Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов


§3.ШЫНАЙЫ ОҚЫРМАН. ӘДЕБИЕТТІ ТАРИХИ-ФУНКЦИОНАЛДЫҚ



Pdf көрінісі
бет55/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   127
§3.ШЫНАЙЫ ОҚЫРМАН. ӘДЕБИЕТТІ ТАРИХИ-ФУНКЦИОНАЛДЫҚ 
ТҰРҒЫДАН ЗЕРДЕЛУ 
Туындылардағы тікелей араласатын, кейде тіпті жанама кезігетін адресатпен бірге 
әдебиеттану үшін қызықты және маңыздысы оқырман тәжірибесі болып табылады.
Шындық өмірде бар оқырмандар және олардың тобына тән сан алуандық бір-біріне 
ұқсамайтын әдебиетті қабылдау ұстанымдар мен оған деген талаптарды туындатады. Осы 
ұстанымдар мен талаптар, бағдар ұстану мен стратегиялар не әдебиеттің табиғатына және 
аталған дәуірдің жағдаятына сай келеді, не болмаса, одан мүлдем ірге ажыратады. 
Рецептивтік эстетикада олар әлеуметтанушылар К. Мангейм мен К. Попперлерден [326] 
алынған күту көкжиегі терминімен белгіленеді. Бұл арада көркемдік эффекті (әсер) 
оқырманның күту көкжиегі базасында жүзеге асырылатын авторлық әсер ету 
бағдарламасының қабылдауы мен біріктірілуінің (көбіне конфликтілі) нәтижесі деп
қарастырылады. Х.Р. Яусстың ойынша, қаламгер қызметінің мәні оқырманның күту 


85 
көкжиегін есепке алудан және сонымен бірге, осы күтілімді бұзып, оқырман қауымға 
ешкім күтпеген жаңаны ұсынудан тұрады. Оқырмандар ортасы бұл арада әлдебір 
консервативтілік деп ойластырылып, қаламгерлер болса, қабылдау тәжірибесінің әдетін 
бұзушы және оны жаңартушы сипатында көрінеді, бір аңғарылатыны, бұл жағдай бар 
жерде орын ала бермейді. Авангардистік әсерге түскен оқырмандар ортасы авторлардан 
қалыптасқан ережелер мен нормаларды сақтауды емес, кеірісінше, барлық қалыпты 
нәрсенің тас-талқан етілуін күтеді. Оқырмандардың күту көкжиектері сан алуан. Әдеби 
туындылардан гедонистік (рахатқа) қанағаттанушылықты, зәре-құтты қашыратын 
эмоцияны, байыптылық пен тәлімділікті өздеріне жақсы таныс ақиқаттың айшықталуын, 
ой-өрісінің кеңеюін (шындықты тануды) және фантазия әлемінің қойнауына сүңгуді, 
шығармашылығы өзінің даралығымен және жаңашылдығымен ерекшеленген (бізге жақын 
дәуірлердің өнерлерінің мәні жауап берген) авторлардың рухани әлеміне бас қойып
табиғи үйлесімдіктегі эстетикалық ләззат алуды күтеді. Осы оқырман күтуінің соңғы 
тегін көркем қабылдаудың иерархиялық жоғары, тиімді мақсатты ұстанымы деп есептеуге 
болады.
Оқырман қауымның ой-өрісі, талғамы және күтуіне қатысты көп жағдайда сөздік-
көркем туындының тағдыры, сонымен қатар, олардың авторларының беделі мен 
танымалдығының шама-шарқы анықталады. "Әдебиет тарихы дегеніміз – тек қана 
қаламгер тарихы емес <...> сонымен бірге оқырмандардың да тарихы ", -деп атап көрсетті 
XX ғғ.тоғысындағы танымал кітаптанушы және библиограф Н.А. Рубакин[344].
Өзінің мақсатты ұстанымы мен ықтияры, мүддесі мен ой-өрісі оқырман қауымын тек 
қана әдебиеттанушылар ғана емес, сонымен бірге әлеуметтанушылар да зерделеп, 
әлеуметтік әдебиет пәнін өмірге әкелді. Сонымен бірге, әдебиеттің қоғам өміріне әсерін 
оқырмандардың түсінуі мен пайымдауы (басқаша айтар болсақ, өзгермелі әлеуметтік-
мәдени конмәтіндегі әдебиеттің қабылдануы) әдебиеттану пәндерінің бірі әдебиетті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет