Телінбе компонентті іргелес салалас құрмалас сөйлемдерді мына грам- матикалық белгілерін ескеріп, жеке грамматикалық-семантикалық тип ре- тінде даралаймыз.
Бұл конструкцияның құрамына бір екі негізді толымды компо- нент қатысады да, екінші компонент толымсыз құрылым түрінде қатысады.
Немене бұ, қуыршақ ойнайтын, қыз ба едің сен, шешеңнің қасынан шықпайтын! (М. Əуезов).
Толымсыз құрылым, екі негізді сөйлемге телініп, соған грамматика- лық, семантикалық жағынан байланысып тұрады.
Толымсыз құрылымның телінуі құрмалас сөйлемнің интонациясынан көрініп тұрады. Телінбе компонент қысқа паузамен бөлініп айтылады.
Телінбе компонент көбіне тұрлаусыз сөйлем мүшесі қалпында кө- рінеді.
23ҚордабаевТ.Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. – Алматы, 1995. – 121-б.
Бұлқайсың-ей,жетітүнде(Ə. Тарази). Менболсамотырысыммынау, өрттенқалғанағаштай(Ə. Тарази). Меніқойшы,жаманағаңды(М. Тиесов).
Телінбе компонент сөйлем құралып айтылып кеткен соң, сөзге қосымша тəрізді телініп қатысады.
Ағайын туған деп қайтесің, бұларға алаңдап (С. Мұратбеков). Қасенмен қосылдым. Қасенге өмірлік жолдас болдым. Бір ұлымыз бар, Қасеннің ау- зынан түскендей (Б. Майлин). Ойын көріп, сергіп, серпілген күнім болды ма, қайта өзің менен ұрланып кино көрер едің, онда да айында, жылында (О. Бөкеев). Ермекбайыңкім,жаным?–Бухгалтердіңбаласыше,əскерден келген! (Қ. Жұмаділов).
Телінбе компонент негізгі сөйлемнің бір мүшесінің қайталануы ре- тінде де қалыптасады. Ол мүше өзін анықтайтын, пысықтайтын сөздер қатыстырып қайталанады.
Май топыраққа топылдап тиген тұяқтан осындай алдамшы дыбыс шығады,аттұяғынакиізорапшапқандайтұйықдыбыс.Күлəшөзіəннен жаралғанбіржанеді,əнненғана,тазаөнерденғана(Ғ. Мүсірепов). Тау басын аппақ шық басыпты, кіршіксіз, шыңылтыр, таза таңғы шық (С. Мұратбеков).
Телінбе компонент негізгі сөйлемдегі бір мүшені айқындап атап, соның баламасы ретіндегі сөзден құралады.
Олкітап,кинодағой,отқада,суғадатүсетіні(А. Нұрманов).
Екеуміздегі сауын сиырлардың саны бірдей, жүз елуден (С. Мұратбеков). Сонышақырамын,Тоқжігітті(Ə. Тарази). Жүрейікбылайтаман,ағаңа! (Ə. Тарази).
Телінбе компонентті іргелес салалас сөйлемдер спонтанды, стихиялы түрде құралған (құрамы түгелденіп, жүйелі тұлға ретінде қалыптастырып айтылмаған) сөздің көрінісі ретінде қалыптасқан1. Бірақ бүгінгі тілімізде ол сөзге түрлі стильдік (коммуникативтік) өң беретін конструкцияға ай- налды. Көркем сөз шеберлері бұл конструкцияның потенциялын жақсы пайдаланып жүр.