Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов


§2. Мәдениет конмәтініндегі өнер



Pdf көрінісі
бет36/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   127
§2. Мәдениет конмәтініндегі өнер 
«Мәдениет» ұғымы – гумантитарлық білім құрамындағы ең маңыздыларының бірі. 
Мәдениет көп қырлы бір-біріне кереғар түрлі мәдениеттанушылық концепиялары арқылы 
танылады.
Біріншіден, мәдениет туралы таңбалық, семиотикалық деген ұғылым кең тараған. Ол өз 
бастауын: адам дегеніміз символды өмірге әкеліп, оны қолданатын тіршілік иесі деп 
санайтын Кассирер анторпологиясынан алады. Осы бағытта Лотман мәдениет дегеніміз 
мәтін бойына ендірілген ақпараттық тетік деген ұғымды тудырды. Екіншіден, мәдениет 
регулятивтік функция атқаратын норма, шектеу, тыйым салулардың жиынтығы деп 


58 
түсіндіріледі. Осындай ой түйіндеу, әуелі Ницшеде, кейінірек З.Фрейд те («Мәдениетке 
көңіл толмау», «Бір иллюзияның болашағы») т.б. орын алды.
Ақыр соңы, үшіншіден, мәдениеттанудағы ең жемістісі – құндылыққа бағдар ұстанған 
түсінік. Ол мәдениеттің таңбалық және регулятивтік (нормативтік) феномендерін тек 
аспекті ретінде қарастырады. Бұл концепцияның бастау көзінде неокантизмді тұтынушы 
ХІХ-ХХ ғасырлардағы неміс философтарының еңбектері тұр. «Мәдениет – жалпы 
маңызға ие құндылықтармен байланысты объектілердің жиынтығы»,-деп жазды 
Г.Риккерт[239]. 
Аксиология дегеніміз – құндылықтар туралы ілім (көне.-гр. ахios - құнды). "Құндылық" 
термині Ф.Г. Лотценің трактаты (1870) арқасында орнықты. Отандық философияда 
аксиология турасында Н.О. Лосскийдың "Құндылық пен тұрмыс" (1931) еңбегінде айқын 
көрініс тапты. Дегенмен құндылық ұғымы аксиологияның ілім ретінде орныққанына дейін 
антикадан бері аgatos (қазақшалағанда- игілік) сөзімен қолданыс тауып келді.
Құндылық дегеніміз – әлдененің жағымды мәнге ие болуы. Ол (шындық өмірде шынайы 
бар немесе "метафизикалық жалпытұрмыстық" зат ретінде) бастау көз, ойға алынатын 
және қиялданатын болып табылады. Ой жетімді құндылық сипатында адамдар өмірінде 
әлдебір бағдар (бет алыс) рөлін ойнайды. Адамның шындық болмысына енген сәттен 
бастап, олар заттың мәнін емес, функциясын құрайды. Н.О. Лосскийше, "адамға қатысты 
барша нәрсеге қатысты не жақсы не нашар деп айтуға болады", сондықтан құндылық 
дегеніміз –бәріне ене алатын, барша әлемінің және әр тұлғаның, әр адамының құлығының
мәнін айқындайтын әлдене"[240].
Өнердің орны, рөлі, мәні түрлі әлеуметтік-тарихи жағдайларда әр қилы ұғынылды. 
Бірнеше мәрте өнер мемлекетке (Платон эстетикасы) [241], дін мен моралға 
(ортағасырдағы шіркеудің үстемдік құрған дәуірі), белгілі бір ақыл парасатқа (классицизм 
рационализмі мен Ағартушылық), ғылыми білімге (Писарев ыңғайындағы позитивизм), 
ресми саяси идеологияға (біздің елімізде 1930-1950-шы жылдары орын алды) қатысты
басыбайлы, бағынышты, көмекші құбылыс деген көзқарас тарады. Көркем мәдениеттегі 
догмалық тар ауқымды және жат пиғылды бұндай ұғымдардың біржақтылығымен, тарихи 
күні өткендігін дәлелдеп жатудың еш керегі де жоқ. Уақыт өте келе өнердің шартты түрде 
болмаса да, қоғам өміріндегі басқа құбылыстардан тәуелсіз екендігі, өзінің ерекше орыны 
бар екендігі, оның азаттығына сырттан қол сұғудан қорғауды керек ететіндігі бәрі де 
айқындалды.
Өнердің даралығын, өзіндік мақсаттылығын және тәуелсіздігін кейінгі көркем 
мәдениетке, оның ішінде орыс мәдениетіне әсер еткен XVIII-XIX ғғ. тоғысындағы неміс 
эстетикасы (Кант, иен романтиктері) паш етті. Романтизм дәуірінің ойшылдары мен 
суреткерлері өнер тұлғаның, қоғамның, адамзаттың рухани өмірлеріне зор және ізгілікті 
әлеуетпен әсер етуге қабілетіне ие деп атап өтті. Замана ғалымы байыптағанындай: 
"суретшілер, сазгерлер, ақындар романтикалық санада <...> көсемдер, ұстаздар, тіпті 
кейде қоғамдық процеспен, халықтың өміріне зор әлеуетпен әсер ете алатын адамзаттың 
тікелей заң шығарушылары деп ұғынылды"[242].
Өнердің дербестігін қорғау мен бекемдеуде романтизм дәуірі зор еңбек сіңірді. 
Сонымен бірге, романтикалық бағдардағы ойшылдар мен суреткерлер кейде көркемдік іс-
әрекеттің мүмкіндігі мен қоғамдық рөлін асыра бағалап, өнерді мәдениеттің басқа 
формаларынан, оның ішінде, ғылым мен философиядан да жоғары қойды. "Философия,-
деп жазды Шеллинг,-ұлы биіктерді бағындырады, бірақ осы биіктер адамның кейбір дене
бөлігін ғана өзіне тартады. Өнер болса, алдына мақсат қойған жанды осы биіктерге 
шығуға мүмкіндік береді"[243]. Романтиктер суреткерлердің жердегі жұмақты орнатудың 
қиялына беріліп, өнердің өміршеңдігі, өмір шығармашылығындағы пәрменділігі басқа 
мәдениет формаларынан, тұтас өмірден астамдығы туралы утопия-мифті жария етті. Бұл 
миф өміршең болып шықты. Ол өз өмір сүруін романтизмнен кейінгі дәуірлерде, оның 


59 
ішінде символистік эстетикада өз өмір сүруін жалғастырды. "Біздің кезіміздегі өнер,-деп 
тұжырымдайды Ф. Сологуб,- өзінің өмір мен табиғаттан астамдығын ұғынады"[244]. 
Өнердің дербестігін қорғау көріп отырғандарыңыздай кейбірде бір жақты апологияға, баса 
көктеушілікке айналды. Өнерді бәрінен жоғары қоюшылық "өнердегі центризм" 
терминмен таңбланды. Ол жоғарыда сөз болған эстетизммен жіпсіз байланған.
Өнердегі центризмді (бір мезетте осындай көркем шығармашылықты) сынау 
романтикалық эстетиканың өзінде де бой көрсетті. Осылайша, В.-Г. Вакенродер (Шеллинг 
секілді): "жерде өмір сүру дегеніміз – игілік" деудің арқасында "өнер біз үшін жоғарғы 
жан-жақтылық болып табылады" да: "Жаратушы айқын сенген <...> біз сияқты өмірге 
әкелушілік өнердің туындыгерлігі болып табылады" деп айқын байыптай тұжырымдады. 
Сонымен бірге, оның "Өнер достары үшін өнер туралы фантазия" атты кітабында көркем 
шығармашылық ынтықтырушы және тыйым салынған жеміс, оның дәмін татқан адам 
"жақынынан жат көзденіп, өзінің эгоистік ләззаттануының" құшағына еніп кетеді де: 
"Өнер адамның жан-дүниесіндегі адами сезімінің ана сүтімен сіңген түп қазығын жұлып 
алып, аярлықпен алдаусыратып, қақпақылға салып, онымен ойын ойнайды. Суреткер 
әртіске айналып шыға келеді"[245]. В.А. Жуковский ақынның пешенесіне жазғаны 
"Құдаят рухының бар жерде бой көрсетуін", іздеу және табу "сонымен бірге қорқынышты 
ынтазарлық та бар, оған бой ұрған шақта құзар биіктен төменге құлау қаупі туындайды" 
деп тұжырымдады[246].
Тап осы секілді ойлар "кейігромантикалық" дәуірде бірнеше мәрте көрініс тапты. 
Осылайша, XX ғасырда көркем іс-әрекетті асыра бағалаумен, оның тізгіндеусіз 
апологиясынан сақтану керектігі туралы табандылықпен айтылды. Г.П. Федотовша, "өнер 
тұлғаны қалыптастырады, әрі бұзады": "Рухани иерархияның бөлшектенуі дәуірінде"
гуманистік мәдениеттегі қамсыздық жағдайында ол "іріп-шірудің ең зәрлі уына 
айналады"[247]. Ф. Дюрренматша, өнердің шектен тыс фимиамдануы (гр. thymiama,
thymaiao – жағамын, шегемін-ауыс мағынасында – әлденені көкке көтере дәріптеу-Ә.Ә.) 
оны тұншықтырып тастауға қабілетті[248]. "Әдебиет пен өнердің адамзат қоғамына әсері 
бізде де, бүкіл әлемде де асыра айтылып жүр", -деп ой түйген В.П. Астафьев, бұл 
әсерлердің "біздің қалауымыздай емес" кейде тіптен басқа формаға ие болып кететіндігін 
аңғарады[249]. Осындай қауіптене іш тартушылық оған дейін Л. Толстойдың "Өнер деген 
не?" және М. Цветаеваның "Жаңалық жарығындағы өнер" мақалаларында сонымен қатар, 
А. Камюдің: "Суреткер ең алдымен <...> өнер біздің кезіміздегі қажетсіз сән-салтанат па? 
дегенге жауап беруі керек" делінген 1957 ж. баяндамасында көрініс тапқан болатын[250].
Осының бәріне қарамай өнердің адамзат үшін маңызы зор және ерек, ол өзінің не адам 
іс-әрекетінің басқа формаларынан асқақтатылуын керексінбейді, ол өнердің басқа 
қырларымен (ғылым, философия, мораль, саясат, имани-амаляттық сана, тұлғалық сұхбат, 
еңбек іс-әрекетіне дағды және т.б.) тең құқылықпен бір қатарда тұрады.
Сонымен қатар мәдениет формалары бір-бірімен тығыз байланыста болып келеді немесе 
аса зор жалпы алаңда бірлесе "қимылдайды", себебі адамзат өмірі тап сондай. Олардың 
арасында тамыр тартқан ортақ достық қатынастар бар. Көбінесе, көркемдік іс-әрекет басқа 
мәдени тіршілік астарларымен белсенді өзара әрекеттестікте ғана болып келмейді, 
сонымен қатар олардан өз бойына көп нәрсені сіңіреді.
Суреткердің тұтасқан өмірге қатыстылығы өзіндік әдеби норманы түзіп, адами болмыс 
алдындағы суреткер жауапкершілігі турасында көптеген ірі жазушылар мен ғалымдар: 
Алманияда – Т. Манн пен Г. Гессе, біздің елімізде – М.М. Бахтин (қара. "Өнер және 
жауапкершілік"[251], сондай-ақ, "Іс-әрекет философиясына") және М.М. Пришвин, ішіне 
зар қатып, жазушылардың "әдеби-сайтандық өзім білемділігі" олардың алдынан "өмір 
есігін" жабады деп сөз етті[252]. Бұл арада: өнер қайраткерлерінің – өмір алдындағы, 
қоғамның – өнер алдындағы қосарлы жауапкершілігі бар.


60 
Тұтастай алғанда адам мәдениетке бас қойғанда өзінің шығармашылық жолында 
қалыптасып, өзін-өзі айқындап, оның дәстүрін мұраға алады және оның түрлі 
құндылықтарын игереді. Өнер өзінің жоғарғы және құндылықты көрініс берулерінде 
басқа мәдениет формаларымен тығыз және берік қатынаста болып келіп, "тұлғаның өзін 
мақсатты түрде рухани айқындауы" үшін белсенді әрекет етеді[253]. Ол адамға өз 
дербестігін жете сезініп, қажырлылықпен бастан кешуге және сонымен бір мезетте өзінің 
әлемнің тұтастығына қатыстылығын, өзінің ғаламмен, оның мәңгілік құндылықтарымен 
бірлікте екендігін пайымдауына мүмкіндік береді. Көркем шығармашылықтың ұлық 
мақсаты тап осындай болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет