Пікір берушілер


Математиканы қолданбалы курс арқылы оқыту туралы



бет33/36
Дата06.01.2022
өлшемі5,73 Mb.
#13039
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Математиканы қолданбалы курс арқылы оқыту туралы
Анализ бастамалары курсы – бұл математикалық анализдің мектепте оқытылатын бөлімдерінде аз немесе үстірт қарастырылатын мектеп курсын тереңдетуге аса қажет тарауларды оқыту үшін алынады. Қолданбалы курсты таңдауда мектеп мүмкіндігі, оқушының таңдауы (келісімін), білімді маман болуын ескеру қажет.

Қазіргі педагогтар алдында тұрған мақсат – еліміздегі бділім беруді халықаралық деңгейге көтеру және білім сапасын көтеру.

Математикалық қолданбалы бағытын көрсету оқушылардың көзқарасын қалыптастырады. Математикалық сабағында теориялық материал мен есеп шығару материалын тығыз байланыстырып, оқушының нақты да жүйелі математикалық бейімділік дағдысын қалыптастырады. Себебі, бұл дағды математиканы әрі қарай меңгеруіне, оны өмірде, кәсіпте қолдануға қажет болады.

Оқушылар жаңа теорияның, материалдың қажеттілігіне, өмірдегі пайдасына сенуі керек.

Математикалық анализдің элементтерін оқып – біле отырып, оқушылар оның қолданбалы мүмкіндігін бағалап және меңгеру дағдысын ашады.

Оқушыларға терең және тиянақты білім беру, оқу пәндерін өзара байланыстыру, ойлау, пікірлесу, қабілеттерін дамытуға қатысты материалдарды ұштастыра оқыту арқылы оқушылардың білімдері мен икемділіктерін, өз ойларын жеткізе алу дағдыларын жетілдірудің мәні ерекше.


Математика пәнінен қолданбалы курстың алға қойған мақсаты:


    • негізгі бағдарламалық материалды жоғары дәрежеде меңгеру;

    • оқушының өз бетінше жұмыс істеуін, өз беттерімен еңбектеуіне дағдыландыру;

    • оқушылардың математика пәніне ынтасын, қызығушылығының мүмкіндіктерін арттыру;

    • оқушының бейімділігін ескере отырып, оны дамыта түсудің нәтижелі жолдарын қарастыру;

    • ізденуге, шығармашылық әрекетке ұмтылдыру;

    • оқушылардың білімдерін тереңдетіп қана қоймай, оларға кәсіптік бағдар беру.

Курстың оқу – тәрбиелік міндеттері:




    • математиканы оқытуда техника мен оған жақын ғылымдарды оны қолдану, халықшаруашылығы мен тұрмыста қолдануға бағыттау, немесе оқытуға политехниалық бағыт беру;

    • іргелес пәндер физика, химия, география, сызу, технология сабақтары курсымен байланыс орнату;

    • білім алуды жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімдерді меңгерту;

    • бүгінгі оқушы – ертеңгі жаңа заман талабына сай, қоғам қажеттілігін өтейтін маман екендігін түсіну;

    • математикалық дағды математиканы әрі қарай меңгеруіне, оны өмірде кәсіпте қолдануға тәрбиелеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет