Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің көлемі жөнінде



бет53/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63
Байланысты:
Қазіргі қазақ тліі, құрмалас сөйлемдер жүйесі

Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің көлемі жөнінде


Сөйлемнің көлемі лебізді құруға да, лебізді қабылдап, түсінікке алуда да ықпалы бар. Жай сөйлемде оның көлемін сөздің саны қалыптастырады. Көп компонентті құрмалас сөйлемнің көлемін оны құрайтын жай сөйлем типтес компоненттердің саны, қатысатын сөздердің саны қалыптастырады.


Жай сөйлемнің құрамында сөздер тиісті өлшемнен көп болса, ол сөйлемді айту да, түсіну де қиындайды.
Б. Шоу өзі де, басқаларға да пьесадағы кейіпкерлер айтатын репликада сөздің саны оннан аспауы керек деп талап етіп отырған42. Б. Шоу ауызекі сөзден көрінетін өлшемді айтып отыр. Негізгі өлшем ауызекі сөзге сүйеніп, соның деректеріне сай шығарылуға тиіс. Біздің қолымыздағы деректер жазбаша көркем əдебиеттен алынды.



42 Хескет Пирсон. Бернард Шоу. – М., 1972. – 309-б.

Прозадан терілген көп компонентті құрмалас сөйлемнің 80 пайызы үш- төрт компоненттен құралған. Бұл өлшем əсіресе əр тарапты байланысымен құрылған синтаксистік тұлғаларда қатаң сақталады.


Көпкомпоненттіқұрмалассөйлемдердіңқұрылымдықкомпоненттерінің саны үш факторға бағынышты:
Адамның психикалық қабілетіне бағынышты. Сөйлемнің коммуникативтік мақсатына бағынышты Сөйлемнің грамматикалық құрылысына бағынышты.
Сөйлемнің компоненттерінің саны оның грамматикалық құрылысы мен компоненттердің өзара байланысу сипатына бағынышты екендігін, сөйлемнің коммуникативтік мақсатына, мағыналық шоғыр жасау талабы- на, лебізді экспрессиялы ету талабына бағынышты екені ілгеріде аталды, мысалдармен дəлелденді.
Қазақ сөйлемінің көлеміндегі көрінген мөлшерлер барлық тілдерге ортақ сияқты. Əр түрлі тілдерге байланыста жүргізілген зерттеулердің нəтижесі осыны байқатады43.
Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің көлеміне шек қоятын фак- тор – адамның физиологиялық, психикалық қабілеті. Психологтардың зерттеуіне қарағанда адамның күнделікті тіршілікте көрінетін есте сақтау қабілеті 7±2 символға шақталған (символ дегеніміз – сөз, зат, т.б.)44.
Психологтардың тағы бір айтатыны – қабылдауға, айтуға түсетін сим- волдар синтаксистік конструкцияның грамматикалық сипатына сай тұлға болып ілінеді45.
Дегенмен байқалатын жай – қазақ көркем əдебиетінен көрінген фак- тілерге қарағанда көп компонентті конструкциялар көбіне үш компонент- тен құралып, жұмсалады, алты-тоғыз компоненттілер өте сирек. Мұны ілгеріде келтірілген мысалдар дəлелдейді.
Ауызекі сөзде төрт компонентті конструкцияның өзі сирек жұмсалады. Көркем əдебиетте сөйлемдерге бөлінбей, ұзақ серпінде құрылған құрылымдар – сарындар болады. Мысал ретінде О. Бөкеевтің «Өліара» де- ген шығармасында қойшы əйелінің мұңы осылай келтірілген. «Əйел бота- дай боздады, ұдайы үш күн боздады, амал не, Қойшыдан хабар-ошар бол- мады, ізім-қайым жоғалды... Үш-ақ күнде өзгеріп салған Əйел қатындық



43 Лескис Г.А. О размерах предложения в русский научной и художественной прозе 60-х годов ХІХ в. // Вопросы языкознания, 1962. – №2; Адмони В.Г. Размер предложений и словосочетаний как явление синтаксического строя // Вопросы языкознания, 1966. – №4; Акимова Р.Н. О некоторых осо- бенностях поэтического синтаксиса // Вопросы языкознания, 1977. – №1; Калашникова Г.Ф. Много- компонентное сложное предложения в современном русском языке. – Харьков, 1974; Структура и объем предложения в индоевропейских языках. – М., 1961.
44 Миллер Дж. Магическое число семь плюс, минус два. О некоторых пределах нашей способ- ности перерабатывовать информацию // Инженерная психология. – М., 1964.
45 Моль А. Теория информации и эстетическое восприятие. – М., 1966.


қарызын орындап, дауыс қылып болған соң, өз-өзіне келіп есін жиды. Есін жиған соң: «бірақ, – деді белін бекем буып, – бірақ сенің тентіреп кетуіңе мен ғана кінəлімін бе? Мені қағанағы қарық деп кім айта алады... менің де арман-мақсұтым, таңдаған өмір жолым болған, менің де жарық дүние туралы өз көзқарасым, түйсік-түсінігім болған, рас, ерте үйлендік, мектеп бітіре салып, бірден жұмысқа кіріп, бірден тар төсекте табыстық; көзімізді ашып көргеніміз – оқу, қой; адамға, жас адамға керегі осы ғана ма... біз көп нəрсені, көп қымбаттарымызды күлкітоқтықпен ерте жоғалттық; сені мектепте оқып жүрген кезіңде елеп-ескермей, бұла боп өскен ерке басым, ерігіп жасаған қылығымнан жапа шектім; кешір, жаным, мен сені сүймейтін едім; ал сен болсаң балаларыңның шешесі ретінде қатты сыйлайтынсың; қайтейін, оқушы кезімде қой бағамын, қойшыға тұрмысқа шығамын деген үш ұйықтасам, түсіме кіріп пе; жо-жоқ, «Мен кім болам?» деген шығармаға дəрігер боламын деп жазғанмын; өзің де білуші едің ғой, орта мектепті мен төрт пен беске бітірдім, айтып-айтпай не керек, егер мен мединститутқа барсам, тапсырып кетуіме құдайдай сенетінмін; бізді əлі жас деген жоқ, бірден ауыр жұмысқа салды; отызымыздың бірдей суретіміз аудандық газетке қос бет болып жарқ ете түскенде, мақтаныштан есіміз шығып кетсе керек, тəттіге алданған баладай далақтай беріппіз ғой, бақсақ, əркім өз арманының, өз жүрек қалауының құлы екен; есеймей семген мақсұт күндердің күніне мерт етері хақ; білем, сенің сурет салуға талабың ғана емес, талантың да бар еді, сол талантыңның ерте тапталып қалғанына тіпті де мен кінəлі емеспін; Алматыға аттансаң... құрдасыңнан қай жерің кем, оқып та шығар едің, бір əулеттен бір оқымысты шықса, сөкет пе; құрдасың демекші, арамыздағы ең жылпосымыз еді, жұмысқа қалмай, оқуға қашып, ақыл тапқан сол болды, ақыры көрмейсің бе, бəрімізден на- шар оқыса да, зоотехник болып оралды; есебін саған шығартып алушы еді ғой, əнеки саған келіп бастық болды, айтыңдаршы зердесіздің сақасы алшысынан түсе бере ме солай, жоқ, омақасар күні туа ма: мен оны əсте де ұнатып көргенім жоқ, өзі құлағалы тұрған таудың үстіне қой жайды да, тағы да менің осалдығымды, сенің жуастығыңды пайдаланып кетті, əрі осындай адамдардың уайым-қайғы, ой-мақсатсыз ғұмыр кешетініне таңым бар; біз не көрдік – сен баланы таптырасың да, тау-тас кезіп қой өргізіп кетесің, ал мен шиттей балалармен алысып, ертеден қара кешке дейін екі көзім төрт болып, омалып отырамын; сенің келуіңді ғана күтсем де, білдірмеуге тырысып тосыраңдап өкпелер едім; ішіңнен жақсы көріп, бетіме қарамасаң да, еркектің қытықшыл қылығын көксеп, таң атқанша аунақшитынмын, ал сен қой күзетуге кетесің, одан таң қылаң бере оралып, қор-қор ұйықтайсың; білем, сен талығып қатты шаршар едің, ал мен үйде ерігіп отырмын ғой, мүмкін содан шығар, жайымыз жарасқан емес, ылғи

күрең қабақ жүретінбіз, бес емес он бала болса да қиюы қашқан семьяға дəнекер бола алмайтынына көзім жетті; қойға шыққалы не кино, ойын көріп сергіп-серпілген, қабағымды ашып еңсемді көтерген күнім бар ма, қайта өзің менен ұрланып кино көріп келер едің, онда да айында, жылын- да; сені жалықтырып іш пысты етпейтіні – көп оқитынсың, ал мен о бастан кітап-журнал оқуға өгей едім ғой; мен өз-өзімнен қысылып жылар едім: екі қолым алдыма сыймай, балаларды шықпыртатынмын, оның үстіне бірде бар, бірде жоқ дүние; жұртқа қарайсың, бəрі жақсы, жарасты өмір сүріп жатқан секілді, ең қоры біз секілді, сосын бəрін саған теліп, ынжық деп қайбаттап та жүрдім; өзгенің күйеуіне қызыға да қызғана қарап та жүрдім; сіркем су көтермейтін көк пері болдым; бəрібір Қойшы менен кете ал- майды, сенде ондай отты намыс жоқ деген əзəзіл сенім жеңді де, арсыз досыңның – төре досыңның қыңқылдап, қырындап болмаған соң, қолқасын орындадым; қанша дегенмен сен осалдық жасадың, бізден безгенде қайда барасың, кімді пана тұтасың; апыр-ау, момын кісінің ашуы, момын кісінің намысы қандай қатты, білсемші, жоқ сенің үйден кетуіңе мен ғана кінəлі емеспін, қош, он жыл отасқан күйеуім (ие, сен күйеуім ғана едің). Қайда жүрсең де, есен бол.


Бұл – Əйелдің өз кінəсін жуып шайғаны еді».
Сарын – əдеби амал. Жəне ол түрлі халықтар əдебиетінде бар. Қазтуғанның «Мадақ» жырына кірген мына толғау да осы стильдік са-
рында құрылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет