27
Жошыхан Жағыпарұлы Мағауин (1924-1943)-Абайдың шөбересі. Абайдың баласы
Мағауияның немересі. Ғазел Жағыпарқызы (1927-2011)-Абайдың шөбересі.
Мағауияның баласы Жағыпардан туған
Ләйлә Жағыпарқызы (1930-1932)-Абайдың шөбересі, Мағауияның немересі. Сүйегі
Шығыс Қазақстан облысы Новошульба ауданы, Уба-Форпост аулында жерленген.
Турағұл балалар:
Ақылия (Ақыш) Турағұлұлы (1901-1990)-Турағұлдың қызы, Абайдың өз қолында
өскен немересі. Ақылияның естеліктері Абай музейінде сақтаулы.
Жебрәйіл Турағұлұлы (1903-1930)-Абайдың немересі. Жебірәйілден-Алпаш
(Алпарыстан) туады. Домбыра тартып, ән салған. Ол Семей және Түмен
қалаларында орыс мектебінде оқып, орысша-қазақша сауатты болған.
Қалиман Турағұлқызы (1904-1989) – Абайдың немересі. Зүбайыр Турағұл (1907-
1933) –
Абайдың немересі. Мәкен Турағұлқызы (1912-2000) – Турағұлдың кенже
қызы. Мәкен жастайынан өнерге жақын болған, әкесі Турағұлдан ақын атасы
туралы естелік-әңгімелерді көп естіп, Абай әндерін үйренген..
Құзайыр Мекайылұлы (1912-1945) – Абайдың немересі. Шешесі – Дәмежан
Қалышер Мекайылұлы (1921-1942) – Абайдың немересі. Шешесі Дәмежан.
Жебрәйіл баласы:
Алпаш Жебрәйіл (1922-1990) – Абайдың баласы Турағұлдың немересі.
Ізкәйіл баласы:
Тоқташ Ізкәйілұлы (1924-1943) – Абайдың немересі.
Жыл өткен сайын ұлы ақынның ұрпағының қатары сиреді, қазіргі таңда Абайдың
екі әйелінен тараған 10 баласынан қалғаны бесінші ұрпағы Айдар, одан Данияр
оның балалары Дана, Камила, Меруерт. Эрнестің ұлы Айдос.
Достарыңызбен бөлісу: