Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет262/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   322
4-
топ 
Абайдың ән мектебінің ірі өкілі - Майбасардың Мұхамеджаны. Сол уақытта 
әншілік пен сал-серілік қатар жүргенін ескерсек, Мұхамеджан жасында қасына топ 
жиып, салдық құрып, ел аралап, ән салады. Қасында Құдайбердінің баласы Әмір 
бар. Әмір Құдайбердінің Ботантай деген екінші әйелінен туған да, бала көтермеген 
Төлебике бәйбіше Әмірді бала қып алған. Әнші, серілігіне қоса Құнанбайдай 
алыптың ерке де, тентек немересі Әмір Абай ортасына жарқ етіп келіп, лап етіп 
сөнген ерекше жан болған. Мұхамеджан мен Әмірдің салдығы сол өңірде ерекше 
болып, тіпті шектен шығуға айналған соң, Құнанбай, Абай болып тиым салған да. 
Бұл оқиғаны М.Әуезов «Абай жолында» бояуын қалыңдатып, Құнанбайдың 
қатыгездігін көрсете түсу үшін көркемдік қиялға иіп суреттейтіні бар. Серілігі 
асқан асау Әмірді Құнанбай қылқындырып, теріс бата бергенде, Абай арашаға 
түседі. Ал, өмір шындығы сәл басқашалау болған. Өз ауылының қызына ғашық 
болып, ырыққа көнбей бара жатқан Әмір мен Мұхамеджанды арбаға таңып 
қойғаны рас. Бірақ немересін қылқындырып, ешқандай теріс бата бермеген. 
Таңылып жатып намазын бұзып, ән айтқан екеуіне дауа жоқ екенін біліп, 
босаттырып жіберген екен [«Мұхамеджанның үлгі-өнеге алған, әншілік тәрбие 
көрген адамы осы Әмір сал болса, әндерінің денін Абайға еліктеп шығарып 
отырған. Абай дәстүрі, Абайдың әншілік сарыны Мұхамеджан әндерінде айқын 
сезіліп отырады»,-дейді Ж.Кәрменов. Әмір жастайынан қайтыс болған соң
Мұхамеджан жетімсіреп, сал-серілік жүрісіне тиым салған Құнанбай, Абайларға 
өкпелеп, (кей деректерде басқа ағайындарымен сыйыспай Б.Е) қайнына 
Қызылмола жаққа көшіп кеткен. 
Жау болды Абай ағам жасымыздан, 


314 
Кетпеді күнде қиқу басымыздан. 
Қорқытып әбден жеңіп алғаннан соң 
Көршінің бәрін қуды қасымыздан. 
Сұрасаң арғы атамды Ырғызбай-ды, 
Шындаса жатқа олжа болғызбайды. 
Еліне Қызылмола кеттім шығып 
Қудалап ағайыным тұрғызбайды. 
Көк үйірім айдын шалқар көл емес пе? 
Ырғызбай қайда жүрсе бел емес пе? 
Еліне Қызылмола кеттім шығып 
Көңілімді көтергім жөн емес пе?- 
Осы өлеңді естіп Абай кісі жіберіп Мұхамеджанды көшіріп алғызған»,- делінеді 
бір естелікте. Осыдан былай қарай Мұхамеджан Абай шәкірттерінің тобына 
қосылып, Абайдың дәстүріндегі әндердің насихатшысына айналады. Абайдың 
келіні Кәмәлияның айтуынша: «Әкем әндерін халыққа таратқан әншінің бірі-
Мұхамеджан» [15,200-б.]. Абайдың «Татьянасын» алғаш орындап, бүкіл өнерсүйер 
қауымды елең еткізген осы Мұхамеджан болса, құдіретті әншілігімен қоса 
ақындығы да болған Мұхамеджанның бізге жеткен осындай бірер ауыз өлеңінен 
басқасы кезінде ұмыт болғанға ұқсайды. 
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет