Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер, олардың грамматикалық-семантикалық түрлері



бет9/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер, олардың грамматикалық-семантикалық түрлері


Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер грамматикалық құрылысы жағынан іштей түрлерге бөлінеді. Ол түрлердің грамматикалық ерекшелігі олардың компоненттерін байланыстыратын жалғаулықтарға байланысты көрінеді. Құрмалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулықтар грамматикалық мағынасы жағынан бірдей емес. Олар грамматикалық мағынасы жағынан


мынандай топтарға бөлінеді.

  1. Ыңғайластық жалғаулықтар: жəне, сонан соң, əрі, да, де.

  2. Қарсылықтық жалғаулықтар: бірақ, алайда, əйтсе де, əйткенмен, əйтпесе, сонда да, онда да.

  3. Себептік жалғаулықтар: сондықтан, сол себепті, сол үшін, сонан соң, өйткені.

  4. Талғаулық жалғаулықтар: не, немесе, болмаса, (не болмаса), əлде.

  5. Көп функционалды деп жалғаулығы. Жалғаулықтар құрмалас сөй- лемдерді ұйымдастыру қызметін орын тəртібі, интонация амалдары- мен бірігіп атқарады.

Аталған жалғаулықтар тобының қатысуына сай салалас құрмалас сөй- лемдер мынандай грамматикалық, семантикалық түрлерге бөлінеді.
Ыңғайластық салалас құрмалас сөйлемдер. Қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдер. Себептік салалас құрмалас сөйлемдер.
Талғаулықтық салалас құрмалас сөйлемдер.
Деп жалғаулығының қатысуымен құрылған салалас құрмалас сөйлемдер.

Ыңғайластық салалас құрмалас сөйлемдер


Ыңғайластық жалғаулықтар қатысып ұйымдасқан синтаксистік тұл- ғалар ыңғайластық салалас құрмалас сөйлемдер деп танылады. Бұл топқа жататын жалғаулықтар ілгеріде аталды: жəне, сонан соң, əрі, да, де.





9 Сауранбаев Н.Т. Аталған еңбек. – 26-б.

Бұл жалғаулықтар ұқсас процестер арқылы қалыптасып, ұқсас қызмет атқарады. Сондықтан бұл жалғаулықтар қатысқан құрмалас сөйлемдер ыңғайластық салалас құрмалас сөйлемдер деп аталады.


Бұл құрмалас сөйлемнің компоненттері жалғасып келіп күрделі пікірді хабарлайды. Сөйлемдердің ыңғайластық салалас құрмалас деп аталуы осы себептен.
Жəне жалғаулығы қатысып құрылған салалас құрмалас сөйлемдер осы жалғастық байланысты жақсы көрсетеді: бірінші компонентте бір пікір (хабар) айтылады да, екінші компонент соған жалғас, соны толықтыратын пікірді айтады.
Жыраның бұл тұсы адам бойын жасырарлық теп-терең еді жəне түбі
нақ жиегіне дейін бидайығы мен құрағы, аралас өскен қалың жыныс
(Х. Есенжанов).
Отырып əңгімелесетін, үлкен жұмысым жоқ жəне ұзақ отырып кеңес құруға уақыт тар (Х. Есенжанов).
Жəне жалғаулығы екінші компонентті жетектеп əкеліп, бірінші ком- понентке жалғастырып тұр. Жалғасушы компоненттің құрамында бірінші компонентпен ортақ келетін, қайталайтын сөздер, баламалайтын сөздер жиі қатысады.
Сонымен, жəне жалғаулығы арқылы байланысқан құрмалас сөйлем іліктес, жалғас пікірлерді хабарлайды.
Сағиланы мен саған бере алмаймын жəне сен оны ала алмайсың (С. Көбеев). Аталған жалғаулық екі компоненттің аралығында орналасады. Соны- мен бірге жалғаулық екінші өзі байланыстырып тұрған компоненттің ішіне
кіріп те тұра береді.
Оразбайды ел ішінде де қостайтындар бар, олар жəне көп (М. Əуезов). Бектемірдің бес баласын шаруасы шағын демесе, тұрмысы ешкімнен кем болған жоқ. Шағын шаруалы дегенмен, ешкімнен ас та сұраған жоқ, бе- сеуі тетелес өсті жəне (С. Мұқанов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет