Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет61/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

Сабақтың ортасы 
Тыңдалым «Ойлан-жұптас-бөліс»
1.
А.Құнанбаевтың өнер туындыларындағы 
орны жайлы мұғалімнің берген дерегін тыңдай 
отыра мәлімет алады, мұқият тыңдайды. 
2. Дәптерге 1 минут уақыттың ішінде өз 
түсінгеніңізді жазып, оны жұбымен бөлісіңіз (1 
минут). Топта талқылаңыз (1 минут).
 
https://youtu
.be/rr5hP_2f
pJ4
 


74 
«ВЕЕР» 
Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы 
бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып 
шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша 
жауап жазып тапсырады. 
Мысалы:
Абай бейнесі- театрда; 
Абай бейнесі – кинода; 
Абай бейнесі - ... 
Дескриптор: 

Сабақта алған білімдерін жинақтап 
жазады; 

Үзіндіден түйін шығарады; 

Бүгінгі күнмен байланыстырып 
көзқарасын білдіреді. 
Сабақтың соңы 
 
 
Рефлексия: 
«Гүлдер» 
Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл 
үлестіріледі. Олар сабақ қорытындысы 
бойынша жасыл түсті гүлді ең көп 
көмектескенге, сары гүлді ең сыпайы оқушыға, 
ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға 
беруі керек. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар 
екен? 
ҚОСЫМША 
Өнер туындыларындағы Абай бейнесі 
Қылқалам шеберлері ұлы ақын бейнесіне 30-шы жылдардың ортасынан, 
әсіресе 40-шы жылдардың басында назар аудара бастады. Бұл Қазақ ССР Халық 
Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен Семей қаласында Абайдың әдеби-
мемориалдық музейінің ұйымдастырылған кезі. Музейдің ұйымдастырылуы және 
Абайдың таяп қалған 100 жылдық мерейтойы суретшілерге Қазақстанның белгілі 
суретшілерінің ұлы тұлға өмірін бейнелейтін шығармалар тудыруына мұрындық 
болды. 
Қазір Абай қорық-музейінің ғылыми қорында суретшілердің осы тақырыпқа 
байланысты 900-ден астам туындысы жинақталған. Музей қорындағы бейнелеу 
өнері туындыларының ішіндегі өзінің көркемдігінен гөрі тарихи құндылығы басым 
экспонатты да атап өту қажет. Ол-Абайдың көзі тірі кезінде салынған портреті. 
Портреттің авторы Семейге саяси қуғынмен келген Павел Дмитриевич 
Лобановский. Ол Дондағы Ростов қаласынан «саяси сенімсіз» ретінде Дала өлкесі 
генерал-губернаторының қарамағына айдауға жіберілген болатын. 1884 жылдың 
тамыз айынан бастап Семей қаласында тұрды. Абай ауылына барғаны туралы 
құжаттар бар. 
П.Лобановский кәсіби суретші болмаса да, жергілікті тұрғындардың 
портреттерін салып жүрген. 1887 жылы Оралда өткен өндіріс көрмесіне «Семей 
облысы қазақтарының типтері» атты портреттер сериясын дайындағаны белгілі. 


75 
Лобановскийдің қазіргі уақытқа дейін 7 суреті сақтаулы, солардың бірі-ұлы 
ақынның қарындашпен салынған портреті. Уақыттан сарғайған қалың қағазға жай 
ғана қарындашпен салған портреттің маңызы зор, себебі ол Абайдың көзі тірі 
кезінде салынған жалғыз портрет. 
Музей қорында Қазақстан суретшілерінің ақынды әр түрлі техникада 
сомдаған портреттік жұмыстары бар. Осы орайда Л.Леонтьевтің (кенеп, майлы 
бояу), Е.Сидоркиннің (гравюра), Ж.Шарденовтың (кенеп, майлы бояу), ерлі-
зайыпты Аткниндердің (жібек матаға мулине жіппен кестеленген), О.Остров-
скийдің ағашқа инкрустациялап жасаған туындыларын атап өтуге болады. 
Кәсіби суретшілердің ішінде Абай портретін алғаш салған Николай 
Иванович Крутильников еді. 1926-1927 жылдары «Абай өлең жазу үстінде» атты 
портретін кенепке майлы бояумен салған. Ол 1916 жылы Қазандағы көркемсурет 
училищесін бітіріп, Семей қаласына келіп, театрда суретші қызметін атқарады. 
М.Әлиакпаров кескіндеме және графика техникасын меңгерген суретші. 
Оның өнердегі шығармашылығы Абаймен тығыз байланысты. «Ұлы Абай мен 
Шәкәрім әлемі» менің басты тақырыбыма айналды. Сонау 1975 жылдан бері осы 
тақырыппен үздіксіз айналысып келемін. Абай мен Шәкәрім аталарымыз, олардың 
айналасы, үлгі тұтарлық өнерлері мен рухани ой әлемдері жайлы біршама шы-
ғармаларым өмірге келді, әлі де келе бермек. 
Бұл тақырып-менің өмірлік бойтұмарым секілді», дейді қылқалам шебері. 
Музейдің 
галерея 
залында 
суретшілердің 
көрмелері, 
вернисаждары, 
симпозиумдары да өткізіліп отырады. Ұлылар еліндегі симпозиумға арнайы келген 
Қазақстан суретшілері бір апта бойы Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды халқының ұлы 
перзенттерінің іздері қалған жерлермен жүріп, ауасын жұтып, көрікті де шежірелі 
Шыңғыстау өңіріне: Бөрілі, Күшікбай асуы, Тұма көлі, Жидебай, Үйтас, Кіші Орда, 
«Абай-Шәкәрім» кесенесі, Абай аналары-Ұлжан мен Зере зираты, Кеңгірбай би 
мазары, Шыңғыстау, Архат тауларының әсем жерлерінде, табиғат аясында плэнер 


76 
өткізеді. Абайдың қара шаңырағында жыл сайын суретшілер симпозиумы өтеді, қа-
тысқан суретшілер 50-ден астам туындыларын тарту етеді. 
Абай тақырыбы өнер қайраткерлері үшін үнемі шығармашылықтың қайнар 
көзі болып қала берері сөзсіз. Уақыт өткен сайын ақын тұлғасы биіктей түседі. 
 
Үмітқайша ИБРАЕВА, 
Абай қорық-музейінің аға ғылыми қызметкері 
Шығыс Қазақстан облысы 
Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының»
Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, 
ISBN 5-7667-2949-9
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет