45
Тап бір біреудің дауысына құлық қойып, бағыну арқылы ақын өзінің шығармашылық
еркіндігін паш етеді. Бұл турасында А.А. Блоктың "Ямбтар"
циклындағы өлеңдері куә
бола алады:
Да. Так диктует вдохновенье:
Моя свободная мечта
Все льнет туда, где униженье,
Где грязь, и мрак, и нищета.
Ақындардың шығармашылық еркіндікпен шарық ұруы көріп отырғанымыздай, үзілді-
кесілділік, бейберекеттік және тылсымдылық формасына ие болады. Осы ойымызды Р.М.
Рилькенің: "өнер туындысы сол кезде тамаша, егер ол ішкі қажеттіліктен өмірге келетін
болса"[163] деген иланымды сөзімен бекемдеуге болады.
Шығармашылық әлеуеттің таңбаланған мөрі туындының өмірге
келуінде өз көрінісін
табуын Т.С. Элиоттың "ақын үні өзімен өзі кеңеседі"[164] деген сөзімен кестелей
отырып, оған шабыт үнін алып қоспақпыз. Осы бір анық емес, бірақ көркем
субъективтіліктің ең маңызды бөлінбес қыры турасында XX ғ. көп сөз болды. «Өнер» – Г.
Г. Шпеттің сөзі бойынша, "өз бойына шығармашылық әлеуеттің <...>
интимдік культін
сыйдырады"[165]. Романтизм дәуіріндегі неміс эстетикасының өкілдері суреткерлер
табиғатқа еліктеуде ең алдымен оның шығармашылық әлеуетіне жүгінеді деп есептеді.
Б.Л. Пастернак та өзінің "Қорғау марапасында" осындай рухтағы ойды айтты. Оның
айтуынша, өнердің өзегі дауыстың күші мен оның ұшырасуынан тұрады[166]. Осы бір
көркем мазмұнның шығармашылық аспектісі қабылдаушылар үшін қашаннан да маңызды.
П. Валери: "Өнер туындыларынан мені қашанда ең алдымен қызықтыратыны, оның өмірге
келуіндегі шығармашылық күш-жігердің іздерін іздеу",- деп жазады[167].
Көркем субъективтіліктің (мағынадан тысқары, жасампаздық, әлеуеттік делінетін)
аталған қыры кейбірде шектен тыс әспеттеліп, басқаларына өз салқынын тигізеді. О.Э.
Мандельштам өзінің 1919 жылы жазылған "Акмеизмнің таңы"
атты мақаласында
суреткер «құрылыскерлік рухымен есі шыққан жан» ол үшін белгілі бір ғалам сипатын
ұғыну тек қана «тас қалаушының қолындағы қалақ сияқты құрал немесе амал-тәсіл» деп
ой түйді[168].
Суреткердің туындыгерлік-шығармашылық тынысы оның туындыларында әр қилы
көрініс табады. Автор кейбірде өзінің шығармашылық талпынысының қауырттылығын
танытады (кейінгі бетховен сонаттарын немесе Л.Н. Толстой романдарындағы әдейі
алынған ұғымға ауыр сөздерді еске түсірейік). Осы бір көркем шығармашылық типі
турасында Т. Манн: "Өнер деп атауға тұратындардың бәрі мүмкіндіктің
шегіне
батылдықпен барып, белгілі мөлшерде күш-жігер жұмсаудан туындағандар" деп
жазды[169].
Сонымен бірге, көптеген жоғары деңгейдегі көркем туындылар жеңілдіктің, әртістіктің,
көңілділіктің реңкіне оранып, кейбірде Пушкин поэзиясындағыдай "моцарттықтың"
шапағына бөленеді. Бұл арада өнердің ойынмен байланысы аңғарылады.
Достарыңызбен бөлісу: