184
сөзін тыңдаушылар бар ықыласымен, бар санасымен қабылдар деп аңсайды. Олар
айтылған сөздің мән-мағынасын, ой-пікір тереңдігін толық түсініп, көркемдік
қуаттылығын терең сезінсе екен дейді.
«Қара басқан, қаңғыған
Қас надан нені ұға алсын?
Көкірегіңде оты бар
Құлағын ойлы ер салсын...
Не пайда бар - мың надан
Сыртын естіп таңдансын.
Онан дағы бір есті
Ішкі сырын аңғарсын...»
Бұл сөздерден ақынның осы өлеңінің соңғы жағын тыңдаушыларға өкпе-наз
айтқандай болып, сөзді құр құлақпен қармамай, жүрегіңмен тыңда деп ақыл беруін
зор үміт екені байқалады. Тағы бір көңіл аударарлық
жай - Абай өлең туралы
айтқанда жазып шығарылып, оқып айтылатын өлең мен әнге салып айтылатын
өлеңнің арасына шек қоймайды.
«Әуелесін, калқысын,
От жалын боп шалқысын.
Жылай-жырлай келгеңде,
Арттағыға сөз калсын. ...
Қабыл көрсе сөзімді,
Кім таныса, сол алсын...» -
дегенінен біз Абайдың «өлең» деген сөздің қазақ тілінде
қалыптасқан мағынасы
кең екенін ескеріп, оқылатын өлең және әндетіп айтатын өлең деп екі мағынада
бірдей қолданғанын көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: