13
"Әсемдік дегеніміз не/Адамдар неге оны ұлықтайды?/Ол іші қуыс құмыра,/ Немесе ол
құмыра түбіндегі жылтыраған от?" Бұған алып қосарымыз жоқ.
Әдеміліктің тұрмыстық (онтологиялық) негізі түрлінше ұғынылды. Аристотельше,
әсемдік дегеніміз – ең алдымен белгілілік, өлшемдестік пен
реттілік. Осының негізінде
ұзақ дәуірлер бойы ол үндестік пен симметрия, сәйкестік пен тынымдылық ұғымдарымен
түсіндіріліп келді. Тап осы концепция христиан эстетикасында да бар.
Осылайша, Әулие
Августиннің әсемдік туралы танымының негізінде тәртіп (огdо) санаты жатыр, яғни, әр
нәрсе орын-орны және рет-ретімен қиюласып келуі шарт[24].
Сонымен бірге, христиан эстетикасына бағыт ұстанған
басқаша ұғыным әдемілікті
жоғарыдан түскен нұр деп санайды[25]. Осылайша, Николай Кузанский (XV ғ.) әмбебап
және тұрмыстың кез келген көрініп тұратын бастау көзін
мәңгілік тәңірлік нұр және
аспани шұғыла деп сөз етіп,
«шұғалалы форма» арқасында зат әсемдене түседі деп
түйіндеді[26]. Осы эстетикалық пайымдау өз бастауын
византия дінтанушысы Симеон
Новийдің (XI ғ.)
"Құдай дегеніміз – сәуле" деген пайымдауы және де Григорийдің ілімі
мен
исихастерші
Фаворсийдің Жарығы жер сұлулығынан
артық деген ойларынан
алады[27]. Осы ойды кейін Вл. Соловьев
«әдемілік тек аян алу», ал жарық дегеніміз –
Достарыңызбен бөлісу: