С) + Аспергер синдромы
Д) жеке тұлғаның бұзылысы
Е) шизофренияның балалық түрі
88. Науқас К., 58 жаста, Ішімдікке салынуын тоқтатқаннан кейін ұйқысының бұзылуын байқай бастады, кейбір адамдарды көреді, «өзін Құдайға таныстыру» уақыты келгенін білдіретін еркек «дауысты» естиді. 5 ай бойы ішімдікке салынған.Анамнезінен 20 жылдан астам ішімдік ішеді. Тексергенде: сұрақтарға таңдап жауап береді, үзілістен кейін, дұрыс емес, әңгімелесу кезінде бір нәрсені тыңдайды, айналасына қарайды. Санасы сандырақ түріне қарай қараңғыланады. Орынға және уақытқа бағдарсыз. Сөйлескенде жоғары қарапсаусағымен біреуді көрсетеді.Сұрақтарға тітіркеніп жауап береді. Жүзінде қорқыныш сезімі бар. Бұл күй қалай аталады
А) амбулаторлық автоматизм
В) сопор
С) кома
Д) онейроид
Е) + делирий
89. 66 жастағы науқаста бүйрек ісігі омыртқа жотасына және бас миына метастаздануымен ІV саты, Т4N1M1.Емдеу қағидасын таңдаңыз.
А) радикальды емдеу
В) радикальды тәртіптегі полихимиотерапия
С) сәулелік ем
Д) комплексті ем
Е) + паллиативті ем
90. Науқасқа аналық без ісігіне байланысты овариэктомия жасалды.Гистологиялық зерттеуде метастаздық зақымдану деген қорытынды келді.Аналық безге жиі метастазданатын қай мүшенің ісігі?
А) Сүт безінің ісігі
В) Ұйқы безінің ісігі
С) + Асқазан ісігі
Д) Өкпе ісігі
Е) Бауыр ісігі
91. Әйел 45 жаста. Мойынның, қолтық астындағы көптеген папилломаларға шағымдары. Қарап тексергенде: терінің мойнында және қолтық асты аймағында жұмсақ өсінділер, жіп тәрізді, ет түсті, ауырсынусыз байқалады. Төменде көрсетілген емдеу мекемелерінің қайсысында науқас динамикалық ьақылауға және реабилитацияға жатады?
А) +бекіту орны бойынша амбулаториялық емханалық ұйым
В) онкологиялық орталықтар
С) облыстық онкологиялық диспансер
Д) Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты
Е) Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық
92. Науқас К., 48 жаста, эпигастрий аймағындағы тұрақты ауру сезіміне, тәбеттің төмендеуіне,дене салмағының төмендеуіне, жүрек айнуына, мезгіо-мезгіл сұйық нәжістің болуына шағымданады. 6 айға жуық ауырады, ішімдік пен темекі шегеді. Тері жабындылары сарғыш түсті, іштің пальпациясында эпигастрийде және оң жақ қабырға астындағы ауырсынулар, Курвуазье симптомы оң, УДЗ-де, ұйқы безі ұлғайған. Талдауларда холестериннің, сілтілі фосфатазаның, билирубиннің жоғарылауы байқалады. ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
А) бауырдың оң жақ бөлігінің карциномасы
В) асқазанның пилорантральды карциномасы
С) созылмалы токсикалық гепатит
Достарыңызбен бөлісу: |