ұстатқандай, екі езуі екі құлағына жету, қысқа жібі
күрмеуге келмеу, жаны мұрнының ұшында, жанын
қоярға жер таппау, ер-тоқымын бауырына алу,
тамырына балта шабу т. б. жоғарыда айтылғанға дəлел.
К.Аханов бұлардың басты белгілерін былай көр-
сеткен:
а) əрдайым бірден аңғарыла бермейтін астарлы,
образды мағынасы болады;
ə) өте-мөте мəнерлі, əсерлі болу қасиетімен ерек-
шеленеді;
б) сыңарларының орнын өзгертуге немесе басқа
сөздермен алмастыруға болмайды;
в) тіркесті синонимдес келетін бүтіндей фразео-
логиялық сөз тіркесімен немесе мағына жағынан дəлме-
дəл келетін жеке сөзбен алмастыруға болады.
Ал енді фразеологиялық тізбектер – дегеніміз
не? Мағынасы жағынан құрамындағы сөздердің
мағынасымен байланысып жататын, тіркесу тұрғысынан
орнығып тұйықталған сөз тіркестері фразеологиялық
тізбектер деп аталады.
Тілде сөздердің өзара тіркесу қабілеті бірдей емес.
Қайсыбірі кез келген сөзбен тіркесіп, белгілі бір ұғымды
білдіруге бейім болса, енді бірі азғана сөздермен
57
одақтасып, сонымен ғана тіркеседі. Тіркесу қабілеті
əртүрлі. Сөздердің тұрақты тіркесте қолданылуға сеп
болатын нəрсе, ол сөздердің лексикалық мағынасының
образды, астарлы мағынаны қолдану қабілеті. Тұрақты
сөз тіркестерін белгілі сөздер тобы ғана жасайды.
Кез келген сөз тұрақты сөз тіркесін жасай алмайды.
Кейбір белгілі бір тұрақты сөз тіркесінің құрамында
ғана қолданылып, басқа тіркестерде мүлде кездеспейді.
Мысалы, асқар тау, шалқар көл, жосадай қан, мидай
дала, қыпша бел дегендегі асқар, шалқар, жосадай,
мидай, қыпша сөздері тек осы тіркестерде ғана
қолданылады.
Бүкіл тұтас тіркес мағынасын барласақ, оның беретін
мағынасы тұрақты тіркес компоненттерінің тікелей
мағынасынан туады. Фразеологиялық тізбектердің
фразеологиялық тұтастықтар мен фразеологиялық
бірліктерден негізгі айырмасының бірі осы. Мысал
келтірейік: қуанышқа бөлену; шаттыққа бөлену;
құрдай жорғалау; бас қатыру; жаны ашу; бетке айту;
көзге айту; абыройы айрандай төгілді; ит тұмсығы
өтпейтін тоғай; ашуы жауған қардай, шөккен нардай;
сүттен ақ, судан таза; кеудесін көтеру т.б.
Фразеологиялық тізбектердің құрамындағы сөздердің
өзі қатысқан тіркестегі мағынасында қолданылу шеңбері
тар болады. Мысалы, қуанышқа бөлену, шаттыққа
бөленудегі бөлену сөзі осы аталған тіркестерде ғана
кездеседі. Бұлай болатын себебін В.В. Виноградов
былай дəлелдейді: «Мұндай шектелу белгілі бір тілге тəн
сөз мағыналарының байланысу заңдылықтары арқылы
болады» [41].
Бұл аталған фразеологиялық тіркестердің барлық
түрі қай тілде де бар болғанмен, мұндай классификация
барлық тілге бірдей дəл келе бермейді. Мұны кейінгі
жылдарда фразеология саласында біраз зерттеу жүргіз-
58
ген орыс ғалымдары да, басқа ұлт ғалымдары да
айтып жүр. Əсіресе, орыс тіліне қарағанда, көптеген
спецификалық өзгешеліктері бар қазақ тілі сияқты түрік
тілдерінің көбінде əлгі атауларды бұлжытпай қабылдау
ғылыми-зерттеу жұмыстарына біраз ауытқулар əкелер
еді. Мұны əр тілдің өзі фразеологиялық тіркестерін
түгел тізіп, сол тіл заңдылықтарына орай талдап шығу
арқылы ғана ғылыми дəйекті жүйеге салуға болар
еді. Тіпті осында фразеологиялық единицаның үш
түріне келтірілген мысалдардың жəне оларға берілген
түсініктемелердің өзін алып қарасаңыз да əлі орыс
ғалымдарының арасында да, қазақ ғалымдарының
арасында да пəтуалы пікір тұжырылмаған. Фразео-
логиялық тізбектер мен фразеологиялық тұтастықтар-
дың жігі айқын емес. Бұл екеуіне дəлелдеме ретінде
берілген мысалдарды талдап қарасаңыз, олардың көбінің
бір-бірінен айырмасы жоқ. Тізбектер деп отырғанымыз
да, тұтастықтар деп отырғанымыз да көбіне-көп бір-ақ
нəрсе боп шығады. Қай тілде болсын, бұрыннан келе
жатқан идиома дегендеріміз тағы бар. Идиомалардан
əлгілердің жігін айырып берген еңбектер де шамалы.
Мақал-мəтелдерді қай фразеологиялық единицаға жат-
қызамыз, жоқ əлде бұларды өз алдына бөлек қарастыру
жөн бе?
Қай тілде болсын фразеологизм, фразеологиялық
единица дегеніміз не жəне тілдегі мұндай тіркестердің
көлемі қай шамада дегенге келгенде тұрақты пікір жоқ.
Бұлардың құрамына кейбір орыс ғалымдары тіркес
атаулының бəрін кіргізсе, енді біреулері тек тұрақты
тіркестерді ғана жатқызады. Кейбір ғалымдар еңбегінде
мақалдар да, мəтелдер де, қанатты сөздер де, ғақлия,
нақыл сөздер де, афоризмдер де фразеологизмнің
құрамына енсе, өзгелерінде қалып қойған. Тіпті кейбір
ғұламалар жеке сөздерді де фразеологизм қатарында
қарастыра береді.
59
Сонымен, фразеологиялық единицалардың, яғни
тұрақты сөз тіркестерінің үш түрі болатынын
анықтадық. Орыс, қазақ ғалымдарының пікірлерін алға
ұстап, келісетін, келіспейтін тұстарымызды дəлелдеуге
тырыстық. Негізінен ендігі жердегі пайымдауларымызда
бұл аталған терминдерді осылай атап, пайдаланып
отырамыз. Пікіріміздің шашырап кетпей, нақтылау,
түсініктілеу болуы үшін осы үлгіні алуды жөн көрдік.
Ал енді мақал-мəтелдерді қайда жібереміз? Оларды
фразеологиялық единицалар ретінде зерттеу керек пе,
жоқ əлде өзіне бөлек, өзгеше тұрақты тіркестер тобына
жатқызып қараймыз ба? Бұл жайында ғалымдар пікірі
қалай?
Ең алдымен мақал-мəтелдердің, қанатты сөздердің
фразеологиялық тұрақты тіркеске жататынын көптеген
ғалымдардың дəлелдеп, пəтуаға келіскенін ескертеміз.
Мəселе бұлардың фразеологиялық единицалардың əлі
жоғарыда аталған үш тобының қайсысына жатқызу
керек екенінде. Бұл өте күрделі мəселе. Кеңестік тіл
білімінің тарихына үңілсек, көптеген əйгілі ғалымдар-
дың бұл мəселеге талай қалам тартқанын көреміз.
Фразеологизмдерді зерттеу ісінің көшбасшысы болған
акад. В. В. Виноградов мақал-мəтелдерді фразеологиялық
единицаның ешқайсысына жатқызған емес. Ал проф.
А.И. Ефимов оларды фразеологиялық единицалардың
айрықша бір түрі ретінде қарастырады. Осы тұрғыдан
қарастырғанда мақал-мəтелдер компоненттерінің орнық-
тылығы алдымен ескерілсе керек.
Қазақ ғалымдарының көпшілігі мақал-мəтелдерді
осы
фразеологиялық
единицалардың
қатарында
қарастыратынын көрдік. Акад. І.К. Кеңесбаев, проф.
Ғ.Мұсабаев, проф. М.Балақаев, т.б. ғалымдардың жоға-
рыда аталған еңбектерін қараңыз. Біздің де бұл жайында
ұстанатын пікіріміз осы ыңғайда.
Біз бұл тарауда фразеология мəселесінің зерт-
телуі жайында біраз пікір тараттық. Орыс, қазақ
ғалымдарының жалпы фразеологияны қалай түсінетінін,
оның түрлерін қалай талдайтынын, оған қандай
тұрақты тіркестерді жатқызатынын баяндадық. Енді
фразеологизмдердің тілімізде атқаратын қызметі
жайында бірер сөз.
|