190
қалады; ақындық
субстанция кәдеге жаратылмай, көрініс тапқан себепті еркіндікке қол
жеткізе алмаушылық" орын алады деп атап көрестті неміс ақыны И. Бехер[700].
Созылмалық, керексіз өзін ақтамайтын ұзақтық, басы артық, керексіз эпизодтар
қаламгердің жұмыс процесі кезіндегі тұрақты "қарсыласына" айналады. А.П. Чехов
табандылықпен жазылғанды қысқартуға, ықшамдауға, оқырман онсызда орайын
табатындардан арылуға кеңес берді. Ол, әсіресе, кең ауқымды экспозицияларға,
шұбалаңқы бастама мен қадам басуларға қатал қарады. Мысалға: "Сіз өз әңгімеңіздің
бірінші жартысын алып тастауға тырысыңыз; сізге екіншіңіздің бас жағын аздап өзгертуге
тура келеді де, әңгімеңіз әбден түсінкті бола түседі. Әрі басы артық дүниелердің еш керегі
де жоқ". Және де басқа бір жерде: "Неғұрлым тығыз, неғұрлым ықшамды болған сайын,
соғұрлым айшықты да, сәулелі бола түседі"[701].
Туындылардағы заттық-психологиялық әлемнің көп және аз көлемде өрістеуі түрлінше
жүзеге асады. Ең біріншіден маңыздысы және оңдымды мәнділігі
әлдебір мәннің бірте-
бірте танылуы, екіншіден, кейде түр өзгешелігне ұшырап, әрі тіптен өзіне дейін басы
ашық дүниені бастан аяқ өзгеріске ұшырататын кенеттен, аяқ астынан туындайтын
финалдық эффекті. Кенеттен, аяқ астынан туындайтын сөз соңы Дж. Боккаччодан
О'Генриге дейінгі және ертеректегі Чехов новеллаларына тән сипат. Бұл жанрда негізгі
тәсіл pointe (өткірлік) "өткірлік қорытындылаушы эффекті" болып табылады[702]. Тап
осыған ұқсастық – бірқатар лирикалық өлеңдерге тән. Осылайша, цветаевалық "Отанға
деген сағыныш" табанды сендіру тізбегі ("Мне совершенно все равно,/Где
совершенно
одинокой/Быть, по каким камням домой/Брести с кошелкою базарной") кенеттен "Но если
по дороге куст встает,/Особенно рябина..." жолдары арқылы жоққа шығарылады.
Сөздік-көркем мәтіндердің уақытша ұйымдастыруы оны ырғақтыққа қарай бейімдейді.
Атақты үнді жазушысы Р. Тагор: "Ырғақ дегенміз жай ғана белгілі бір өлшемге құрылған
құр сөздер қосындысы емес; әрі, қисынды, әрі көрнекілікті түрдегі бөліп орналастырудың
нәзік заңына бағынған не ана, не мына келісілген идея, ой музыкасы да ырғақты болып
келуі де ықтимал"[703]. Біздің бұған алып-қосарымыз: композиция өз кезегінде онсызда
бөліктер мен бөлімдерге (роман мен хикаяттардағы), актіге, көрініс пен құбылыстарға
(драмалардағы), шумақтарға (лирикадағы, кейде эпикалық поэзиядағы) өз кезегінде
ырғақтылық береді.
С. И. Бернштейннің еңбегінде әдеби туындының ырғақтық-композициялық қыры
қарастырылған. Бұл жерде көркем форма "белгілі әлеуеттік реттілік", өрістеу мен
бәсеңдеудің әбжілдік қатары, "әлеует пен тыншымның қарапйым элементтерінің" жүйелі
ауысымы деп пайымдалады. Тап осындай сипаттағы әлеует "ырғақтың күй кешуі" деп
қарастырылады. Композиция бұл жерде бәрін реттеуші "әлеутті ағын", "қозғалыс образы"
ретінде ұғынылады[704].
Бұл пікірді көптеген әдеби фактілермен бекемдеуге болады. Чеховтың драматургиясы
турасында А.П. Скафтымов: "Пьесаның қозғалысы үміт
пен бақыттың қол бұлғауынан
және де осы бір елес қуушылықтың тас-талқан болушылығы мен әшекерленуінен тұрады "
деп жазды[705]. Толстойлық романдар өзінше бөлімдер мен олардың топтасуының
кезектесіп келушілігінің қатаң заңдылығына ие болып келеді. Бұл жерде бір эпизод терең
драматизмге толы болса, келесісі – ойды сәулелендіріп, кейде тіпті идиллистік сипатта
өмірдің дүниелік, махаббаттық, біртұтастық және үйлесімділік аймақтарын айшықтайды.
И.А. Буниннің "Жеңі дем" әңгімесінің түзілімінде ырғақтық бастау көз айқын
аңғарылады. чны друг другу эпизоды летнего дня, завершающегося сближением Оля
Мещерскаяның Малютинмен жақындасуымен аяқталатын жаз күніндегі эпизодтар, әрі
қыстың соңы бір-біріне симметриялы: қос жағдайда да ірі көрініспен берілген жарық,
қуаныш, өмірдің толыққандылығының ауаны зұлым
және орны толмас қысқаша
хабарлаулар
арқылы
"жарылады".
Сондай-ақ,
көктемгі
зиратты
суреттеу
симметриялықпен (жақтаулау түрінде) орналастырылған.
191
Дегенмен әдебиет уақытша мәтіндік ұйымдастырлуы бейтарап және әлдебір маңызды
рөл ойнамайтын болып келетін жарқын да, мәнді туындыларды біледі. Бір сөзбен
айтқанда, авторының мәтіндегі желе жортуында хаостылық, бейберекеттік, суырып
салмалықтың еркіндігі орын алатын к. В.В. Розановтың ("Оңашалану", "Үзілген
жапырақ")өркем эссеистика тап осындай. А.Т. Твардовскийдің "Василий Теркин"
поэмасындағы "кез келген бетінен бастап оқыған кезде" жеңілдік таныту қондырғысы
бойынша туындаған бөлімдер кезектесітгінің көркемдік мәнділігі маңызды болып келуі
екі талай[706]. Тап осындай туындыларда эпизодтық, фрагменттік, сөз саптаулық, егжей-
тегжейлік ілігісулер ырғақтық сипатқа ие болмайды. Бірақ та бүкіл әлемдік ауқымда
бұндай жағдайлар өте сирек ұшырасады. Түрлі елдер мен дәуірлер,
жанрлар мен
бағыттардағы туындылардың басым бөлігінде олардың мәтіндерінің уақыттық
ұйымдастырлуы ырғақтылықпен таңбаланып, толықтай жарқын айшылықпен және
мазмұндық маңыздылықпен көрініс тапқан.
Достарыңызбен бөлісу: