Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов


§3. КОНМӘТІНДІК(КОНТЕКСТУАЛДЫ) ЗЕРДЕЛЕУ



Pdf көрінісі
бет102/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   127
§3. КОНМӘТІНДІК(КОНТЕКСТУАЛДЫ) ЗЕРДЕЛЕУ 
 
"Контекст"//"Конмәтін" (лат. contextus –тығыз байланыс, біріктіру) термині замана 
филологиясында берік орнықты. Бұл әдебиеттанушы үшін – әрі әдеби, әрі мәтіндік (осы 
арада "интермәтінділік" терминін еске түсірген орынды) және сондай-ақ көркемдіктен 
тысқары және беймәтіндік (биография, дүниетаным, жазушы психологиясы, оның 
дәуірінің нышан-белгісі, ол қатысты болып келетін мәдени дәстүрлік) байланыстардың 
шексіз саласы. Қаламгер шығармашылығындағы конмәтіндер (сонымен қатар әдеби 
туындыны қабылдау конмәтіндері де бар, қазір әңгіме ол турасында болып отырған жоқ) 
өте сан алуан, көп жағдайда әдеби көркем туындының нышан-белгісін (әдеби 
шығармашылықтың генезисін) айқындайды, әрі кейбірде олардың құрамында болып 
келіп, өзі туралы хабар береді (реминисценция), сондықтан да, әлбетте, 
әдебиеттанушының ең жіті назарында болуға әбден лайықты.
Әдеби туындының жуықтау (ең нақты, ең әлеуеті не болмаса, не аз, не көп мөлшерде 
дәйектелген тұрмыс) және аулақтау (тым жалпылау, өте жиі айқындыққа ие емес) 
конмәтіндері өзара өзгешеленіп тұрады. Біріншісі – бұл ілкі жазба (черновик), алын ала 
жоспарланған нұсқалар, автор ғұмырнамасы, оның жеке басына тәндік, маңындағылар
(отбасылық-туыстық, достық, "шағын орта") айшықталған туындының шығармашылық 
тарихы. Конмәтіннің екінші тегі дегеніміз – бұл автордың заманындағы әлеуметтік-


197 
мәдени құбылыс, сондай-ақ, ол (саналы немесе интуитивті түрде) қатысты болып келетін
"үлкен тарихи уақыт" (М.М. Бахтин) феномені болып табылады. Бұл жерде әдеби дәстүр 
өткен буынның көркемдіктен тысқары тәжірибесінің соңынан ілесу немесе керісінше, 
одан бас тарудың тақырыбы болып келеді де, оған қатысты қаламгер белгілі бір 
позицияны ұстануы, оның дүние-болмысқа деген конфессионалды, ұлттық, тектік, 
әлеуметтік-таптық, корпоративті-топтық көзқарасын танытады. Бұнымен қатар "аулақтау" 
конмәтіндер – өз негізін архетип деп аталатын архаикалық мифті-поэтикалық 
әмбебаптықтан алатын тарихтан үстем болмыстың бастау көзі болып табылады.
Әдеби туынды түзетін конмәтін белгілі бір шекке ие емес, қайта ол өте кең ауқымды 
болып келеді. Әдеби-көркем шығармашылықтағы конмәтіннің көп қырлылығы (немесе 
дәлірек айтсақ, конмәтіндердің көптігі) қаламгер үшін көбіне керекті болмас, ғалым үшін 
сөзсіз маңызды болып табылады. Әдебиеттанушы неғұрлым кең, әрі толық ескерген 
туындының өзіне дейінгі құбылыстар және фактілермен (әрі әдеби-көркем, сондай-ақ, әрі 
тікелей өмірлік) байланысынан, анализ бен интерпретация соғұрлым көп "ұтып шығады".
Әдеби туындыны конмәтіндік қарастыру, әлбетте, бәрін түгесуші болуы еш мүмкін 
емес, ол тек өзіне қажеттісін ірктеп қана алады. Бұнда белгілік пен айқындыққа қарағанда 
жұмбақ пен құпия көп болып келеді. Сонымен қатар, әдеби шығармашылықты 
конмәтіндік зерттеу дегеніміз – бұл туындының мағыналық тереңіне бойлаудың, автор 
концепциясына, сондай-ақ, қаламгердің ілкі интуициясына ой жүрірте алудың 
алғышартына қажетті шартылық болып табылады. Әрбір жекелеген жағдайларда 
әдебиеттанушы, әлбетте, қарастырып отырылған туындының әлдебір конмәтіндік 
аспектісіне көңіл бөледі. Бірақ та ғылыми ойдың дамуының жалпы перспективасында әрі 
жуықтық, әрі нақтылық, сонымен қатар, аулақтық, жалпы ортақтықтағы конмәтіндердің 
бір мезеттік және тең құқылық ескерілулері тән.
Қаламгер шығармашылығының конмәтіндерін (ғылым үшін оңтайлы нұсқалардағы) 
зерттеу туындыны имманентік қарастырудың ілесе жүруінен тұрып, осындай 
қарастырудың есебін талап етеді. Мәтіндік-мағыналық нақытылықтан қол үзшілік әннің 
әуенсіз қалғанындай күй кешкізеді, ең жаман жағдайда, ерікті ойындық қиялдауға 
(әсіресе, әдебиетшінің аулақтаған конмәтіндердің соңына түсіп кетушілігіне) айналады. 
Әдебиет туралы ғылым көркем шығарманы имманентікті ілеспелі, синтездендіре 
конмәтіндік зерттеуді керек етеді.
* * * 
Туындының әдебиеттанушылар тарапынан оқылымы қондырылмы жағынан өте алуан 
және әр тектес болып келеді. Ол үдемелі түрде он жылдықтан он жылдыққа қарай көбейе 
түседі. Ғылымилыққа талпынған интерпретациялар құрамында әрі біріктіруші кестелікке, 
бұрмалаушылыққа, тар ауқымдылық пен ұстамсыздыққа бағыт ұстаушылыққа, сондай-ақ 
тереңдей бойлаушылық да орын бар. Әдебиеттану (оның ішінде, отандық) бай да, 
өлшеусіз өте маңызды аналитикалық тәжірибеге, әрі сонымен бір мезетте әдеби 
туындыны ұғынуды байықтырып, тереңдеткен интерпретациялауға иелік етеді. Осыған 
байланысты А. П. Скафтымовтың 1920-1940-шы жылдары жазылған Ф. М. Достоевский, 
Л. Н. Толстой, А. П. Чехов (әсіресе, оның драматургиясы) туралы жазылған мақалаларын; 
философ А. А. Мейердің "Фаусты" оқыған кездегі ой толғақ" атты филологиялық 
ғажайып трактаты (1930-шы жылдардың ортасы)[733]; С. Г. Бочаровтың о Н, В. Гоголь 
және Е. А. Баратынский, Ф. М. Достоевский мен А. П. Платонов туралы "Көркем әлем 
туралы" кітабына (1985) енген еңбектері, сондай-ақ, оның "Соғыс және бейбітшілік" 
туралы монографиясы; статьи С. С. Аверинцевтің "Ақындар" кітабының (1996) тінін 
құрған түрлі елдер менн дәуірлердің ақындары туралы мақалаларын атап өтуге болады. 
Жеке туындыларды ішкімәтіндік (имманенттік) және конмәтіндік қарастырудың табиғи 
біріктірілуін қарастырудың үлгісі ретінде Ю. М. Лотманның "Пушкиннің "Анджело" 
поэмасының идеялық құрылымы" [734] және Д. Е. Максимовтың " Бір өлең (Сыңарлар) 


198 
турасында"[735] мақалалары жіті назар аударуға лайық. Әдебиет туралы ғылымының 
жоғарғы міндетіне жауап бере алатын аналитикалық интерпретациялардың тізімдерін 
бұжан әрі соза беруге де болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет