313
Сол Шәбден ақсақалдың айтуынша малдың бабын білген Әлмағамбеттің әкесі
Қапсәләмді Абай жылқы бағуға әдейі алдырып, тағдырдың жазуымен Әлмағамбет
Абайдың тәрбиесін көріп өседі. «Абай өз балалары Мағауия, Тұрағұлмен бірге
Әлмағамбетті де үш қыс Семейде орыс музыкантына беріп үйреткен» - деп жазады
Шәбден Әлмағамбетұлы. Әлмағамбет әнші ғана емес, бірнеше музыкалық
аспаптарда ойнаған шебер күйші болған. «Дунайская волна», «Лезгинка»,
«Возвратное время», «Банкрот», «Полька», «Птичий марш», «Криковяк» деген
басқа халықтың ән мұралары Әлмағамбет арқылы елге тараған. Қазақ зиялылары
Нұрғали және Нәзипа Құлжановалармен жақын араласып, Абай есімін халыққа
таныстыруда бірлесе жұмыс істеді. Тұрағұл әнші, шебер музыканттығымен қоса,
сазгерлік өнерге де құлаш сермеген сыңайлы. Тұрағұлды көзімен көрген
Н.Алдажаровтың естелігіне тоқталайық: «Тұраш аға ақын, әрі композитор болған.
«Әйел сыны» деген өлеңі бар, әнін де өзі шығарған:
Дәл қарға бет қызылы тамған қандай,
Ақ таңлақ айналасы атқан таңдай.
Кірсіз тіс, жайнаған көз, қырлы мұрын
Әжімсіз аппақ тегіс тіп-тік маңдай,-
деген. Тұраш ағаның осы өлеңі мен әні ұмыт болмасын деп магнитофонға жаздым»
[12, 95-
б.] ,- деп бізге белгілі «Хат» өлеңінен үзінді келтіреді. Турағұл әншілік,
сазгерлік жолға түспегенімен, бұл өнерден де қара жаяу еместігі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: