83
туындыгерінен оқырман тәуелсіздігі туралы, оның емеуіріні мен талпынысы жайлы ұғым
қазіргі заманалық постструктуралистік жұмыстарда, әсіресе, Р. Барттың автор өлімі
концепциясындағы шетін жағдайларға бастап алып келді.
Бірақ та әдебиет туралы ғылымда оқырман үшін авторды шөмшитуге қарсы тұратын
бұдан да
бөлек, ықпалды тенденция бар. Потебнямен пікірталасқа түскен А.П.
Скафтымов оқырманның авторға тәуелділігін атап көрсетіп: "Біз қанша жерден көркем
туындыны қабылдаудағы оқырман шығармашылығы турасында айтсақ та, оқырман
шығармашылығы бәрібір қосымша екендігін, өз бағыты мен қырлары жағынан қабылдау
нышанатына байлаулы екендігін анық білеміз. Бәрі бір оқырманды автор жетектейді, ол
өзіне құлақ қойып бағынуды, шығармашылық жолының ізімен жүруді талап етеді. Жақсы
оқырман сол – кім өзінің таным-түсінік өрісін тауып, өзін автордың еркіне бере білген
жан"[334]. Н.К.
Бонецкаяның ойынша, оқырман үшін маңыздысы ең алдымен
шығармашылық ерік арқылы автордан шығатын барлық ілкі, бастапқы бір ғана түсініктегі
айқын көркем мағына мен мәндерді есте сақтай білу болып табылады. Ол: "Туынды
бойына автор енгізген мән дегеніміз – тұрақты да, түбегейлі шама,-деп тұжырымдап,
осыны естен шығарып алудың еш қажеті жоқ деп түйіндейді [335].
Біз келтірген көзқарастың өзіндік байыпты тұстарымен қатар, не бірыңғай белгісіздік
пен ашықтықтың, не керісінше, көркем ойдың белгілігі мен
бір мәнділігінің жетегінде
кетушілік деп аталатын біржақтылық та бар. Осы екі шетіндік оқырманның авторға
қатысын сұхбат, әңгімелесу, кездесу деп санайтын герменевтикалық бағдардағы
әдебиеттануда еңсеріледі. Оқырман үшін әдеби туынды дегеніміз – бұл мезетте авторға
қатысты және ол айтқан белгілі бір сезім мен ойларды және де өзінің "түртекші" рухани
бастамасы мен әлеуетін "тоғыстырушы". Я. Мукаржовскийше, туынды бірлігі суреткердің
шығармашылық ықыласымен беріледі де, оның осы "тіні" маңына автор еркінен тыс
оқырманда туындайтын "ұйысқан ұғымдар мен сезімдер" топтасады[336]. Бұған
біріншіден, көпшілік жағдайда оқырман
қабылдауында субъективілік, не болмаса,
автордың шығармашылық емеурінін айналып өтушіліктен, оның өмірге көзқарасы мен
көркем концепциясын айыра алмаудан туындаушы түсінбеушіліктің басымдығын; және
де, екіншіден (бұл енді ең бастысы), автор тұлғасының, оның шығармашылық еркінің
және өзінің (оқырмандық) рухани бастамасының тереңіне бойлаудың оқырманға тиімді
синтезін қосуға әбден болады. Оқырманның тап осындай игі де, жалпыға ортақ бағдар
ұстануы туралы Л.Н. Толстой: "<...> біз жаңа автордың көркем туындысын оқыған немесе
пайымдаған кезде қашанда төмендегідей болып келетін: "Кәнекей көріп жіберейік, қандай
адам екен? <...> деген бір негізгі сауал туындайды. Егер ол бізге белгілі кәртамыс жазушы
болатын болса, онда сауал бұл жерде сен қандайсың емес, "Кәнекей, маған қандай жаңаны
алға тартпақсың? Өмірді маған қандай қырынан жарқыратпақсың? болып келеді" деп
жазды[337].
Кездесу-сұхбаттар оқырманды байықтырудың орын алуы үшін, оған керегі эстетикалық
талғам, қаламгерге және оның
туындысына деген ыстық ықылас, көркемдіктің
құндылығын тікелей айыра білушілік қабілеті болып табылады. Сонымен бірге кітап оқу
дегеніміз – бұл деп жазды В.Ф. Асмус, "еңбек пен шығармашылық": "Егер оқырман
тәуекелге бел буып туынды авторы белгілеген жолға саналылықпен түспесе, ешбір
шығарма түсінікті болмайды <...> Оқудың шығармашылық нәтижесі әрбір жеке сәттерге
<... > оқырманның <...> барша рухани ғұмырнамасына байланысты <...> Ең сезімтал зерек
оқырман қашанда тамаша туындыларды қайыра оқып шығуға қабілетті "[338].
Оқырмандық қабылдаудың нормасы (басқаша айтсақ, үздік те, тиімді "нұсқасы")
осындай. Ол әрқашанда өзінше, қашанда толық емес қалпында жүзеге асады. Сонымен
бірге автордың оқырман қауымның талғамы мен қызығушылығына
бағдар ұстануы әр
келкі болады. Әдебиеттану оқырманды түрлі сипатта алып зерттейді, оның ішіндегі ең
бастысы мәдени-тарихи көп бейнелік.