79
әділдік, өнерді қабылдауға қатысты да әділдік. Бұл жерде ойды күту аздық етеді, сонымен
қатар, бізден сөйлеуші ойының өзімізді қалай толғантқанын айтуымызды қажет етеді <...>
Өнердің не туралы айтқанын ұғынып, адам өзімен өзі екі ойлылықсыз кезігеді <...> Тіл
өнері <...> бәрін және әрқайысын интимдік өздік ұғынуға бағытталған",-деп сөз етті[315].
Ұғыну тұлғааралық сипатқа ие. Ол, Шлейермахерше, "жеке адамдардан танымдық
талантты" қажет етеді[316]. Ұғыну екі жақты жүзеге асады.
Біріншіден, санаулы
адамдардың тікелей және қатысты сұхбаттасуы, әдетте, көзбе-көз ("әңгімелесу"). Бұл
ұғыну аспектісі ілкі және маңыздылық сипатында А.А. Ухтомский тарапынан жан-жақты
қарастырылды[317]. Негізінен герменевтиканың ең бастысы, жазбаша мәтін мәнін
түсіндіруге бой алдыруы осы білім саласын филологияға жақындастырады.
Ұғыну (Г. Г. Гадамер ой түйіндеулерінде басты орында тұрған) рационалды аяға емес,
адам интеллектісі іс-әрекетінің логикалық зерделеу іс-шаралары мен сараптауына қатысты
болып келеді. Ол бір сөзбен айтқанда, ғылыми еңбектерге қарағанда көркем туындыға
деген басқаша ғылымилық. Ұғыну екі бастау көздің бірлігін түзеді. Бұл,
біріншіден,
нәрсеге түйсіктік ой жеткізуде оны тұтастық ретінде "қамту" да, екіншіден, тікелей ұғыну
негізінде оның ізін ала кейбірде аналитикалық және "интерпретация" (лат. interpretatio
түсініктеме) терминімен аталатын тәпсірлеу (нем. Erklarung) туындап, бекемделеді.
Тікелей ұғыну айшықталып, жүзеге асырылады[318].
Тәпсірлеу (интерпретации) арқылы айтылған сөз өзінің жартыкештеніп ұғылуынан
арылады. Бірақ толық мәнісінде ұғыным (оның ішінде, рационалды негіздегі) дегеніміз бір
мезетте (бірталай деңгейде) әрі түсіне алмау да. Интерпретаторға көз алдына отырған
туынды жайында түгесіле толық ақиқатты айту ләзім емес. Ұғыну қашанда қатысты ұғым,
оның қатерлі кедергісі – менмендік. "Ұғыным жоқ, -деп жазды Гадамер, -егер адам өзіне
сенімді болып, барлығы оған былайша да белгілі болатын болса"[319]. Осы туралы
сенімді түрде А.В. Михайлов: интерпретацияларда түсіне алмаушылық жарыса бой
көрсететінін, не бәрін алыстан қарпи алмайтын көзқарас (индивидуалды, тарихи,
географиялық); гуманитарилерге, ол тіпті біліммен және
ғылыми әдіспен жан-жақты
қарулансын, өз мүмкіндігінің шектеулі екендігін сезінуі керектігін сөз етті[320].
Интерпретация әдетте, ұғынудың екінші (әдетте, рационалды кескіндеуші) компоненті
ретінде – өнертану мен әдебиеттануға тән болып келетін герменевтиканың ең басты
ұғымдарының бірі.
Интерпретация басқа тілге (басқа семиотикалық аяға) аударумен, структурализм
терминін қолданар болсақ, қайыра кодтандырумен ілесе жүреді. Түсіндірілетін құбылыс
әлдебір өзгеріске түсіп, қайыра кейіптенеді; оның екінші, жаңа кейпі, оның алғашқысынан
өзгешеленеді де, бір мезетте одан әрі кедей, әрі бай секілденіп танылады. Интерпретация
дегеніміз –
бұл таңдамалы, сонымен бір мезетте сөз айтуды (мәтінді, туындыны)
шығармашылықпен (туындыгерлікпен) игеру.
Оның үстіне интерпретатордың іс-әрекеті оның рухани белсенділігімен тікелей
байланысты болып келеді. Ол бірмезеттік және танымдық (нышанаттық бекемдеу), әрі
субъективтік бағдар ұстанады: айтылған ойды тәпсірлеуші оған әлдебір өзінің жаңасын
енгізеді. Басқаша айтар болсақ, интерпретация (оның табиғаты да осындай) ұғынылымның
"нақтылығына" қол жеткізуге тырысады. Мәтін тәпсірлеушінің міндеті, Шлейермахерше,
"сөз саптауды әуелі жақсы, одан соң оның бастамашысынанда артық ұғынудан", яғни,
айтушының сөзі "ұғынылмай қалмаудан"[321], яғни әдеттегі мәннің жасырын мәнін
тауып,
оны жарыққа шығарып, айтылған сөз саптауларға қосымша айқындық беруден
тұрады.
Бұл айтылғандар сөз мағынасын мәндік сипаттауға түрткі болады. Бұл, А.Ф. Лосевша,
философия үшін ең қиын санаттамалардың бірі [322]. Аталған термин герменевтикаға тән
болып келгендіктен, әдебиеттану үшін де жат емес. Сөздің мағынасы "мән" әлдебір
баршаға ортақтық туралы, тіршіліктің ілкілігі мен оның терең құндылығы жайындағы
80
ұғымдармен қабаттасқан. Замана философының сөзімен айтқанда, ол сөзде "қашанда
онтологиялық дәм сақталынып қалады"[323].
Мән бір мезетте адами болмыста және одан тыс та бола алады. Өмір мәннің әлеуетіне
толы, бірақ оның әлдебір толық жүзеге асуы болып табылмайды:
қайта оған бірде
жуықтап, бірде алшақтап тұрады. Оның үстіне мән (өзінің герменевтикалық аспектісі
бойынша) субъективті реңктегі сөз саптауларда, олардың интерпретацияларында және кең
көлемді адамдар сұхбаттастығында белгілі бір ыңғайда кезігеді.
Сөз саптаудың мәні дегеніміз – бұл оның бойына сөйлеуші саналы, әлде аңғармай
салған ой емес, сонымен бірге тәпсірлеушінің одан екшеп, іріктеп алғандары да болып
табылады. Сөз мәнінің санада туындайтындардың жиынтығын құрайтын түрлі
тұрақтылықтағы бірнеше аймақтары бар: оларды белгілі психолог Л.С. Выготский
"қашанда
қозғалыстағы, ағымдағы, күрделі құрылымдағы" деп тұжырымдайды[324].
Өзінің жаңа конмәтінінде сөз өз мәнін оңай өзгертеді.
Субъективті реңктегі тұлғалық сөз саптауларға сұхбаттасу "енеді", көрініп тұрғандай,
оның бойында сөйлеушінің қаперіне алған, алмаған көптеген ашық және жасырын мәндер
бұғып жатады. Олар әуелден-ақ "көп мәнді" болып келгендіктен толық айқындылыққа ие
емес. Сондықтан сөз саптау түрлі конмәтіндегі қабылдануда, оның ішінде, таусылмайтын
интерпретациялық қатарларда түр өзгешелігіне ұшырауға, қайыра түзелуге, байыға
түсуге қабілеті болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: