Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов



Pdf көрінісі
бет39/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   127
 
 
 


63 
2. КӨРКЕМ ОБРАЗ. ОБРАЗ ЖӘНЕ ТАҢБА 
Бейнелеушілік қабілетіне ие әдебиет пен басқада өнер түрлері амал-тәсіл (әдістердің) 
көмегімен өзінің миссиясын жүзеге асырады. Бұған философтар мен ғалымдар ежелден 
"образ" (көне.-гр. эйдос-түр, кейіп) терминін қолданады. Философия мен психологиядағы 
образ дегеніміз – нақты түсінік, яғни, сезімдік қабылдануы кейпіндегі жекелеген 
нәрселердің (құбылыстар, фактілер, оқиғалардың) адам санасында сәулеленуі. Олар 
қайталанбас-дербес нышан-белгіні есепке алмай, тек олардың шындық өмірдегі жалпы, 
қайталанушы қасиеттерін ғана ескеретін дерексіз ұғымдарға қарсы тұрады. Басқаша айтар 
болсақ, әлемді игерудің сезімдік-образдық және ұғымдық-логикалық формалары бар.
Одан ары образдық ұғылымын (сана феноменін) және образдың өзіндік сезімдік 
ұғылымын (көру мен естуді) айырып білуге болады. А.А. Потебня өзінің "Ой мен тіл" 
еңбегінде образды туындаушы түсінік, әлдебір сезімдік арқылы қабылданатын мәлімет 
ретінде қарастырады[264]. Тап осы мәнінде "образ" сөзі өнер теориясына тән болып келіп, 
оның құрамы ғылыми-көрнекілік, фактографиялық (шын мәнісінде орын алған факті 
туралы ақпарат) және көркем образдар болып өзгешелене түседі[265]. Соңғысы (бұл оның 
өзіндік ерекшелігі) қиялдаудың айқын қатысуымен өмірге келеді де: олар тек жекелеген 
фактілерді туындатып қана қоймайды, сонымен қатар, оларды қоюлатып, өмірдің автор 
үшін мәнді байыптап бағалаушы жағына назар аудартады. Суреткер қиялы дегеніміз – бұл 
әлбетте, тек қана оның шығармашылығындағы психологиялық түрткі ғана емес, сонымен 
бірге оның туындысында бой көрсететін әлдебір мәліметтер. Оның соңғысында шындық 
өмірде сай келетін баламасы жоқ ойдан шығарылған нәрсе тән болады.
Бүгіндері әдебиеттануда "таңба" мен "таңбалылық" сөздері орнықты. Олар бірден 
лексикадағы әдеттегі ("образ", "образдылық") сөздерді біршама ығыстырды. Таңба 
таңбалар жүйесі туралы ғылым семиотиканың орталық ұғымы болып табылады. 
Гуманитралық салада 1960-шы жылдары орныққан структурализм және оның орнына 
келген постструктурализм семиотикаға бағдар ұстанды.
Таңба дегеніміз – бұл «табылар алындағы» нәрсенің (не болмаса қасиеттің және
қатыстың) өкілі немесе ауыстырушысы болып табылатын материалдық зат. Таңбалар 
жүйені құрап, ақпаратты алу үшін, сақтау мен байықтыру үшін қызмет етеді, яғни, ең 
алдымен танымдық мәнге ие болады.
Семотиканың өмірге әкелушілері мен жақтаушылары оны өзіндік бір ғылыми білімінің 
орталығы есебінде қарастырады. Осы пәннің негізін салушылардың бірі америкалық 
ғалым Ч. Моррис (1900 -1978): "Семиотиканың ғалымға қатысы екі жақты болып келеді, 
бір жағынан ол басқа ғылымдар қатарындағы ғылым, екінші жағынан ол – ғылым 
құралы": ғылыми білімдердің алуан саласын біріктіріп, оларға асқан қарапайымдылық, 
қатаңдық пен нақтылық беріп, ғылымдағы адамдардың өрмегін салып тастаған "сөздік 
торынан" азат етудің жолы",-деп жазады[266].
Отандық ғалымдар (Ю.М. Лотман мен оның пікірлестері) тарапынан таңба ұғымы 
мәдениеттанудың ортасына алынып зерделеніп; мәдениет турасында ең алдымен 
семиотикалық феномен ретіндегі түсінік қалыптастырды. "Кез келген шындық, - деп 
жазды Ю.М. Лотман мен Б.А. Успенскийлер француз философ-структуралисі М. Фукоға 
сілтеме жасап, - мәдениеттің қойнауынан алынып, таңбалылық есебінде қызмет ете 
бастайды <...> Таңба мен таңбалыққа қатынастың өзі мәдениеттің негізгі сипаттарының 
бірін құрайды"[267].
Адам өмірі құрамындағы таңбалық процесс (семиотика) турасында сөз еткен мамандар 
оның таңбалық жүйесінің үш аспектісін бөліп көрсетеді: 1) синтактика (таңбалардың бір-
біріне деген қатынасы); 2) семантика (таңбаның өзі таңблайтын нәрсеге деген қатысы); 3) 
прагматика (таңбаның өзін пайдаланушылар мен қолданушыларға деген қатысы).


64 
Таңбалар белгілі бір тәртіппен жіктеледі. Олар үлкен үш топқа біріккен: 1) индексалды 
таңба (таңба-индекс) нәрсені нұсқағанымен, оны сипаттамайды, ол тек метонимикалық 
принцип араластыққа (түтін – өрт қауіпін, бас сүйектің қаңқасы – өмірге қауіп төндіру 
турасында хабар береді) иек сүйейді; 2) таңба-символ шарты болып табылады да, бұл 
арада таңбалаушы өзінің таңбаланушысымен (табиғи тілдің сөздері (дыбыстық 
еліктеуден басқасы) немесе математикалық формулалардың компоненттері) не 
ұқсастыққа, не байланысқа ие болмайды,; 3) икондық таңбалар таңбаланушыны не тұтас 
кейпінде белгілі бір сипатта туындатып, әдетте көрнекілік сипатқа ие болады. Осы 
икондық таңбалар өзара ерекшеленеді, біріншіден, диаграммалық – нәрселікті кестелік 
түзуде (өнеркәсіптің дамуының немесе туудың эволюциясының графикалық 
таңбалауында) толықтай айқындықсыз, екіншіден, образдар, таңбаланатын жеке нәрсенің 
(фотографияда, репортажда, сондай-ақ, өнер туындыларында бақылау мен қиялдың 
жемістері айшықталып) сезімдік қабылданатын балама қасиетін түзеді[268].
Осылайша, "таңба" ұғымы дәстүрлі образ бен образдылыққа тыйым салмайды, қайта, 
осы ұғымдарға жаңаша, өте кең мағыналық конмәтіндік қабілет сыйдырды. Тіл туралы 
ғылымға тән таңба ұғымы әдебиеттану үшін де маңызды: біріншіден, туындының сөздік 
тінін зерделеу саласы, екіншіден, қатысушы тұлғалардың құлықтық формаларға бет 
бұруы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет