Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов



Pdf көрінісі
бет45/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   127
 
8.Мифология және әдебиет 
 
Көркем әдебиет (өнерді тұтас алғанда) мифологиямен, яғни, жеке халыққа, белгілі бір 
тарихи даму сатысында барша адамзатқа тән мифтер жиынтығымен үзілмес жіппен 
байланған. (Есте ұстайтын бір жайт мифологияның бұдан да бөлек мағынасы бар. 
Өйткені, ол – тақырыптары мифтерден құралған ғылыми білім саласы да болып 
табылады.)
§1. Миф: сөздің мәні 
 
«Миф» сөзінің шығу төркіні көне гректің mythos – әңгіме, әңгімелеу, баянша, аңыз – 
деген ұғымынан бастау алады; оның латынша аналогы fabula (әңгімелеу, мысал). Жаңа 
уақытта миф ойдан шығарылған оқиға емес, «құдайлар мен аңызға айналған қаһармандар 
т.б.» турасындағы алыс дәуірлердің тарихи құндылығы ретінде басқаша ұғыныла бастады.
Енді соңғы кезде мифтің жаңа мәні ғылыми қолданысқа енді. Мифология ерекше ойлау 
тегімен байланысты халықтардың өмірінде өшпестей болып қалыптасқан дәуірден үстем, 
транстарихи саналатын тарихи қоғамдық ойлау формасы болып табылады. Миф біздің 
өміріміздің бәр жерінен табылатын мәңгілік. Сондықтан, ғалымдар бүкіл әлемдік тарихи 
мифологиялық процесс турасында орынды сөз етеді.
Мифологияның қоғамдық сананың негізгі формасы ретіндегі қасиеттерін атап өтейік. 
Біріншіден, миф болмыстың іргелі бастау көздері: табиғатқа тұтастай, халық, ұлт, адамзат 
және ғарыш өміріне қатысты тақырыптық жалпы маңыздылыққа ие. Мифтегі ең мәндісі 
«хаос пен реттілік (ғарыш)» логикалық оппозициясы. Мифология (Ницшелік барлық 
құндылықтарды қайыра бағалауға дейін) бұлжытпай хаосқа қарағанда ғарыштық
реттілікті жөн көретін классикалық әлем келбетін ұстанды.
Екіншіден, мифтегі (көрініс беретін идея, концепциялар) мәндер өздерін ұстанатындар 
тарапынан күмән келтірілмейтін, сараптама жасалмайтын бірден бір ақиқат деп 
ұғынылады. Мифологиялық түсінік «толыққан ақиқат» деп ұғынылып; «өзінің 
ақиқаттығына күмән тудырмайды» деп тұжырымдады Шеллинг. Логикалық реттелген 
формаға ие болуы мүмкін болса да, мифология өзінің мәнісі бойынша рационалдылықтан 
тысқары болып, өзіне шаң жуытпайды. Беделді ғалымының сөзі бойынша, миф әлемі 
дегеніміз «абсолютті реалдылық», сараптама жасалған шақта ол өзімен-өзі болудан қалып, 
беймифтеніп шыға келеді. Миф өзіне толықтай беріле сенуді талап етеді, өйтпеген 
жағдайда ол қияли дүниеге айналады. Мифті қабылдаушылар оның миф екендігін біле 
тұра оны нақты ақиқат деп санайды.
Үшіншіден, мифтік форманың өнер туындысы формасынан өзгешелігі өзгеріске 
икемділігі мен көнімділігі болып табылады. Бір миф кейде әрі сөздік, әрі әлпеттік (мүсін 
немесе бейнелеу) формада жүзеге асады. Оның үстіне олар (бізге жақын тән болып 
келетін) әлдебір образдылықпен байланысын не әлсіретіп алады, не одан мүлдем ажырап 
қалады да, дәлелдеуді қажет ететін аулақтанған ұғымдарға айналады.
Миф шығармашылығы формасы мен мифтердің тіршілік кешу ауқымы өте кең ол 
соңғы екі жүз жылдықтарда (романтизм дәуірінен бастап) түбегейлі зерделенді. ХІХ 


73 
ғасырдағы мифологиялық мектеп басты назарды тарихи ежелгі мифтерге аударды, ХХ 
ғасырда ғалымдар зерделеу аумағына Жаңа уақыттың, оның ішінде заманалық мифтерді 
де енгізді. Ең бастысы мифология бүгінде дәуірден үстем әмбебаптық деп пайымдалады. 
Архетип туралы К.Г.Юнгтің ілімі тап осындай, мифология онда «зор рухани мұраны» 
құрайтын «ұжымдық санасыздықтың проекциясы (алға талпынысы)» болып 
табылады[307]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет