Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет23/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   322
«Ойлан-жұптас-бөліс» 
«
Абай және халық ауыз әдебиеті туралы не білемін?» 
Алдымен дәптерге 1 минут уақыттың ішінде өзі 
жазады. Оны жұбымен бөліседі (1 минут). Топта 
талқылайды (1 минут).
 
Сабақтың 
ортасы 
1 «Топтау » әдісі
Берілген мәтін танысу бойынша топтық жұмыс 
1
топ
Мәтінге тақырып қойып, негізгі идеясын 
жазыңыз. 
2
топ
Мәтіннен негізгі 3 тірек сөз жазады, 
бөлімдерге бөліңіз 
3
топ
Мәтінге жоспар құрыңыз. 
2 «Пікір алмасу» әдісі 
Әрбір топ тақырыпқа қатысты бес сұрақ 
дайындаңыздар. Әрбір сұрақты стикердің бірінші 
жағына жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен 
алмасыңыздар. Топ басшысы стикердегі сұрақты 
оқып, топ мүшелері жазып дайындайды. Көшбасшы 
белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және 
талқылып, дұрыс жауаппен салыстырыңыздар. 
https://abai.kz/po
st/6269 
Сабақтың соңы 
 
«Үш қадамды сұхбат» 
Топ басшылары шығып, сұхбат алыңыздар: 

Алған біліміміз не үшін керек? 

Бұл білімді әрі қарай қалай дамытамын? 
Тағы не білгім келеді? 
 
ҚОСЫМША 
Қазақ халқының бай ауыз әдебиеті халық тудырған көркемдік ақыл-ойдың 
жемісі, қайнар бұлақ көзі. Сол бұлақтан сусындап, өмірлік нәр, қуат алмаған бірде-
бір ақын, жазушы жоқ. М.Әуезов өзінің Абай туралы зерттеуінде: «Дана ақынның 
өз халқынан және жалпы адам баласының өнер байлығынан алған үлкен салалы 
түп-төркіні барын байқаймыз. Мұның біріншісі-қазақ халқының есте жоқ заманнан 
жиып, сақтап келген өз даналығы, халықтың ауызша әдебиет қоры. Ақын Абай осы 
қордан көп нәр алып, сол арқылы өз поэзиясын көркейтті », - [1. 261б] деп жазған 


29 
еді. Шынында да ауыз әдебиетінің үлгісі, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлері 
қашан да болмасын үлкен әдебиет үшін негіз, нәр алар жанды өзек болып қала 
береді. Жазба әдебиеті қанша дамығанымен өзінің туған топырағынан қол үзіп кете 
алмайды. 
Абайдың фольклорлық дүниемен танысуы өте ертеде басталып, ақын онымен 
өмір бойы айналысып, әр бағытта жұмыс істеген, оны творчестволық түрде 
пайдаланған. Біріншіден, ол қазақ ертегілері мен аңыздарын, өлеңдері мен 
жырларын, мақал-мәтелдері мен жұмбақтарын бала кезінен естіп, бойына сіңіріп 
өсті және ұдайы қалың елдің ішінде, өмір бойы фольклолық дәстүр арасында 
болды. Небір әдемі айтыстардың, шешендер мен билер дауының куәгері болды. 
Жезтаңдай әншілер мен бала бармақ күйшілерді тыңдады, яғни халық 
творчествосын өле-өлгенше көзімен көріп, фольклор шығармаларын соңғы демі 
біткенше естіді. Екіншіден, сол кезде әртүрлі мақсаттармен, һәм түрлі себептермен 
жарық көрген фольклорлық жинақтар мен ауыз әдебиеті үлгілерін оқыды, оларға 
айтарлықтай көңіл аударып отырды. Үшіншіден, араб, парсы, түркі тілдерінде 
жазылған шығыс әдебиеті классиктерінің шығармалары мен алуан түрлі қисса-
хикаятттарды, дастандарды, тәмсіл-мысалдарды оқыды, ал олардың дені 
фольклорлық үлгілерімен де жақсы таныс болды, тіпті олардың кейбіреулерін 
қазақшаға аударды. Бесіншіден, Абай өз бетінше орысша білім алып, ғылымның 
пайдалы екенін түсінгендігінің арқасында ел ішінен қолөнер бұйымдарын 
жинастырып, Семей музейіне тапсыртады, маңайындағы ақын жырауларға 
айналасында кең тараған жырларды қайта жырлауды, оларды хатқа түсіруді 
жүкетейді. Осының бәрі ұлы ақынның фольклорға деген көзқарасын 
қалыптастырғаны күмәнсіз және оның фольклористік еңбегін мінездейтініде 
даусыз. [2. 245б]. 
Абайдың фольклористігі бірнеше тараптан байқалады. Біріншісі – қазақтың 
төл халық поэзиясының бүкіл поэтикасы мен сюжеттік элементтерін ақан 
шеберлікпен пайдалануы. Екіншісі – қазақтан басқа елдің фольклорлық сюжетін 
творчествосына арқау етуі. Үшіншісі – қазақ халқының кейбір мақал-мәтелдері мен 
нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашуы. Міне, Абайдың фольклорға деген 
көзқарасы, қатынасы, яғни фольклористік еңбегі осы үш сала бойынша 
қарастырылады. [2. 245б]. 
 
Махрубаева Ж.К «Абай және фольклор» баяндамасынан үзінді. 
www.gproxx.com/proxy/http://engime.org/nazvanie-doklada-abaj-jene-foleklor-
naimenovanie-sekcii.html
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет