76
еңбегінің жемісіне айналды. Бұрынғы мифтер жалпыхалықтық болса, ендігі мифтер
элитаның немесе бұқаралық сананың құндылығы болып саналады.
Оның үстіне неомифология тарихи мифтерге тән тұрақтылықтан, дәуірден астамдықтан
ада, қосымша. Жаңа мифтердің аңыздармен байланысы әлсіз, оның үстіне ХХ ғасырға тән
уақыт талабына басыбайлы болып келеді.
Мифологияның мазмұны да бөлекшеленіп, дәстүрлі тұрпаттағы мифтермен қатар өткен
мен болашаққа топырақ шашатын упопиялық мифтер легі туындауда.
Бұның қатарына
пантрагедиялық, ниглистік, пессимистік мифтерді қосатын болсақ, осы бір түрлі
бағыттылық тарихи ежелгі және монотеистік мифтерге қарама-қайшылық тудыруда. Иә,
олар бір-бірімен бейбіт қатар өмір сүре алмайды. Ницшенің «бетерадамы» мен Маркстің
әлемді құтқарушы «пролетар билігі» бір-бірін жоққа шығарады.
Соңғы он жылдықтарда миф структуралық нышанға ие бола бастады. Постмодерндік
әлем тұрақсыздығы концепциясы архаикалық мифтермен үндеседі. Осылайша,
Ж.Далездің «Платон және симулякр» еңбегінде (1966) «антидауыстың»
зұлым образы
айшықталып, симулякр (түп төркіні платондық «симулакрум» көшірменің көшірмесі
болып табылатын: ағыл. simulation фр. simulacres, – симуляция – тәжірибені бекемдеудің
ұғымнан тыс амал-тәсілін таңбалау үшін постмодернизм философиясына Батай енгізген
термин, Клоссовски, Кожев, Бодрийяр және басқалар конмәтіндегі референция [<лат.
referre мәлімдеу] идеясынан бас тарту деп интерпретациялайды-Ә.Ә.) кейіптенеді.
Өткен ғасыр өзіне дейінгі дәуірлерге қарағанда болмысты мифтендіруге бейімділеу
болып келді. Сонымен бірге қосымша мифтенуге қоғамдық сұраныс та бар.
Бірде ол
адамды жек көрушілікке үндесе, бірде ол гуманистік идеяларды ту етеді. Т.Манның
«Жүсіп және оның ағалары» роман мифі фашизмге, ол тудырған мифтерге өз үкімін
айтқантын.
Екінші мифтендірудің басты нышандарының бірі – тақырыбының кеңдігі. Ол өз
заманымен үндеседі. Кейбірде, белгілі топтың, ұлттың артықшылықтары
көкке көтеріле
дәріптеліп кететін қатерлі жағы тағы бар. Жаңа заманда белгілі бір тарихи тұлғалар
әспеттеліп мифтендіріледі (мысалға, І Петр бірде орыс империясын өмірге әкелуші, енді
бірде деспот, антихрист). Сондай-ақ, мифтендірілген әдеби кейіпкерлер (Дон Кихот)
өмірге келеді. Бұдан бөлек белгілі бір тарихи оқиға мифке айналады (1917 жылғы Қазан
төңкерісі). Осы мифтендіруге БАҚ, оның ішінде, теледидар белсене үн қосады.
Осы миф шығармашылығы
процесіне өнер қайраткерлері, әсіресе, қаламгерлер
қатысады. Олар не өткенді ой талқысынан өткізеді, немесе өзінің дербес мифін өмірге
әкеледі. Шеллингтің ойынша, «Мәңгілік мифті» Данте, Шекспир, Сервантес, Гете сияқты
әдебиет алыптары өмірге әкеле алады; «Кез келген ұлы
ақын көз алдындағы тұтасқан
әлемнен және оның материалынан өзінің мифологиясын тудыра алуға қабілетті»[313].
Әдебиетте романтизмнен бастап, дербес-авторлық миф туындыгерлігі белсене түсті.
Ежелгі мифтермен үндес көптеген туындылар өмірге келді. Оларды мифке ұқсаушы деп
атауға болады. Онда ежелгі миф автордың алға қойған мақсаты мен міндетіне және
өзіндік сөзін айтуына бағындырылды. Осы тақлеттес неомифология Гете, Байрон т.б.
шығармашылығында орын алды. ХХ ғасыр осы үрдісті іліп алып, ары қарай жалғастырды.
Т.Манның («Жүсіп және оның ағалары»), Р.Рельке («Орфейге арналған сонет») т.б.
туындыларды еске алайық. Осы қатарға, Д.Андреевтің «Әлем райханы» трактатын да
әбден қосуға болады. Біз келтірген авторлар көп ғасырлық
адамзаттың діни және
мифологиялық тәжірибелерін одан ары жалғастырушы шығармашыл мұрагерлері болып
табылады.
Сонымен бірге, аяқталған ғасырда дәстүрлі наным-сенімдер мен мифтерді
табандылықпен терістейтін әдеби мифологиялық астардың да болғандығын жасыруға
болмайды. Сөздің мәдениеттанушылық кең мәнінде оларды авангардистік деп атаймыз.
ХХ ғасырда басқа да өнер түрлері сияқты әдебиет те ницшелік Дионистік пен