62
жазу, тілімізде орнын тауып, орайымен қолданудың
ерекше мəні бар. Ауыс мағыналы метафоралы сөз
тіркестері мен басқа да
бейнелі сөз орамдарына
көпшіліктің, əсіресе қолына қалам ұстаған творчество
адамының құмар болуында сыр көп. Өйткені тұрақты
сөз тіркестеріне тəн қасиеттің бірі образдылық.
Ал көркем шығармаларда суреттелетін оқиғалар,
кейіпкерлер образдылығымен ғана құнды. Тілді
əрі көркем, əрі шұрайлы етуге жетелейтін осындай
формаларға жазушылар неше алуан стильдік қызмет
жүктейді. Ондайда тұрақты тіркестер сарқылмайтын
қазына. Мəселен, «осы дəл қазір»
дегенді білдіру
үшін –
қас пен көздің арасында десек, «алыс» дегенді
ит арқасы қиянда, ит өлген жерде десек, «момын»
дегенді
қой аузынан шөп алмас десек, «сұлу» дегенді
үріп ауызға салғандай десек т. т. тіліміздің ерекше
өткірлігін, сұлулығын көрер ек. Келтірілген мысалдағы
компоненттердің бəрі де ауыспалы мағынада.
Ендеше
айтылатын ойды барынша əсерлі, айқын жеткізу үшін
мұндай фразеологиялық тіркестер таптырмайтын тілдік
құрал.
Фразеологизмдердің бəрі бірдей метафоралы болып
келмейді. Олардың ішінде зат, табиғат, неше түрлі ұғым,
құбылыс жайында шертілген кішігірім əңгіме тəрізді.
Нақты ақыл-кеңесті түйіп тастап отыратын бұл тектес
тіркестер құрамындағы сөздер өзінің негізгі лексикалық
мағынасында тұрып-ақ ойды соншама əсерлеп, мəнерлі
жеткізеді. Мынандай тұрақты тіркестерге зер салыңыз:
сұлу сұлу емес, сүйген сұлу; мыңның түсін танығанша,
бірдің атын біл; игіліктің ерте-кеші жоқ; қыс
азығын жаз жина; аңдысқан ауыл болмас; сақтансаң
сақтаймын.
Мақал-мəтелдер де дəл осындай қасиетке ие. Өмір
өзі түйген ащы тəжірибенің шындық тұжырымы іспетті,
63
олай емес, былай дегендей жол-жөн нұсқайды. Өмірдегі
іс-қимылдың
дұрысы қайсы, бұрысы қайсы т.б. адам
баласының сан алуан əрекетінде таймас, табанды ба-
ғыты қайсы, соны дөп көрсетеді. Бұның бəрі бос əңгіме
болмай, өмір тəжірибесінен қорытылып шыққан əділ
шындық. Ал образдылық ауыс мағыналы метафоралы
сөз тіркестерінің бəрінде бірдей бола бермейді. Осыған
қарағанда, кейбір ғалымдардың фразеологизмдерді
құрылысы жəне образдылығы жағынан екі бөліп
қараймыз деуі ақылға сыяды.
Қандай тілде болсын фразеологиялық единицалар
астарлы, образды мағынада қолданылады. Олардың
қай-қайсысында да мəнерлеп,
бейнелеп айту қызметі
күшті. Кейбір жеке сөздердегі тəрізді, тұрақты сөз
тіркестерінде де эмоционалдық-экспрессивті бояу мол.
Көбінде осы өзгешелік басым. Яғни фразеологизмдердің
көпшілігі айрықша образды, экспрессивті қызмет
атқарады. Экспрессивтік-эмоционалдық бояуы бұрын-
нан бойында бар фразеологиялық единицалар көркем
қолданылып, сөйлеушінің адамзат, не
құбылыс
турасындағы өз көзқарасын мəлім етеді. Экспрессивті
тұрақты тіркестер сезімге айрықша əсер етеді. Мысалы,
«алыс» дегенді күшейтіп, «алыстың алысы» деп айту
үшін қазақ тілінде
ит арқасы қиянда, ит өлген жерде
деген бейнелі фразеологиялық орамды қолданар едік
десек, «жұмыртқадан жүн қырыққан» дегенде «
бірді
Достарыңызбен бөлісу: