Байланысты: Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі
Келер шақ есімшелердің қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
Сабақтас құрмалас сөйлем құруға -ар, -ер, -тын, -тін тұлғалы есімшелер қатысады.
-ар,-ертұлғалы есімше жатыс септік жалғауын жалғап, бағыңқының баяндауышы болып, оны басыңқымен байланыстырады -арда, -ерде (ба- рарда, келерде). Бағыңқы келешекте болатын оқиғаны, іс-əрекетті атап, оны басыңқы хабарлаған оқиғаның, іс-əрекеттің болар, жүзеге асар мезгілі ретінде қатыстырады.
Дəл көктем шығарда, жауғаны жақсы (С. Мұратбеков). Пар ат жек- кен тарантасқа Айбарша мінерде, ауыл адамдары жапырласа қолдасып амандасты(С. Мұқанов). Менсүйем,күншығарда,көгілдіркөкжібектей көтерілген көкшіл буды (М. Жұмабаев).
-ар кезде (келер кезде) тұлғалы баяндауыш қатысып құрылған құр- малас сөйлем де осы мағыналық қатынасты білдіреді.
Шай ішіліп болар кезде, бала да оралып қалар (С. Сматаев). Құдалар үйден шығып, аттанар кезде, анадай жерде тұрған Анарбай шақырып алды (Х. Есенжанов).
-тын,-тінтұлғалы есімше жатыс септік жалғауын жалғап (келетінде),
бағыңқының баяндауышы боп, оны басыңқымен байланыстырады.
39 Бұл конструкциялар туралы өзгеше пікірді мына еңбектен қараңыз: Қазақ тілінің грамматика- сы, ІІ том. – А., 1967. –156-б.
Қарағым,қыстаəлгіБатырбайбарып,Тоқтамолдағасеніңүстіңнен шағым жасайтында, сол күні өзің біздің үйге келіп, қаншама ақылды сөз айттың (Б. Соқпақбаев). Отызыншы жылы бір жүз үйлер колхоз құрып, қысішіндекиізүйденқаласалдыратынымда,осысықылдыбірəйелшапыл- дады(Б. Майлин). Қысішіндеүйтұрғызатынымда,сенкелдің(Б. Майлин). Бұл конструкциядағы -тында тұлғалы баяндауыш іс-əрекетті өткенде болған етіп көрсетеді. Сондықтан сабақтас құрмалас сөйлем –ғанда тұлғасы арқылы құрылған сөйлемнің мезгілдік қатынас мағынасына
коммуникативтік синоним болып жұмсалады.