Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдер



бет50/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдер


Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдер бір басыңқы, бірнеше


(екі жəне одан көп) бағыңқы компоненттерден құрылады.
Терезенің түбінен қатты жүрген аттылар өтіп, ауыл иті шабалаңдай үріп қоя бергенде, үйдегі шешелер ояу еді (Х. Есенжанов).
Бұл құрылымда да (екі компонентті сабақтас құрмалас тəрізді) ұйым- дастырушы компонент – басыңқы: үйдегі шешелер ояу еді. Ол соңғы по- зицияда тұрады. Құрмалас сөйлем құрамында басыңқы сөйлемнің инфор- мативтік салмағы да, грамматикалық-ұйымдастырушылық салмағы да ба- сым. Бағыңқы компоненттер осы басыңқыға форма жағынан тəуелді бо- лып, түрлі таксистік қатынасқа түседі.
Түнде Омбыдан бері қарай поезд жүргеннен кейін, біраздан соң, жол- дастардың бəрі тұнжырай, үндемей отырғанда, Хафиза теріс қарап бү- рісіп жатқан Баймағамбеттің бəкісін сұрады (С. Сейфулин).
Бағыңқылардың басыңқы компонентпен байланысуы екі түрде болады:

    1. жарыспалы байланысу;

    2. сатылап байланысу.

Бағыңқы компоненттер əрқайсысы өз тұсынан мағына жағынан да, формасы жағынан да тікелей басыңқымен байланысқа түсіп жатса, бұндай байланыс жарыспалы болып аталады.


Атқан оғы жоғалмай, Балдағы алтын құрыш болат, Балдағынан қанға боялмай, Қасарысқан жауына
Қанды көбік жұтқызбай, Халыққа тентек атанбай, Ерлердің ісі бітер ме?!
(Махамбет)


Ашу кернеген оның бет-аузы қыбырлап, денесі қалшылдап кеткендік- тен, отырғандар одан əрі сөз таластырмады (С. Мұқанов).
Бір басыңқыға қатысты жарыспалы компоненттер формасы, басыңқыға мағыналық қатынасы жағынан бірыңғайлас (бір тұлғалас) немесе əр тұл- ғалы болып келе алады.
Бірыңғайлас, əр тұлғалы жарыспалы бағыңқы компонент қатысқан көп компонентті сабақтас сөйлемдердің құрылысын мына мысалдар көрсетеді.


Жасыл шөбің қурамай, Жарқырап жатқан өзенің Жайдақ тартып суалмай,


Жайдары жүзің жабылмай, Жайдақ қашып сабылмай, Жан біткенге жалынбай, Жақсы өліпсің, япырымай
(Абай)
Енді совет өкіметі орнағаннан кейін, «жер крестьяндікі» деген дек- рет шыққаннан кейін, Жақыпбек сияқты үкімет адамның біреуі ауыл ке- дейлеріне «жер сенікі» десе, кедейлер өз меншігіне тиген жерді алмай оты- ра алар ма? (С. Мұқанов). Осы кезде жарылған бірер бомбаның дүрсілі естіліп, оған ілесе жапа-тармағай зениткалардың атысы үдеп, аспан асты ың-жың боп кетті. Шамдардың жарығы əдеттегідей болса да, жарық шұғыла үйлерді, бақтарды, шарбақтарды күндегісіндей шұғыла- ландырып тұрса да, Сергейге дəл осы сағатта ұйықтап жатқан стан- цияның үстіндегі сəуле күңгірт тарқан сияқты болып көрінді.
Бір тұлғалас жарыспалы бағыңқылар баяндауыштарының формасы арқылы тіке басыңқымен байланысады. Олардың өзара байланысы, қатысы
– бірыңғайлас екені интонациялық амал арқылы білдіріледі: олардың жігінде даралаушы пауза қатысады. Форма жағынан бірыңғай бағыңқылар басыңқымен мағына жағынан бірыңғай болып қатысады.
Сөйлеуші бірыңғайлас жарыспалы бағыңқы білдіретін хабарды, оқиғаны даралап атап білдіруді қажет ететін жағдайда олар жəне жалғаулығы арқылы өзара байланысады.
Мамайдың жесірін азғырып, Құнанбай баласына əпермек боп, ел ішіне алалық салды деген сөз шығатын болса жəне Абай алмай, іс шықпай, құр жаман лақап қалатын болса, ол Жиреншенің өзіне де мін болар еді (М. Əуезов). Биыл балалар мектепті аз бітіретін болғандықтан жəне жақын жерде мектеп болмағандықтан, балаларды сынақтан өткізуге инспектор Хохловтың өзі келді (С. Көбеев). Шыңғыстан бір-бір қыстау алса, қарауыл, Балпаң тисе жəне, əсіресе, жайлаудағы екі өзен жеке мен- шіктеріне тисе, тіпті өкініші жоқ (М. Əуезов). Үлкен кісілер кеп, əке қа- сын қоршағаннан бері жəне Кəмшат өліп, үй ішін, аналар көңілін уайым басқалы бері, Абай əке қаракетінен, ендігі мақсатынан шетірек қалған еді (М. Əуезов).
Жарыспалы бағыңқылар өзара талғаулықтық жалғаулықтар арқылы да байланысады.
Іші пысса немесе көңлі өрбісе, осылайша жалғыз кетіп қалушы еді
(М. Əуезов).
Жарыспалы бағыныңқылардың баяндауыштары түрлі формада келіп, немесе бір тектес формада келіп əр бағыңқы басыңқымен өзінше мағына- лық қатынасқа түседі.


Ақыл сенбей, сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз
(Абай)


Ертеңінде тұрсақ, жел басылып, бұлт ашылып, маужыраған əдемі күн басталыпты (С. Мұқанов). Қыздың қасында оңаша қалсам-ақ, аузым- нан сөзім түсіп, берекем қашады (Қ. Жұмаділов). Екі-үш күн жатсаң да, жаның жəй тауып, əй бір дем алып қаласың-ау (С. Мұратбеков).
Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы ба- ғыңқылар басыңқымен сатылы байланысып қатысады. Сатылы байланыс- тың мəні мынандай: бағыңқылардың ілгергісі соңғы тұрған компонент- пен байланысады, ол компонент өзінен кейінгі бағыныңқымен байланы- сады. Басыңқымен оның (басыңқының) алдында тұрған бағыңқы байла- нысады.
Тек бір тар жерге үшеуі бірдей қабаттасып, қақтығысып қалған- дықтан, алдыңғы екі ешкі секіріп кеткенде, қос мүйізді шаңырақтай қар- таң құлжа енді секіргелі қамданған еді (М. Əуезов). Арқадан аяз қысса, аяқты шоқай тайғақтатып, жұмыскерлер жыбыр-жыбыр тез қозғалып кетті (Ғ. Мүсірепов). Терезенің түбінен қатты жүрген аттылар өтіп, ауыл иті шабалаңдап үріп қоя бергенде, үйдегі шешелер ояу еді (М. Əуезов). Аталған жолмен биыл жүріп көрсек, шоқтала біткен ағаштардың ара- лығында бұрын боп-боз боп далиып жататын далалардың көпшілігінің тыңы көтеріліп, жолдың екі жиегі қара бұйра жамылыңқы кигендей немесе қараңғы түнде толқыған теңіздей бұп-бұйра боп жатыр екен (С. Мұқанов).
Бірінші мысалда басыңқы – қос мүйізді шақырақтай қартаң құлжа енді секіргелі қамданған еді, онымен ілгергі тұрған компонент мезгілдік қатынасқа түсіп тұр. Бұл бағыңқымен одан ілгері тұрған компонент (тек бір жерге үшеуі бірдей қабаттасып, қақтығысып қалғандықтан) себептік қатынасқа түсіп, байланысқан.
Осылай ұйымдасқан конструкция құрылымы жағынан да, семантикалық жақтан да бір бүтін тұлға болып танылады.
Жарыспалы байланыс сатылы байланыс араласып, қатар кіретін кон- струкциялар да болады.
Қар кетіп, көк алғаш тебіндеп шығып, жер дегди бастағанда, Құнан- бай Қарқаралыдан шығып, Тобықтыға қайтты (М. Əуезов). Жаз шығып, жан-жануар қыбырлап, қалың ел қайта жайлауға көшкенде, Ақан сақау баласымен Сарыкөлдің жағасындағы ағаш үйде жалғыз қалады (Т. Əлімқұлов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет