Музыка «Ғажап қала – Алматы» Ән-күйді тыңдау сәтінде динамикалық есту, есте сақтау, әсерлену қабілеттерін дамыту. Әннің мазмұны арқылы Алматы қаласына деген сүйіспеншілік, құрмет, мақтаныш сезімдерін қалыптастыру
Д/о: «Музыкалық сандықша»
Қоршаған ортамен танысу «Менің елім – Қазақстан» Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің өздеріне тән мәдениеті бар екені жайлы түсініктерін кеңейту
Д/о: «Қасиетті шар»
Туған өлкем (ІVапта)
Дене шынықтыру «Жатып орындайтын жаттығулар» Жатып орындалатын жаттығулармен таныстыру. Үш метрден он метрге дейін қайталамалы (челночный) жүгіруге жаттықтыру; іші толтырылған допты аттап жүруге жаттықтыру.
Д/о: «Кім мықты?»
«Еңбектеу және өрмелеу» Гимнастикалық таяқшамен орындалатын жаттығулардың жаңа түрлерін меңгерту. Балаларды еңбектеуге және өрмелеуге үйрету
Д/о: «Кім шақырғанын анықта?»
«Орындықта жасалатын жаттығулар» Орындықта отырып орындалатын жаттығу түрлерін үйрету. Допты қабырғаға лақтырып, ыршыған допты қайта қағып алу біліктерін үйрету.
Д/о: «Пойыз»
Сөйлеуді дамыту «Әңгімеле...» Шағын әңгімелер айтып беруге үйрету. Туған өлкеге байланысты өлеңдер оқу. Қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.
Д/о: «Бөлмеге саяхат»