Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет284/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

 
Дескриптор
1.Сыни түрде баға береді
2.Тарихи оқиғаға, тұлғаға зерттеу жүргізеді 
 
 
 
 
 
От шашу 
 
Әр оқушы «Ұрпақ үні» тақырыбында авторға хат 
немесе өлең жазады. 
Дескриптор: 
-
Жазба жұмысының құрылысын сақтап жазады; 
-
Берілген тақырыпты ашады;
 
 
Ұсынылған мәтін бойынша хронологиялык кесте 
құрастырыңыздар. Мәтіндегі ақпараттарды толық 
және жүйелі қолдануға тырысыңыз. 
Дескриптор: 
-
ақпараттарды толық қолданады; 
-
өмірбаяны бойынша кестені толтырады; 

үзінді бойынша өзінің сыни көзқарасын білдіреді. 
 
Сабақтың 
соңы 
5 мин 
«Рефлексиялық шеңбер» Оқушылар шеңберге тұрып, 
төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? 
Неліктен?
Бүгін не білдіңіз?
Сіз үшін не жаңалық болды?
Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
Сабақта қандай қиындықтар туындады?
Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?
 
Қима қағаздар
 


345 
жырлардың кебіндегі ел зары, ел сыны, жуан әкімдер зорлығы, қыздың мұңы 
сияқтыны да көп естіп өседі. Осындай мұраларды сүю Абайды қатал суық билер 
ортасына қалдырмай, халық мұрасына жақын етіп жүреді. Билер, әміршілер 
ортасын ел көзімен көріп, қиянаттарын танып, қатты сынап, жиреніп өсуге 
бейімделе жүреді. 
Бір айтканды ұғып алу, ұққанын ұмытпау, ел сөзінде соларды керекке 
жаратып, әңгіме арасына кірістіріп отыру шешендерге көп жайылған салт еді. 
Абайға да сол парыз сияқты болған. Жас жігіт білген өнерін орнымен керегіне 
жаратып, келістіріп, көркейтіп сөйлейтін болады. Ел көзіне шешен боп көріне 
бастайды. Басында балалығының арқасында сөзге қорғана кіріскен Абай, аз 
жылдың ішінде үлкен табыс тапқандай болып, адымын ұлғайта береді. Бірнеше рет 
жол көріп, көзі қанған соң, «пәлен жақсы, түген жақсы» дегендерінің айламенен, 
канауменен қиянат болмаса, өзге жалпы білімге, ақыл шалымға, адамгершілікке 
татымсыз екенін сезеді. Ол кісілерден өзін кем санамауына тағы бір себеп-
Абайдың оқуы барлығы. Ел кісілерінің көпшілігі Құнанбай сияқты оқымаған 
адамдар болған уақытта Абай олардың қасында өзін өзгерек көрген. Надан 
кісілердің ортасына келіп өлшескенде, бұның оқуы дардай саналған. Бұған халық 
ескілігі, тіл өнерінің мол байлығы қосылған соң, Абай өз заманының ішінде өз 
қайратына сенген өршілдікпен құлаштайды. 
Ол үлкен-кішінің ұтымды, шешен жауап айтқанын тәуір бағалап, дау, талас, 
тартыс, егесте өзі де сондайды айтып қалуды машық етеді. Бұны ылғи жәй сөз 
түрінде айтпай, кейде өлеңмен де айтып жіберетін болады. Осы күнге шейін бізде 
Абайдың сөз байлығын тексерген еңбек жоқ. Бірақ қазақшасын оқыған адамның 
барлығына Абай тілінің аса бір мол, бай тіл екенін тану қиын емес. Сол байлық-
Абайда бала, жігіт күнінен құралып өсіп келген байлық. Және шешендіктің өзі де 
тапқырлық пен кестелі сөзден, келісімді, ұтымды ойлардан кұрылған ақындықтың 
бір ағайыны. Абай ақындығы оның жас кезінен көп мұралар қалдырмаса, «ол кезде 
Абай ақын емес еді» деу қате болады. Абай-сол уақытта да ақын. Ақындығын және 
мол қолданған, күнде сынға салып, өз өнерін күнде безеп отырған ақын. Онысы 
және-өмір құрылысына күнбе-күн, қолма-қол ұштасып отырған ақындық. Бір 
жағынан, жүйрік, шешен, әсем, ұшқыр сөздің ақындығы. Көбінесе қара сөзбен 
айтылған тапқырлық-алғырлық. Өлеңді, суырыпсалма айтысты Абай ойында да, 
шында да көп қолданып жүрген. Бірақ сонда да ол шақта өзін «ақынмын» деп 
санамаған. 
Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөже сияқты ақын-
жыраулардың шығармаларын тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз 
қадірін білетін ортада өскен. Әкесі Құнанбай қажының кеңінен толғап сөйлер 
тереңдігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына 
іліккен. 
Абай-өз заманынан озық туған дана ақын. Абай тұсындағы әрбір сөз зергері, 
би-шешені, ақыны мен әншісі Абай бойына ақындықтың, шешендіктің дәнін егіп 
кетті. Абай солардан үлгі алды, үйренді, көбімен сөз жарыстыра жүріп шыңдалды.
Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, 
Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, 


346 
М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. 
Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, 
терең таныс болған. Батыс әдебиетінен Гете, Дж.Байрон сияқты ақындарды оқып, 
түрлі ғылым салалары бойынша зерттеулер жүргізді. Есейген шағында осы өзі 
оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың 
ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. 
Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та 
жатады. Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жұмыстарына араласады. Ол 
әкесінің қасында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір 
қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты 
мен парақор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық 
тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған қарсы батыл қимылдар 
жасаған. Алайда оның тамыры тереңде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, 
елдің құрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты 
мен оның аярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш айтыс-тартысқа түскен, танымы 
таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел буған Абай болыс 
сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875-1878 жылдары Қоңыркекше еліне болыс 
болады. Бұл жылдары өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең 
ұстауға күш салды.
Абай кейіннен, 1886 жылы Е.П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық 
статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. 1880 ж. И.Долгополов,
А.А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым-қатынаста болған. Абай ел ісіне 
араласқан жылдарында әділеттілігімен, білімділігімен көрініп, халық арасында 
беделі өседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет