Байланысты: Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі
Əйтседе,сөйтседе,əйткенмен,дегенменжалғаулықтарының қатысуымен құрылатын қарсылықтық
салалас құрмалас сөйлемдер
Əйтседе,сөйтседе,əйткенменанафористік сөйлемдерден пайда бол- ған: олайетседе>əйтседе,солайетседе>сөйтседе,олайеткенмен> əйткенмен.
Анафористік сөйлемдер сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыңқысының үлгісімен жасалған. Шығу тарихы əйтсе де, сөйтсе де, əйткенмен жал- ғаулықтарының салалас құрмалас сөйлемдер жүйесіндегі қызмет ерекше- лігін қалыптастырды. Ол ерекшелік бұл жалғаулықтардың компоненттер арасындағы байланыс сипатына қатысты. Сол сипаты болмаса, аталған жалғаулықтар қатысқан конструкция компоненттерінің қарсылықтық бай- ланысында оқшаулық жоқ.
Бірінші компонент бір оқиғаны хабарлайды да, екінші компонент оның кем, олқы жайы туралы хабарлайды.
Деев пен Жұмабай Қарсақбайға дейін енді қайтып ешқандай оқиғаға душарболғанжоқ,əйткенменөлердейшаршапкележатты(Ə. Əбішев). Ол өзінің қалай келіп қалғанын түсінген жоқ, əйткенмен мұнда мəдениетті адамның тұратындығын ол анық таныды (Ш. Айтматов). Азулыда аға болған ерлер көп еді, əйтсе де алмаға ат байлаған аз еді (Доспанбет).
Бірінші компонент бір оқиғаны, құбылысты хабарлайды, екінші ком- понент сол оқиға, құбылысты емес, содан туатын нəтиженің болмағанын хабарлайды.
Түнолкүнібұлтты,көзгетүртсекөрінбейтінқараңғыеді,əйткенмен Ботагөзқайдакележатқаныншамалайды(С. Мұқанов). Көпуақытөткен сияқты болды, əйткенмен мағынасыз өткен сағаттарға Камал өкінген жоқ (Х. Есенжанов).
Қандас,діндесқауымдыаямағанпатшаəдеті,тілібөтенбұратананы бір жола тұралатпай кетпесі анық, əйтсе де Оразмұхамет үмітін үзбе- ген (М. Мағауин).
Еламан мұның кеш оянған махаббат емес екенін білді, сөйтсе де кей- кезде Ақбаланың жанарынан ықылас сезетін (Ə. Нұрпейісов).
Бірінші компонент келешекте болатын немесе болған оқиғаны, құ- былысты хабарлайды да, екінші компонент оның болмай қалғанын немесе нəтижесіз болғанын хабарлап, қарсылықтық қатынас пайда болады.
Өздегеніненештайынбайтынтастүйінқалыпқатүсіпалған,сөйтсе де қабырғасын қайыстырған ауыр ой бар қайра-тын сарқып, қажытып жіберді (А. Сейдімбеков).
Бірінші компонент болатын бір оқиғаны, құбылысты хабарлайды, екінші компонент соның іске асуына кедергі тосқауыл болатын оқиғаны, жайды хабарлап, қарсылықтық қатынас пайда болады.
Өзін-өзіақтарлықжауаптардатапқансияқты,сөйтседежауапта- рыжантыныштандырарлықтайемес(Ш. Айтматов). Тіптібұлжөнінде ойлағым келмейді, əйтсе де іштегі тыпыршыған бала оны есіне минут сайын салып тұрды (Д. Исабеков).
Дегенмен шығу тарихы, процесі əйткенмен, əйтсе де, сөйтсе де жал- ғаулықтарынан бөлек болғанмен, тұлғасы осы топқа ұқсас, соған байланы- сты қызметі, жұмсалуы да солармен бірыңғай11.
Ауылмаңындакүнелткенбұлтекешіккөкжасықекен,дегенменүйиесі- ніңкөңілінеризаболғанқонақтарсойғаныңарықдегенжоқ(С. Мұқанов). Ауызекі сөзде бұл жалғаулықтың мынандай варианттары бар: десе де, дейтұрғанмен. Варианттар баспадан шыққан еңбектерде көрініп қалады.
Жұмысы жолға қойылған зейнетақы қорын сатып алғысы келгендер аз болған жоқ, десе де сатушы казкомерцбанкіге тоқтады («Жалын»). С. Сейфуллин жəне оның қаламдас жолдастарының атылғаны туралы құжаттар белгілі, дей тұрғанмен үкімет 1937-1938 жылдары тұтқын- далғандартуралыақиқатты1956жылғадейінжасырыпкелгенінайтуға тиіспіз (С. Ілиясұлы).
Аталған топқа кірген жалғаулықтардың лебізге талғанып қатысуы көп- теген факторларға байланысты.
Бірінші топқа кіретін жалғаулықтар (бірақ,алайда,ал) мен екінші топқа кіретін жалғаулықтардың қарсылықтық салалас сөйлем құруға қатысуында елеулі ерекшелік бар екені көрінеді. Бұл ерекшеліктің алғашқы көрінісін мына еңбектерден байқауға болады.
Шабандық басына совхоздың парторгі келіп, есепші Төленмен əң- гімелеседі. Парторг жұмысқа көңілі толмайды.
... келе сала тергеуге алғанымды айып етпе. Əйтеуір осы жұмыстың сенде,мендебірпұшпағынұстапжүрмізғойсолайемеспе!Е,солай.Ал өзіңнегемұндақадалыпотырсың?Анауоқушықыздарданкемсіңбе?
Менептепараласыпжүрмінғой,бірақ...
Небірақ!Мұрныңнаншаншылыпжатқанжұмыскөрінбейдіғой.Əл- де бригадирің жібермей ме? (А. Нұрманов).
БекболатСемейдеауруханадажатыпЖылтырдегенненМамарбай- дыңқызыАқбілекжайынсұрайды,соданхабарбіліпберуінөтінеді.Жыл- тыр: Ақбілек сіздің қалыңдық екен ғой, жалко, жалко дей отырып, біліп берейін. «Бірақ енді оның не керегі бар» – дейді.
Бекболатжабырқаутартып
Əйтседе,–деді(Аймауытов Ж. 207 б.).
11 Жалғаулықтың шығу тарихын мына еңбектен қараңыз. Əміров Р. Қазақ тіліндегі жалғаулықтар.
– А., 1959. – 24-б.
Осы екі мəтінде бірақ, əйтсе де жалғас ой қосу үшін жұмсалған – жалғасы айтылмай тұр, ол оқушыға белгілі. Жалғаулықтарды бірінің орны- на бірін ауыстырып жұмсауға келмейді. Лебіздердің мазмұны оған мұрша бермейді.
Бірінші топ жəне екінші топ қарсылықтық жалғаулықтардың арнаулы функциясы бар.