығарады. Идиомалардағы сөздердің
жоғалған бастапқы лексикалық мағынасы тек тіл
білмейтіндерді ғана тосылтады деп түсінеді ғалым.
Қателіктің көбі идиомдардың компонентінен бастапқы
мағыналарды іздеп əуреленуден туып жатады.
Əріпқойлық дегеніміз осыдан шығады дейді. Яғни бұл
ғалым да идиомдарды аударуға болады деп түйеді. Осы
заманғы француз əдебиетінің орыс тіліне аударылуынан
мысал келтіре отырып, идиомдардың көпшілігінің
метафоралы тұрақты тіркестермен берілу себебін осыдан
деп түсінеді. Сонымен А.В. Федоров идиоматиканы
аударманың жалпы тілдік мəселелердің ішіндегі аса
күрделісі деп қарайды.
Ал тұрақты метафоралық тіркестер дегенге автор
тиянақты ойды білдіретін жеке бір сөйлем тəрізді нақыл
сөздерді – мақал-мəтелдерді жатқызады. Бұларды бір
тілден екінші тілге аудару мəселесін өзіндік ерекшелігі
бар жеке сөздер – реалийлердің аударылуымен салысты-
рады. Кеңестік аударманың кейінгі онжылдық тəжіри-
бесін талдай отырып, мақал-мəтелдер құрамындағы
108
сөздердің заттық бейнелі мағынасын беруге болатын
мысалдарды дəлел ретінде ұсынады. Мұндай жағдайда
мақал-мəтелдегі əрбір сөздің лексикалық мағынасы
жеткізіліп, оның үстіне ауыспалы мағынасы мен
синтаксистік құрылысына дейін беруге болады екен.
А.В. Федоровтың ұсынатын екінші тəсілі – мақал-
мəтелдер құрамындағы кейбір сөздер бөлігінің заттық
мағынасын өзгертіңкіреп беру.
Үшінші тəсіл – аударылатын тілде бұрыннан бар
мақал-мəтелдерді, жалпы фразеологиялық тіркестерді
балама ретінде пайдалану, мұндай тəсілмен ешқандай
ұлттық өзгешелік, реалий жоқ мақал-мəтелдерді ғана
беруге болады.
Осыған ұқсас пікірді, біз 1969 жылы Москвада басы-
лып шыққан Т.Р. Левицкая мен А.М. Фитерманның
кітабынан [59] да табамыз. Бұл кітап аударманың
теориялық жəне практикалық мəселелерін сөз етеді.
Еңбектің теориялық бөлігі үш түрлі мəселені үш та-
рауға бөліп қарастырған. І тарауда аударманың жалпы
проблемалары: дəлме-дəлдік, əріпқойлық жəне адекват-
Достарыңызбен бөлісу: |