Байланысты: Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі
Жəнеүстеу сөз ретінде бүгін де жұмсалады. Оған синонимдес тағы деген сөз бар. Тағы сирек болса да, жалғаулық ретінде қызмет атқарады.
БұлкүніқарақайысСұлтанкүтпегенжерденқонақтыболды.... СəнжандышақырыпалдыЕркебұланренжірдеп,оныдашақырды.Аға- сына ілесіп Еркебұлан келді, «Төркіндеп кеткен жеңгеміз келіпті» деп фермадағы жұмысшы жігіттер тағы келеді (Ə. Тарази).
Ауызекі сөзде жалғастық байланысты білдіріп сонан соң (сосын) жұм- салады.
Шаруам сол – радио бар еді, соған батарея керек, сосын кино жоқ. Депутатсыз,айтпайсызбабіздіңмұқтажды(А. Нұрманов). Бұліс–та- рихтықкелешегібаріс,сонансоң,ИбрагимҚұнанбаевич,сізөзхалқы-
ңызда, өз өміріңізде сондай бір сілкіну қайратын көргеніңізге өзіңізді бақыттымын деңіз (М. Əуезов).
Əріжалғаулығы қызметі жағынан жəнежалғаулығына жуық болғанмен, өз ерекшелігі бар. Бұл – экспрессивті жалғаулық. Ол тек екі сөйлемді бай- ланыстырып қоймайды, сөйлеушінің позициясын да байқатады.
Олақсұржүзді,үлкенкөзді,денелі,балуанболуғатақапжүргенжігіт, əрі күлдіргі мысқылшыл тілі бар (М. Əуезов). Онда өкімдік бар. Сыртқа да, ұлыққа да жақындық беделі бар, əрі қолы ұзын, малды (М. Əуезов).
Келтірілген мысалдар əрі жалғаулығының екі жай сөйлемнің аралығында орналасып жұмсалуын байқатып тұр.
Мұнымен бірге əрі іліктес, жалғас пікірді білдіріп, өзара синтаксистік байланысқа түсіп тұрған əр сөйлемнің басқы позициясында келіп, қайталанып жұмсалатыны да бар.
Ертең де жібермейміз дер, жүдə, оған көне берме, əрі ауыл күтіп отыр, əрі уақытың тығыз (С. Мұқанов). Қалың киінсең, əрі күн өтпейді, əрі денең салқын болады (С. Мұқанов).
Əрі-нің қайталануы оның экспрессивтік мағынасын анық танытады:
Бірінші мысалда соңғы екі сөйлем əрі арқылы байланысып себеп ретіндегі оқиғаларды даралап, ерекшелеп баяндау үшін қызмет етіп тұр.
Салыстырып байқаңыз: Көшелеріəрі кең, əрі атқан оқтай түзу, əрі қолдың саласындай болып ағаштар егілген (С. Мұқанов).
Əріжалғаулығы бірнеше сапаның, іс-əрекеттің бір субъектіге, объектіге бірдей сиып, қатысып тұрғанын таныту үшін жұмсалады.
Шотыңды қақ, Баршагүл, – деді колхоздың уақытша бастығы Бек- сұлтан, ол əрі фирма бастығы болатын (М. Тиесов).
Əрі жалғаулығы екі компоненттің жігінде орналасқанда үтір жалғау- лықтың алдынан қойылады. Жалғаулық əр компоненттің бас позициясын- да қатысқанда компоненттердің жігін ажырататын үтір екінші əрі-нің ал- дынан қойылады.
Ыңғайластық жалғаулықтардың ішінде құрмалас сөйлемнің компо- ненттерін байланыстыру үшін көп жұмсалатыны да, де жалғаулығы. Бұл жалғаулықтар – сөйлемдердің арасындағы байланыстырушы дəнекер. Ал компоненттердің мағыналық қатынасы олардың мазмұнына сай анықта- лады.
Да, де бірінші компоненттің баяндауышына ұжымдасып тұрады. Сол себепті ол дыбысталу жағынан соған үйлеседі: Келедідекетеді.Олайта- дыда,сенқайталайсың. Осыған байланысты компоненттердің жігін ажы- рату үшін үтір жалғаулықтан соң қойылады.
Аталған жалғаулықтар арқылы байланысқан сөйлемдердің синтаксистік қатынасы мынандай болады.
Құрмалас сөйлем бірінен соң бірі ілесе болатын оқиғаларды баяндайды.
Сөзосыменбіттіде,Алшынбайбіразотырып,үйінеқайтты(М. Əуезов).
Құрмалас сөйлем бір мезгілде, қатар болған немесе ұдайы қатар бо- латын оқиғаларды баяндайды.
Сіресіп қалғандай табан аудармай кек кернеген ана тұр да, мың сұ- рауына жауап ала алмай, ызаға булығып Антонов тұр (Ғ. Мүсірепов). Мен ес білген кезде, əкемнің бір аты бар еді де, біреуден сауынға алған жалғыз тарғыл сиыры болатын (С. Көбеев).
Жалғаулық арқылы байланысқан компоненттер өзара себептік қаты- наста келеді.
Шынбеделбарда,жалғанбеделбар(М. Иманжанов). Балам,аңсаубар да, аңсағанды іздеу бар (Ə. Əбішев).
Бұл қатынасты сөйлемдердің құрамында қарсы қойылған мүшелер бо- лады да, соның салдарынан бұл сөйлемдер қарсылықтық та болып үстеме мағынаға ие болады.
Көпірбіреуде,өтемдеушілермың(Ғ. Мүсірепов). Оныңжүрегіндете- мірдей қарыған күйініш бар да, үрейлену жоқ еді (Ə.Əбішев).
Өзара синтаксистік қатынасқа түскен екі компонентте қайталанып келіп да, дежалғаулығы оқиғаларды ерекшелеп айтуға жəрдем етеді.
Жер астында жел де жоқ, тілін соза, қызара жылтыраған май шам- нан басқа жарық та жоқ (Ғ. Мүсірепов). Бұл уақыттың ішінде біздің ел де өзгеріп кетті, адамдар да өзгерді (Б.Бұлқышев).
Өзара байланысқан компоненттердің құрамында қайталанып келіп, да, де оқиғалардың бірінен соң бірі іле-шала болғанын білдіру үшін қыз- мет етеді.
Күн де батты, теңіз үстінде қорғасындай басқан ауыр бір тұман да көтерілді (Ғ. Мүсірепов). Ақырында оқ та бітті, көз де байланып, түн қараңғысы да түсе бастады (Ə. Əбішев).
Оқиғалардың арасындағы осы мезгілдік қатынасты білдіруде құрма- ластың интонациялық формасының мəні ерекше.
Интонация қызметінің рөлін мына сөйлемді құбылтып айту арқылы білдіретін мағынадан байқауға болады.
Таңдаатты,жел дебасылды– оқиғалар дараланып аталды.
Таң да атты, жел де басылды – оқиғалар мезгілдік қатынаста аталды. Да,дежалғаулығының сирек, көңілдің хошымен жұмсалатын варианты бар. Ол – дағы. Қараңғытүстідағы,бізқайттық.
Жұрткөпкелдідағы, сенбілікжұмысқызықтыөтті.
Хабарды өзгеше өң беріп айтам дегенде сөйлеуші осы жалғаулықты қатыстырады.
Дағы–да,десияқты емес, бір фонетикалық вариантта ғана жұмсалады.
Дағы – бізге тағы бір қызмет көрсетеді. Ол да, де жалғаулықтарының шығу тегін байқатады.
Дағыүстеу тағы-дан шыққан.
Баяндауыштың соңындағы дауыстының ықпалымен т ұяңдап т ды- бысы д-ға айналған. Дағықомақты сөз болғандықтан дауысты дыбыстары ықпалға түспеген.
Жəне, тағы жалғаулыққа айналу процесін ұқсас бастаған, оны орхон жазуларынан көруге болады.