Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов



Pdf көрінісі
бет4/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
монистік
 қатаңдықты керек етпейтін «бағыттаушы»* дәстүрге ие. Отандық ғалымда ол 
А.Н. Веселовскийдің еңбектерімен жарқырай танылды. Ғалым барша 
догматизмді
теріске 
шығарып, табанды түрде қандай да бір ғылыми әдісті бірден-бір қолдау табушы, әрі 
дұрысты деп жариялаудан бас тартты. Ол әрқайсының қолдану шегі турасында сөз етті. 
Тұрмыстық қалыптағы халық әні сюжетінің шығу тегінің байланысына назар аударған өзі 
тұстас бір ғалымының еңбегіне сипаттама бере келе, Веселовский: «Әдіс жаңа емес, бірақ 
оның бірден-бір әдіс еместігін есінде тұта отырып, ыңғайын табатын жан ғана қолдануға 
тиіс, қай кезде тұрмыстық өлшеуіш өз мүмкіндігін жойғанда, басқасының жалына жабыс» 
[5],-дегенді ауызға алады. Веселовскийдің догмалық емес, айқын теория-әдістемелік 
ойлауы әлі күнге дейін құнды әрі мәнді болып келіп, кез келген «бірден-бір құтқарушы»* 
тұжырымдамалар мен ғалымдардың ақиқатқа толық үстемдік ету, әдістемелік кестелілік, 
априоризмдік
күпірлігіне қарсы тұрады. 
Осындай ешкімге ештеңені таңбайтын, өте сақ ауандағы Веселовскийдің жұмыстары, 
біздің ойымызша, теориялық әдебиеттану үшін қолдануда тиімді. Ғалым қатаң 
декларация 
мен қызба тезистерді көкке көтеруді жаны сүймеді. Оның жинақтаушы ойының басты 
берілуі – жорамалдап сөз қозғау мен сауал түріндегі ой толғау болып табылады. Мысалы: 
«Халық наным-сенімдерінің ұқсастығы нәсілдік өзгешелік пен тарихи байланыс болмаған 
жерде, адам жүзеге асыратын психологиялық процестің табиғатымен түсіндіру мүмкін 
емес?»[6]. Немесе мына бір пікірі: «Сыртқы нышан-белгі мен мазмұн сипатталуға 
арналған (туынды. - В.Х.) арасында... заңды (яғни, заңдылықты. В.Х. ) байланыс бар ма?» 
[7]. 
А.Н. Веселовскийдің «бағыттаудан тысқары»* еңбектеріне тән қасиет ХХ ғ. ірі 
ғалымдары В.М. Жирмунский, А.П. Скафтымов, М.М. Бахтин, Д.С. Лихачевтардың
жұмыстарына да ортақ болып келеді. Бұл әдебиеттанушылар өткен дәуір мен өз 
заманының әр текті әдеби-теориялық тәжірибесін белсенділікпен синтездеді. Осындай 
теориялық бағдарлар* ұстанушылықты жуықтау мәнінде дәстүршілдік* немесе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет