Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің қызметі



бет52/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63

Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің қызметі





  1. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер ауқымды күрделенген пікірді: а) өзара байланысты оқиғаларды, ə) түрлі қарым-қатынаста көрінетін процестерді, құбылыстарды білдіретін пікірді хабарлайды: Қарын аша- ды, бірақ қосқа баруға қорқам, оны маңайлап қасқырлар жүрген сияқты (С. Мұқанов). Мал аяғы ауыр кібіртіктеп жүре алмаған соң, əкелі-балалы



екеуі мал соңына түсті де, басқалар жеделдей жүріп, озып кетті (Ə. Тарази). Ыстық түсе, ісің мандымайды, шақырайған күн қақ шекеден ұрады да тұрады, кенезең кеуіп, қан қойылады, шыбын-шіркей, сона, маса көбейеді (М. Қабанбаев).

  1. Сөйлеуші ұсынысын, талабын салмақты етіп көрсету үшін дəлел болатын оқиғаларды келтіріп, қосып, осыдан көп компонентті құрмалас сөйлемдер туады.

«Тағы көн» десе, көнбе, уақыт тығыз, əрі ауыл күтіп отыр (С. Мұқанов). Əр ауылнай ортасына жиын барса, ұлық жүрсе, үй тігілсе, қонағасы, лау келсе, осы ауқаттылар үнемі көп тауқыметін тартады-мыс, кедей- кепшікке кім барады, қоңсық, қоңсығына кім тоқтайды? Оларға түсетін лау да жоқ, сойыс та жоқ, абыройына, от басына ортақ та жоқ, бірақ олардың аты да ел емес пе? (М. Əуезов).

  1. Көп компонентті құрмалас сөйлем мағыналық шоғыр жасау үшін құрылады.

Ой – омарта, сезім – сəуле, көңлім – кəусəр, атым – Ахмет, Түркістан

  • туған елім (Яссауи).

  1. Көп компонентті құрмалас сөйлемнің құрылысы экспрессия тудыру үшін пайдаланылады.

Тіпті қара жолға дейін қуалап, көктеп, дүркірей көк шықты. Дала көңілді дидарының осы қалпына аса ықыласты сияқты. Мал тойынған. Маң-маң күйсеп, күнге белін қыздырып сиыр мəз, сиырдың арқасын шоқып сауысқан мəз, көктем көркіне табынған ел мəз, жер аяғы кеңіп, ойынға өріс тапқан бала-шаға мəз. Мəз болмағандар жоқ (О. Бөкеев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет