Себептік қатынас та адамның танымдық əрекетінде, табиғаттағы, қо- ғамдағы заңдылықтарды – себептік байланыстарды тануда зор орын ала- ды. Сонымен бірге себептік қатынас адамның іс-əрекетіне, басқа адамдар- мен араласуына байланысты туып жатады.
Қатты жел тұрды, сондықтан бұлт көшіп кетті. Темір тез балқиды, сондықтан ол оңай іске қосылады. Шешем шақырыпты, сондықтан тез жүріп кеттім.
Себептік салалас құрмалас сөйлемдерді ұйымдастыруға мына жал- ғаулықтар пайдаланылады: өйткені, сондықтан, себебі, сол себепті, неге десең, не үшін десең, сонан соң.
Бұл жалғаулықтарды қызметіне қарай екі топқа бөлеміз:
Сондықтан, сол себепті, сол үшін, сонан соң.
Өйткені, себебі, неге десең, не үшін десең.
Құрмалас сөйлемнің бірінші компоненті бір оқиғаны хабарлай, екінші компонент содан туындайтын, соның салдары ретіндегі оқиғаны хабарла- са, құрмалас сөйлемнің компоненттерін байланыстыруға бірінші топ жал- ғаулықтар қатысады.
Үмітай бұл сөзін арманды күдікпен аса бір құпия сыр етіп айтады, сондықтан бұл сөз бұрын емес, дəл осы арада алғаш айтылғандай болды (М. Əуезов). Егер тез қимылдамасаң, олар мақсатына жетеді. Елден ай- рылып біз қаламыз, сол себепті сіз де енді бөгелмеңіз (Ə. Əбішев).
Ал, жүн өнімі қалай? Уəдеңізде айтылмаған сияқты, сосын сұрай отырғаным ғой.
Жоқ, айтылған. Сіз естімеген шығарсыз (А. Нұрманов).
Немістер орысты қырып шыдатпапты, сонан соң шепке тартып, ал- дына ұстауға қазақ сықылды аяусыз жұртты алатын болыпты-мыс (Ж. Аймауытов).
Бірінші компонент бір оқиғаны хабарлап, екінші компонент сол оқиғаға себеп болатын іс-əрекетті, оқиғаны хабарласа, құрмалас сөйлемді екінші топ жалғаулықтар қатысып байланыстырады.
Артынан ілесе Тайжанның үйіне кіруге бата алмады, өйткені ол үйде аю- дай ақырған тентек мінезді Сəлима бар (С. Мұқанов). Кешке қарай Бекен- нің аты босаңсуға айналды. Оған біз қинала қойған жоқпыз, себебі бұл ат- ты Бекен жолда Тəйкеттің Сүлеймені деген кісінің үйіне тастап, тың ат сұрап мінгелі келе жатыр (С. Мұқанов).
Біздің ауылдан табиғаты көркем жер жоқ, неге десең қара қыртысты құйқасының қалыңдығы кезге жақын, бетіне біткен түгіне жатқан мал жасырынатын шұрайлы жер сонда (С. Мұқанов).
Бұл типтес салалас құрмалас сөйлемде негізгі, мəнді хабар бірінші ком- понент арқылы айтылады. Екінші компоненттегі оқиға-себеп, сол хабарды дəлелдеу ретінде қамтылады.
Осынысына орай өйткені, себебі арқылы байланысқан сөйлемдегі оқиғаның себеп ретінде хабарланбай, дəлел ретіндегі қатынасы басым көрінетіні бар.
Жол дегеннен əлдеқашан айрылған болуымыз керек, өйткені пəуескенің селкілдеуі жаман (С. Мұқанов). Бір жайын иек месқарын отырған төр жақта Шөптібайдың жолдасы болу керек, өйткені ол соған иек қақты (А. Нұрманов).
Бірінші компонент болжам мəндегі пікірді хабарлайды. Баяндауыш мо- дальдық формада қатысады.
Екі топ жалғаулықтар құратын құрмалас сөйлемдер өзара конверсияға түсіп жұмсалады.
Мен тоқ адамнан қорқам, өйткені тоқ адамның көзі соқыр, құлағы керең (Д. Исабеков). – Тоқ адамның көзі соқыр, құлағы керең, сондықтан мен тоқ адамнан қорқамын.
Біздің ауыл Алмалы деп аталады, өйткені төңіректегі тау бөктеріне жабайы алма сықсып өседі (С. Мұратбеков). – Төңіректегі тау бөктеріне жабайы алма сықсып өседі, сондықтан біздің ауыл Алмалы деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |