80
Екінші – өткен іске уайым жеп,
Емі жоқ бос қайғыға қалма дедім.
Орынсыз өтірікке сонша нандың,
Өткен іске өкініп қайғыландың.
Үшінші сөзді саған үйретпеймін,
Алдыңғы екі сөзді ұқпай қалдың.
Соны айтып торғай кетті аспанға ұшып,
Шал қалды дел-сал болып қайғы қысып.
Сол торғай үшіншіде не айтпақ еді,
Соны тап, есті болсаң, ойға түсіп?
Шәкәрімнің Шығыс әдебиетімен шығармашылық байланысын мысалдар
жазуынан да көруге болады. Адамгершілік сапаларды аллегориялық көркемдікпен
насихаттауды өз тәжірибесінде ақын «Бояушы суыр», «Қаншыр мен бөдене» ,
«Ақылшы торғай», «Қасқыр, түлкі, бөдене», «Епті тышқан» сияқты мысалдар
арқылы жеткізеді. Арғы төркіні «Калила мен Димнадан» өрбіген мысал үлгілерін
Шығыс ақындары талай нұсқада дамытқан. Мысал жанры қазақ арасына ауызша
да, ақындар арқылы жазбаша да ерте таралған. Абай дәстүрімен де, өздігінен іздену
және Шығыс әдебиеттерін оқу арқылы да Шәкәрім мысал жанрын жақсы игереді.
«Қасқыр, түлкі, бөдене» мысалындағы кейіпкерлер: өктем күш иесі-қасқыр,
айлакер түлкі, жазықсыз момын бөдене. Қасқырды түлкі алдап, зығырданын
қайнатса, түлкіні бөдене орға жығады. Қулықтың түбі қазамен аяқталып, әділет
жеңеді.
Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының»
Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,
ISBN 5-7667-2949-9
Достарыңызбен бөлісу: