Перифраздары



Pdf көрінісі
бет10/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   80
Байланысты:
Ө.Айтпаев Қазақ фразеологизмдері

салғандай (əдемі, сүйкімді), мұртын балта шаппайды 
(мығым, дəулетті), қой аузынан шөп алмас (момын), 
аузы-мұрны қисаймастан (ұялмау, шіміркенбеу), 
ала жібін аттамау (ұрлық-қарлық жасамау) т. б. 
мұның қай-қайсысы болсын беріп тұрған мағынасы 
құрамындағы сөздердің мағынасымен байланыспаған. 
Мəселен, мұртын балта шаппайды дегеннің мағынасы 
мұрт, балта, шап сөздерінің лексикалық мағынасына 
байланысты емес. Бəрі жиылып, мүлде басқа бір ұғымды 
білдіріп тұр.
Фразеологиялық тұтастықтар кез келген тілде бола 
береді: өзбек, ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ т. б.
Ұйғырларда: чойлида турмайдиған (сөзбе-сөз аудар-
ғанда «ойда тұрмайтын») – «ойға сыймайтын ақылсыз, 
ақымақ»; чишкэ тэгмэк (сөзбе-сөз – «тіске тимек») – 
«ашуландыру, ызасын келтіру»; тува тілінде: башка 
хан кудар (сөзбе-сөз аударғанда «басқа қан құю») – 
біреуді жермен-жексен ету, қиын жағдайға ұшырату.
Бұл тəрізді фразеологиялық тұтастықтарды кейде 
идиомалар деп те атайды. Идиомаландырылған 
(идиоматизация) сөз тіркестерінің грамматикалық мағы-
насы да өзгеріп кетеді. Осындағы сөздер мағынасы 
жайшылықтағы сөздердің мағынасынан мүлдем өзгеше. 
Мысалы, жұмысқа ат үсті қарауға болмайды дегендегі 
тұрақты тіркес беретін мағына ат үсті деген еркін 


55
тіркес мағынасына мүлде сай келмейді. «Қас пен көздің 
арасында» – лезде деген үстеу сөздің синонимі, «қой 
аузынан шөп алмас» деген тұрақты тіркес – момын деген 
сын есімнің синонимі, «үріп ауызға салғандай», «тонның 
ішкі бауындай» деген сөз тіркестері де жеке сөздердің 
синонимі ретінде қолданылып, сын есім сөздің қызметін 
атқарады.
«Фразеологиялық тұтастықтардың семантикалық 
жақтан 
бөлініп, 
ажыратылмауы 
сөз 
тіркесінің 
грамматикалық жақтан мүшеленбеуінің басты себебі 
болып 
табылады. 
Фразеологиялық 
тұтастықтың 
семантикалық бірлігі оның грамматикалық табиғатын 
да өзгертеді. Мысалы, орыс тіліндегі спустя рукава 
(қазақша – қол қусырып) сөздердің көсемшелі орамынан 
(деепричастный оборот) үстеу сөзге айналған. Мұның 
орысша, қазақшасы грамматикалық жақтан мүшелен-
бей, бір ғана үстеу сөз ретіңде қолданылса, мойны 
жар бермеу, кежегесі кейін тарту деген тұрақты сөз 
тіркестерінің əрқайсысы еріну деген мағынада бір бүтін 
лексикалық единица – етістік ретінде қолданылады.
«Белгілі бір тұрақты фразеологиялық тіркестің 
фразеологиялық тұтастық деп танылуы үшін оның 
құрамындағы жеке сыңарлар лексикалық мағыналары-
нан, өздерінің дербестігінен айырылуы шарт». 
В.Виноградов мұны: «ертіндіге айналған лексикалық 
бөлшектердің химиялық қосындысы», – дейді.
Фразеологиялық бірліктерге К. Аханов мынадай 
анықтама береді: «Мағынасы жағынан ажыратылмай, 
тұтасынан бір бүтін мағынаны білдіретін, бірақ сөз 
тіркесінің бір бүтін мағынасы лексикалық сыңарлардың 
мағыналарының бірігіп тұтасуынан туатын тұрақты 
фразеологиялық сөз тіркестері, фразеологиялық бір-
лестіктер (фразеологические единства) деп аталады». 


56
Бұлар лексикалық мағынасы толық сақталған сөздерден 
бірігіп, тіркестің бүтін мағынасы сөз тізбегінің 
мағынасымен астарлас, образды, бейнелі, астарлы 
болады. «Түймедейді түйедей ету» деген тұрақты 
тіркестен туатын мағына осыларды құрап тұрған 
сөздердің астарлы, образды мағынасымен тығыз 
байланысты.
Ауырдың үсті, жеңілдің астымен, көзді ашып-
жұмғанша, ауыз жаласқан, аузына құм құйылу, аузынан 
түскендей, тайға таңба басқандай, соқырға таяқ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет