Пікір берушілер



бет35/36
Дата06.01.2022
өлшемі5,73 Mb.
#13039
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
Матанализдің кейбір есептерін теңсіздіктерді пайдаланып шешу

Қорытынды
Орта мектеп курсына математикалық анализ элементтерін енгізу математиктер, әдіскерлер мен мұғалімдердің алдында біршама қиын мәселелер қойды. Оқушылардың функцияны зерттеудегі білім мен тәжірибесін жетілдірудің тиімді тәсілдерін дәл айқындап, біліміне бағыт беруде үлкен қиындықтар алып келді. Мысалы, туындының формулаларын таныстырудан бұрын, оның анықтамасын дәл мағынасын да түсіндіре білу, меңгеру қажет.

Туынды ұғымының мәні тек функцияны зерттеудегі және оның графгін салумен шектелмейді.

Туынды ұғымын оқымай тұрып, оқушылар сызықтық функцияны, оның графигін, кез – келген ордината өсіне параллель емес түзудің сызықтық функцияның графигі болып табылатынын есте ұстау қажет.

Алғашқы даярлықсыз оқушының бірден туынды ұғымын игеріп кетуі қиын. «Туындыны функцияны зерттеуде қолдану» тарауы бойынша туындыны функцияны зерттеуге пайдалануға ең үлкен және ең кіші мәндерін табуға пайдалануға, график сызуға пайдалануға зерттеледі. Сол сияқты тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік функцияларды оқығанда осы тақырып қолданылады. Пәнаралық байланыста, әсіресе физикамен байланыста үлкен қолданбалы мәні бар. Пысықтау сабақтарында теориялық ережелерді бекіту мақсатында түрлі жаттығулар орындалады.



Қазіргі қолданыстағы «Алгебра және анализ бастамалары: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану – математика бағытындағы 10 сыныбына арналған оқулық / А.Е. Әбілқасымова, К.Д. Шыныбеков, М.И. Есенова, З.А. Жұмағұлова» оқулығында туындының анықтамасы былай беріледі.

Анықтама. айырымдық қатынастың аргумент өсімшесі нүктесіндегі туындысы деп атайды.
.
Анықтама шек амалына негізделген. Алайда оның алдындағы келтірілетін функцияның шегі туралы түсініктер өте жеткіліксіз. Сондықтан классикалық анализге сүйене отырып міндетті түрде шек ұғымын қысқа да нұсқа әдіспен толыққанды енгізу қажет. Профессор М.Есмұханның «Математикалық ұғымды қалыптастыру тұрғысынан қарастырғанда шек ұғымының атқаратын қызметі ерекше. Өйткені шекті есептеу кезінде математикалық формулалар мен теоремалар жиі айналымға келеді. Бұларға қоса дифференциалдық және интегралдық есептемелердің фундаменті екендігіне назар аударсақ, онда шек ұғымын ескерусіз қалдыруға болмайды» [Математика және физика журналы 2002ж. №3] деген ұсынысы өте орынды.

Функцияның максимумы мен минимумын анықтауда екінші ретті туындыны қолданудың маңызы зор.

График салғанда оқушыларға түсінікті мысал алу керек. Әр есепті шешерде туындының графигін салып алып, графикке қарап зерттеген дұрыс. Оқушыларға қиын түсетін есептерге бірнеше айнымалы енгізуге тура келетін есептер жатады. Ең үлкен мән мен ең кіші мәндерді табатын есептер тек алгебра және анализ курсында емес, геометрияда да кездеседі. Қорытынды қайталауға пәнішілік және пәнаралық байланысты қамтитын есептерді шығару өте маңызды.

Кейбір туындыны қолданып шешетін есептерді элементар әдіспен де шешуге болады. Практикалық есептерді бірнеше жолмен шешу арқылы оқушыларға бір есепті белгілі бір шартпен, әр түрлі математикалық әдістер мен тәсілдерді қолданып шығаруға болатынын көрсетіп, ол әдістерді салыстырып, олардың артықшылығы мен жетістігін көрсету арқылы математиканың және іс жүзінде белсенді қолдана білуге үйретеді.

Қорыта айтқанда,

1. Диплом жұмысының негізгі мақсаты функцияны зерттеуде туындыны қолданбай, оқушыларға алгебрадан белгілі теңсіздіктер ұғымын пайдалануды көрсету. Оқушының өзіне сенімін арттыру тәрбиелеудің нәтижесінде жүзеге асатыны мәлім. Ғылымды меңгерудің шартын әр оқушы жақсы біліп, іс жүзінде пайдалануды өмірлік әдетке айналдыруға көмектесетін әр мұғалімнің бүгінгі таңдағы басты міндеті болуға тиісті.

2. Жұмыстың нәтижесін орта мектеп, колледж мұғалімдеріне жоғары сынып оқушылары мен физика – математика факультетінің төменгі курс студенттеріне әдістемелік құрал ретінде ұсынуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет