Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов


ӘДЕБИЕТ – СӨЗ ӨНЕРІ. ТІЛ – БЕЙНЕЛЕУ ҚҰРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет42/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   127
5. ӘДЕБИЕТ – СӨЗ ӨНЕРІ. ТІЛ – БЕЙНЕЛЕУ ҚҰРАЛЫ 
Көркем әдебиет – көп қырлы құбылыс. Оның құрамында бөлшектеніп шыға келетін екі 
қыры бар. Біріншісі – оның ойдан шығарылған заттығы, жоғарыда сөз етілген "сөзден 
тысқары" болмыс. Екіншісі – өзіндік тілдік құрылымы, сөздік түзілімі. Осы әдеби 
туындының қос аспектілігі ғалымдарды көркем сөздік өз бойына екі түрлі өнерді: ойдан 
шығару өнерін (беллетристикалық прозадағы көрініс бергенді ең бастысы қиындықсыз 
өзге тілдерге аудару) және өзіндік сөз өнерін (басқа тілге тәржімаланғанда өзінің барша 
асыл ажарынан айырылатын поэзия кейпін) сыйдырады деп айтуға уәждады[289]. 
Біздіңше, қиял мен өзіндік сөздік бастау көздерді екі түрлі өнердің сипатында емес, бір 
феноменнің: көркем сөздің бір-бірінен ажырағысыз қос қыры ретінде санаған орынды 
болар еді.
Әдебиеттің сөздік аспектісі өз кезегінде қос қырлы болып келеді. Бұл жерде, тіл, 
біріншіден, бейнелеу құралы (образдылықтың материалдық өкілі), сөздік емес болмысты 
бағалаудың амал-тәсілі; және де, екіншіден, әлдекімге тән немесе әлдене жайында 
айтылған ойды сипаттайтын нәрсе ретінде танылады. Әдебиет, басқаша айтатын болсақ, 
адамның тілдік қызметін қайыра қалпына келтіруге қабілетті, сондықтан осы қасиеті оны 
басқа өнер түрлерінен түбегейлі ерекшелейді. Тек әдебиетте ғана адам сөз толғаушы 
ретінде танылады, міне, осыған М.М. Бахтин айырықша мән берді: "Әдебиеттің басты 
ерекшелігі – тіл бұл арада тек қарым-қатынас пен көркемдеуші-бейнелеуші құрал ғана 
емес, сонымен бірге бейнелеу нышанаты да болып табылады". Ғалым "әдебиет тек қана 
тілді қолданып қоймайды, сонымен бірге оның көркемдік танымында кәдеге жаратады" 
және "оны оқып-үйренудің басты проблемасы" дегеніміз бұл – "бейнелеуші сөз бен 
бейнеленуші сөз арасындағы өзара қарым-қатынастың проблемасы" деп тұжырымдады 
[290].
Көріп тұрғанымыздай, әдебиеттегі образдылық екі қырлы және оның мәтіні екі бірдей 
«үзілмейтін желілердің» бірлігінен тұрады. Бұл, біріншіден, "сөзден тысқары" болмысты 
сөздік тізбекпен таңбалау да, екіншіден, әлдекімге тиселі (әңгімелеуші, лирикалық 
кейіпкерге, персонаждарға) сөз саптаулар арқылы әдебиет адамдардың ойлау процесін, 
және олардың эмоциясын тікелей игеріп, "сөзден тысқары" басқа өнер түрлеріне 
қарағанда рухани (оның ішінде, интеллектуалдық) сұхбаттасуларын кеңінен айшықтайды. 
Әдеби туындыларда кейбірде философия, әлеуметтік, имандылық, діни, тарихи 
тақырыпқа кейіпкерлердің ой-толғаулары беріледі. Кейбірде адами өмірдің 
интеллектуалдылық қыры бірінші орынға жылжытылады (атақты көне үнділік 
"Бхагавадгита", Достоевскийдің "Ағайынды Карамазовтары", Т. Манның "Сиқырлы 
тауы").
Көркем әдебиет адам санасын игеріп, В.А. Грехневтің сөзінше, "ой стихиясын 
бекемдейді": жазушылар "батылдықпен ой түзеді, бірақ ой бастан хал кешу мен 
бағалаудан салқынданбай, адаланбай оны көктеп өтеді. Нышанат бейбіт және қатал 
логикаға түзілген көрініс берулердің нәтижесі емес, ал оның тұлғалық колориті, оның 
тіріг әлеуеті, ең алдымен, сөз зергерін өзіне баурай тартатын ой бейнелеудің өзегі болып 
табылады"[291].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет