Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д



бет12/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Абайға шешесі бірге қайтайық деп еді, бірақ баласының əлі бітпеген, бөгейтін шаруасы бар екен (М. Əуезов). Тоғжанға деген өз өлеңін оған қарай аласұрып айтқысы келеді, бірақ өлеңі есіне түспейді (М. Əуезов).

  1. Қарсылықтық қатынастың тағы бір көрінісі бар. Бірінші компонент бір оқиғаны, құбылысты хабарлайды да, жалғаулықтан соң тұрған компо- нент сол оқиға, істің кем-кетігін, шалалау жағдайын хабарлайды.

Сол базардың кіндігі болған көк үй əлі тұр, бірақ құр сілімтігі қалыпты
(Ғ. Мұстафин). Амангелді тобы əлі де арпалысып жатыр деген хабар


еміс-еміс естіледі, бірақ ол да анық емес, көмескілеу хабар (С. Мұқанов).
Шөженің атына Абай қанық, бірақ көргені осы (М. Əуезов).

  1. Бірінші компонент бір іс, оқиғаны хабарлайды да, бірақ жалғаулығы- нан кейінгі компонент соның болуына қойылатын шартты, жағдайды ха- барлайды.

Ол оңай ғой, бірақ серігің сенімді болса (С. Мұқанов). Мектептің үйі дайын ғой, бірақ оқитын балалар болса, – дейді бай (С. Көбеев).

  • Уклонды Ермекке берсек

  • Басқа кімге бересіз, бірақ айтып қой (Ғ. Мұстафин).

  • Азырақ шөп берші, – деді Əспет.

  • Мен берермін-ау, бірақ бір арқа шөп саған не болады (С. Мұратбеков).

Тілімізде қарсылықтық қатынасты білдіру үшін жұмсалып жүрген
жалғыз-ақ деген жалғаулық бар.
Қатты жүрген жігіттер ... Жəнібектің тұсына тоқтады, жалғыз- ақ жұрт жатып қалды, көрудің реті болмас деп өкініп келе жатқан (М. Əуезов). Тоғжанның да Мəметейде атастырып қойған күйеуі бар, жалғыз-ақ Тоғжан да ынтығып тұрған жоқ (М. Əуезов).
Жалғаулық сирек жұмсалады. Ол бірақ жалғаулығына сүйеніп, анало- гиялық жолмен пайда болған. Бұл жалғаулықтың шығуы тіл иелерінің жа- ңа амалдар іздеумен болатынын, потенциясы икем келетін тұлғаларды қо- сымша амал етіп жұмсап отыратын актив позициясын танытады.
Ал жалғаулығының қатысуымен құрылған құрмалас сөйлемдер мынан- дай қатынасты білдіреді.

  1. Біріне-бірі қарсы қойылып салғастырылған оқиғаларды білдіретін құр- малас сөйлемдердің компоненттері ал жалғаулығы арқылы байланысады.

Қали, Илья, Гриша, Есентай, Қасым сендер маңдай алды екпіндісіңдер, ал барақтарыңда мəдениетсіздік, ластық былығып жатыр (С. Ерубаев). Сенің малың үшін өлді, ал сен керек десе, өлімші болып жатқанда, қалжа бермедің (М. Əуезов).

  1. Ал қарсылықтық қатынасы жоқ, тек желілес, іліктес, жалғас пікірлер- ді білдіретін компоненттерді де байланыстыру үшін жұмсалады.

Тегінде, Шыңғыстың асыл шөбі – мық, жусан. Бұл қойдың ырысы, ал қыстау атаулы қойға жайлылық жағынан бағаланады (М. Əуезов). Сіз маған жалған бедел ұсынып отырсыз, ал жалған бедел атақ əпермейді (М.Иманжанов). – Е,е, Ақперді оны айтсын, ал əкең не дейді (М. Əуезов).
Жалғаулық ал бұл аталған екі қызметіне де бастапқы синтаксистік жұм- салуы негізінде – контактылық элемент ретіндегі жұмсалуы негізінде ие болған: Бұған мына мысал дəлел10. Ал, жүрейік енді, күн көтеріліп кетіпті.



10 Ал етістігінің үндеу қызметі мына еңбекте аталған: Əмір Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – А., 1998. – 45-б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет