Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Д


Айқындауыштық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер



бет28/63
Дата16.09.2022
өлшемі229,89 Kb.
#39259
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63

Айқындауыштық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлемдер


Айқындауыштық қатынасты білдіретін құрмалас сөйлемдердің бір компоненті айқындалатын компонент болады да, екінші компонент ай- қындаушы болады. Айқындалуыштық компонент оқиғаны жалпылай ха- барлайды, екінші компонент оны айқындайды, саралайды.


Осындай қатынас негізінде құрылған конструкция айқындауыштық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлем деп аталады22.
Ақбұлақ та шанағын шалқыта долданар еді. Долысы қатты: жаға- сында жан сақтап тұрған тал-қайыңдарды жұлқа тартып, шымымен қопарып алып, ақ бас толқындарына сап секіртеді (О. Бөкеев).
Сонымен шала бүлініп əзірленген тойдың қамы жайына қалды: ошақ- тағы оттар сөнді, қазан суыды, қамыр жаюсыз қалды (Д. Досжанов). Ауылдан көріп тұрғандар таласа бастады: біреуі қажының үйінің күйеуі деді, біреулері түбектегі құдасы деді, ал тағы біреулері бөтен адамдар деді (Ғ. Мүсірепов). Соңғы сұрақ: өкінішің бар ма? (О. Бодықов).
Айқындауыштық қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемге тəн бірнеше грамматикалық белгісі бар.

  1. Құрмалас сөйлемді бір тұлға ретінде тұтастыратын интонациялық қалып бар. Сонымен қатар айқындалатын компонентпен айқындаушы компоненттің жігінде екеуінің қатысына сай пауза бар.

  2. Айқындалушы компонент айқындаушы компоненттердің баянда- уыштары шақтық формасы жағынан бірыңғай келеді.

  3. Айқындалушы компоненттің баяндауышы сонша, сондай деген аффектілі (əсерлі) сөздер болып, оларды кейіп тұрған компоненттер айқындайды.

Оның бұтақтарының жиілігі сондай: бір ай нөсер жауса да, түбіне тамшы тамбайды (О. Бөкеев).
Биқанның Абай сырын жасырғыштығы сонша: Мағашқа бүгін таң- ертең Абай не деді? деп сұрасам е, мен қайдан білейін өзінен сұра» деп, соны да айтпады (М. Əуезов).



22 Бұл типтес конструкциялар түсіндірмелі салалас деп те аталып жүр. Біз айқындауыштық са- лалас, айқындауыштық қатынас деген термин конструкцияның табиғатын дəл танытады деп есептедік.

Айқындауыштық қатынасты білдіретін салалас сөйлемнің бірінші (айқындалушы) компонент айқындауды қажет ететінінде сөз болады, ай- қындаушы компонент сол сөзге қатысты болып, компонент атаған хабарды айқындайды.


Бірінші компонент оқиғаны, құбылысты жалпы сипатта, жалпылай та- нылған белгілері негізінде хабарлайды, екінші компонент сол жалпы си- патты саралай, нақты белгі, көріністерді атап хабарлайды.
Құрмалас сөйлем білдіретін бұл қатынас адамға тəн фундаментальдық таным процесіне сай қалыптасқан. Адам құбылыстарды, заттарды алды- мен жалпы белгісін байқап таниды да, ал ол жалпы танымды конкреттейді.
Осы процесс коммуникативтік əрекет ретінде де қайталанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет