«Анализге кіріспе» (10 сынып) қолданбалы курс бойынша курс бағдарламасы
Мектептің жоғары сатысында бағдарлы оқутудың негізгі мақсаты – жоғары сынып оқушыларының кәсіптік бейімділігіне, ынтасы мен қызығушылығына, таңдауына қарай оқыта отырып, орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтастықты қалыптастыру, білім беру бағдарламаларынадағы жеке пәндерді тереңдетіп оқыту. Бұл әрине мектеп педагогтарына үлкен жауапкершілікті жүктейді.
Математикада қолданбалы курс оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, пәнге деген ұмтылыстары, оны меңгеру деңгейлері ескеріледі.
«Анализ бастамалары» бөлімі төменгі сынып алгебра курсының жалғасы және математикалық анализ элементтерін оқып – үйренудің бастамасы болып табылады. Оқушылар меңгеруге тиіс білім және биіктілігі, сонымен бірге кіреді, олардың білім сапасының жоғары болуына көңіл бөлінеді. Оқушылар теориялық материалдарды нақты әрі тура тұжырымдауға және есептер шығаруға өз ойларын жеткізе білуге математикалық терминдерді дұрыс пайдалануды меңгеруі қажет.
Математикадан қолданбалы курс оқыту ең алдымен оқушылар білімін дамыту, жаттығулар орындауда іскерлік дағдысын қалыптастыру, негізгі бағдарламалық материалдарды жоғары дәрежеде меңгеруді көздейді. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуіне, теориялық материалды талдап түсінуіне, көмектеседі.
Қолданбалы курс өмір өзі талап етіп отырғандай қолданбалы бағытта оқыту – оқушыларға кәсіптік бағдар беру.
Достарыңызбен бөлісу: |