Байланысты: Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі
Құрмалас сөйлем – бір бүтін семантикаға ие тұлға. Оның семанти- касы көп аспектілі, көп компоненттен құралады. Тіл біліміндегі теориялық тұжырымдарға, əдістерге сүйеніп талдағанда құрмалас сөйлемнің семанти- касы мына компоненттерден тұратыны көрінеді.
Пропозициялық мағына. Құрмаласқа қатысқан əр жай сөйлем типтес компонент пропозициялық мағына əкеледі.
Əр компоненттің құрамындағы сөйлем мүшелерінің грамматикалық мағынасы.
Сөйлем мүшелерінің позициясында жұмсалған лексикалық тұлғалар- дың мағынасы.
Компоненттердің арасындағы грамматикалық қатынас.
Соңғы позициядағы компоненттің баяндауышының предикативтік фор- масы білдіретін мағыналар.
Құрмалас сөйлемнің сөйлеу үстіндегі қалыптасуы осы компоненттер- дің белгілі тəртіппен, ретпен жүретін процесc арқылы іске асады. Тың- даушының сөйлем семантикасын тануы да осы процеспен іске асады.
Осы аталған белгілердің бастыларын қамтып, құрмалас сөйлемге мы- нандай анықтама береміз: Жай сөйлем типтес компоненттерден құралып, күрделі пікірді хабарлайтын көп предикативті синтаксистік тұлғаны құр- малас сөйлем дейміз.
Сонымен, құрмалас сөйлемдердің басты белгісі ретінде – əр компонент- тің бастауышы, баяндауышы болып келуі аталады. Бірақ құрмалас сөй- лемдер дара-дара бастауыш қатыстырмай, арнаулы құрмаласқа тəн грам- матикалық форманың қатысуымен де құралады, танылады.
1) -ғанмен; 2) -са; 3) -са да формалы сөздер баяндауыш ретінде тек сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамында жұмсалады. Сондықтан Көрген- мен, танымадым тəрізді құрылымда баяндауыш болып бір-ақ сөз мен қа- тысқанмен, оны құрмалас сөйлем деп танимыз.
Осы сияқты жай Оянсам,төрдежатырекенміндеген құрылымға да тəн.
Өйткені, сондықтан құрмалас сөйлемге қатысты амал болғандықтан, бастауышы бір сөз болып келетін мына сияқты құрылымдарды құрмалас сөйлем деп танимыз.
Ұйықтапқалыппын,сондықтанкешіктім. Үйге кірмедім, өйткені қорықтым.
Айттым – орындадым тəрізді құрылымдарда да əр компонент преди- каттық сапа көрсетеді. Сол сапасына сай құрылым сызықша қатыстырылып жазылады. Сондықтан бұл тəрізді құрылымдарды да құрмалас сөйлем қа- тарына жатқызамыз. Жаптым жала – жақтым күйе.
Мына тəрізді конструкциялардың құрамында бастауыш-баяндауыш қа- тысқан синтаксистік тұлғалар тұрғанмен, олар құрмалас сөйлем қатарына жатпайды.
Менертең барамын,– дедіде, Оспаншығып кетті.
Конструкция төл сөз бен автор сөзінен құрылған. Мұндай құрылымды төл сөзді сөйлем дейміз. Төл сөздің даралығына байланысты соңынан леп белгісі, сұрау белгісі қойыла береді: Күн қандай жылы! – деп Сəуле аспанға қарады.
Бірыңғай мүшелі (бірыңғай бастауышты, бірыңғай баяндауышты) сөй- лемдер сөйлеушінің үнемділік үшін құрмалас сөйлемді сиыстырып, жай сөйлем етуінен пайда болған. Сондықтан бірыңғай мүшелі сөйлемдерді коммуникативтік міндетіне сай жай сөйлем деп танимыз.
Жай сөйлемдер коммуникативтік мақсатта қайталанып айтылады. Ақындар жайында айтады қызықты аңыз.
Қызықпа, қыз Қызықпа,қыз. (М. Мақатаев)
Бұл құрылымдар құрмалас сөйлем қатарына кірмейді.
Ақ ұлпа жерді жапқанда, Ағаштарсырғатаққанда, Бозарып атқан ақ таңда, Бозарып тұрып ақпанда Есіңе мені алғайсың, Есіңемені алғайсың! (М. Мақатаев)
Құрмалас сөйлемдер жүйесінде құрылымдық типтер бар. Олар құры- лымдық ерекшеліктері аталып, топталып зерттеледі, танылады. Құрмалас сөйлемдер мынандай ірі екі топқа бөлінеді.
Салалас құрмалас сөйлемдер.
Сабақтас құрмалас сөйлемдер.
Құрмалас сөйлемдер сөйлеу процесінде жай сөйлеммен салыстырғанда сирек жұмсалады.
«Менің машығым – ұзақ сөйлем» деген М. Əуезовтің «Абай жолы» романының бірінші томынан мынандай статистикалық дерек алдық.
бет – барлығы 17 сөйлем, жай сөйлем –13, құрмалас сөйлем –4 (сала-
лас – 1, сабақтас – 3),
бет – барлығы 38 сөйлем, жай сөйлем –34, құрмалас сөйлем –4 (сала-
лас – 1, сабақтас – 3),
бет – барлығы –33 сөйлем, жай сөйлем –28, құрмалас –5 (салалас –1,
сабақтас – 4).
Осындай статистикалық дерекке қарамастан құрмалас сөйлемдердің функционалдық, коммуникативтік потенциялы өте зор екенін атауымыз керек. Олар күрделі пікірді хабарлау қызметімен қатар лебізді əрлеуге үлкен үлес қосады. Осы үшін құрмалас сөйлемдер қосымша құрылымдық ережеге түседі, компоненттер талғап қатыстырылады.
Құрмалас сөйлемдер жүйесі жай сөйлемдер жүйесімен тығыз байла- ныста қалыптасқан, бүгін де сол байланыста өмір сүріп келеді.
Құрмалас сөйлемдер құрамына жай сөйлемдердің барлық граммати- калық түрлері компонент болып қатыса алады. Базистік (түпкі) түрлерімен қатар жай сөйлемнің барлық коммуникативтік типтерін құрмалас сөй- лем құрамынан көруге болады. Жай сөйлемнің базистік түрлері де, ком- муникативтік типтері де құрмалас конструкцияның құрылысына, функ- циясына, семантикасына өз үлестерін қосады. Бұған мына құрмалас сөй- лемдердің сипатын талдаудан көз жеткізуге болады.